Айрат…… Ален
АЙРАТ — араб тілінен алынған — құрметті, қадірлі.
АЙСА – көне еврей араб есімі. Ғайса — Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінде Ғайса, Қиса, Иса түрінде кездеседі.
АЙСАУЫТ — ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.
АЙСҮГІР – қазақ есімі. Ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.
АЙТАҚЫН — араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы, иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Айтбай, Айтжан, Айтбек.
АЙТАН — қазақ сөздерінен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.
АЙТАС — ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙТЕМІР — ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
АЙТҚАЛИ – араб есімі эйдъ — айт мейрамы, ғали — жоғары, биік деген мағынаны білдіретін сөздерінен жасалған есім. Бала келешекте ең құрметті, жоғары мәртебелі болсын деген ұғымда қойылып отырған.
АЙТУАР — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.
АЙТУҒАН – қазақ есімі. Ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.
АЙТУДЫ — (қараңыз: Сарман).
АЙШУАҚ – қазақ есімі. Ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙШЫҚ – қазақ есімі. Туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.
АҚАЙ — қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата — ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырымдап қойған есім.
АҚАН — иран тілінен алынған аһен — темір.
АҚАТ — араб тілінен алынған әхәд — бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.
АҚБАЙ — қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ақ ниетті болсын деген ниетпен қойылған.
АҚБЕРДІ – қазақ сөзінен ақ немесе араб сөзінен хәққ — сый, тарту + қазақ сөзі, берді; яғни ағынан берді. Еркелетіп айтылатын түрі — Ақтай.
АҚБОЛАТ – қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат — құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
АҚЕДІЛ — өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.
АҚЖАН — қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.
АҚЖАРҚЫН — ашық жарқын жүзді, шат — шадыман.
АҚЖОЛ — өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.
АҚЖІГІТ – қазақтың ақ және жігіт сөздері арқылы жасалған есім. Мықты, қайратты азамат деген мағынаны білдіреді.
АҚҚОЗЫ — қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.
АҚНАЗАР — есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінің тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.
АҚПАНБЕТ — ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.
АҚСҰЛТАН — есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.
АҚТАҢ — ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.
АҚТІЛЕК — бала бақытты болсын, ата — ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.
АҚҚОЖА — қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тілінен Ходжа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.
АҚШОРА – қазақ сөзінен ақ және көне түркі тілінен алынған шора — мырза, бек, шонжар. Ақсүйек деген мағынаны береді.
АҚЫЛБАЙ — араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.
АҚЫЛБЕК — ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.
АҚЫН — иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.
АҚЫНЖАН — бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.
АҚЫРАП — араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.
АЛАЙ — көне түркі тілінен — отряд, бөлім, рота, батальон, полк.
АЛАУ — шымқай қызыл түс.
АЛБАТ — араб тілінен алынған албат — түс, түрлі — түсті әң, түр.
АЛҒА — баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.
АЛҒЫР — өжет, ержүрек.
АЛДАН – қазақ есімі. Бала ата — анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қысқартып айтылған түрі.
АЛДАР — көне түркі тілінен алынған — қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.
АЛДИЯР – араб тілінен – құданың досы немесе жұбайы. Ертеректе қазақ халқында лауазымы жоғары адамдарға (ханға т. б.) келген жұмысын баяндау үшін өзіне қарата айтылытын сөз — «алдияр».
АЛЕН — араб тілінен — айқын, ашық, жария.
есімдер мағынасы, қазақша есімер
© Дереккөзі