Әбунасыр…… Әшір
ӘБУНАСЫР — араб тілінен алынған абу — әке + наср — жәрдем беруші, көмекші; жеңімпаз.
ӘБУСАДЫҚ — араб тілінен алынған абу — әке + сәдик — адал, таза, шыншыл, адалдық, тазалық.
ӘБУТӘЛІП — араб тілінен алынған абу — әке + талиб — білім іздеуші; сұраушы; студент.
ӘБІЛ — арабтың әбу — әке деген мағынаны білдіретін сөзінің сөйлеу тілдегі айтылу формасы. Бұл сөз біріккен тұлғалы кісі аттарының сыңары ретінде жиі кездеседі. Мысалы: Әбілғазы, Әбілманап, Әбілтай, т. б.
ӘБІЛҒАЗИЗ — араб тілінен алынған ғазиз — күшті; сирек, бағалы; суйкімді, сыпайы, қадірлі.
ӘБІЛҒАЗЫ — араб тілінен алынған ғази — жауынгер, әскер.
ӘБІЛҚАЙЫМ — араб тілінен алынған кәю — мәңгілік өмір сұруші.
ӘБІЛҚАЙЫР — араб тілінен алынған хаир — мәңгі жақсылық, рақымдылық, жақсылық пен ізгіліктің әкесі, атасы.
ӘБІЛПЕЙІЗ — араб тілінен алынған фәйз — асыптасу, молшылық; жомарттық байлық; жеңуші, жеңімпаз. Жомарттықтың атасы деген мағына береді.
ӘБІЛҚАН – қазақ тілінде хан — әмірші. Әміршінің әкесі деген мағына береді.
ӘДИ — араб тілінен алынған ады — басшы, жетекші, қолбасшы, басқарушы.
ӘДІЛ — араб тілінен алынған ғадил — әділдік, шыншылдық, ақиқаттық, дұрыстық. Біріккен тұлғалы есімдер — Әділбай, Әділбек, Әділғазы, Әділхан, Әділжан, Жанәділ, Бекаділ, Нұрәділ, Жүмәділ, т. б.
ӘБІЛҚАСЫМ — араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі.
ӘЖІБАЙ — көне түркі тілінен келген әжі — аға + бай. Бұл әжі сөзі біріккен тұлғалы кісі есімдерінің құрамында қолданылып, кейде қажы, әжі түрінде жиі кездеседі. Ондай біріккен тұлғалы есімдер — Әжібек, Әжіғали, Әжігерей, Әжімұкамбет. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Әжікен, Әжтай, Әжік.
ӘЗЕЛ — араб тілінен алынған азил — мәңгілік, өмірлік.
ӘЗЕРБАЙ — иран тілінен алынған азер — от + қазақ сөзі бай, яғни батыл, ер жүрек адам.
ӘЗІЗ — араб тілінен алынған азизъ — қадірлі, қымбатты, құрметті, сүйкімді, аяулы, бағалы. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзізбай, Әзізбек, Әзізқан, Әзізғали, Әзізғожа, Әзізәли, Әзізжан, Әзізсейіт. Еркелете қысқартып айту тұлғалары Әзізтай, Әзтай, Әзкен, Әзкеш. Түрлері — Ғазиз, Ғазис.
ӘЗІЛХАН — көне түркі тілінен келген азілу — мұрагерлік, рулық, тайпалық + хан.
ӘЗІМ — араб тілінен алынған азимь — ұлы, үлкен атақты; күш, қуат, құдірет. Біріккен тұлғалы есімдер — Әзімбай, Әзімхан, Әзімжан.
ӘКПАР — араб тілінен алынған акбар — ұлы, өте үлкен, зор, құрметті.
ӘКРАМ — араб тілінен алынған әкремь — құрметті, сыйлы, мархабатты, мейірімді, нағыз мырза. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкрамбай, Әкрамбек.
ӘКІМ — араб тілінен алынған хаким — дана, данышпан, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер — Әкімбай, Әкімбек, Әкімғожа, Әкімжан, Әкімнұр, Әкімтай, Әкімхан.
ӘЛҒАЗЫ — араб тілінен алынған әлқаузын — жаугер, шерік, қосын.
ӘЛИ — араб тілінен алынған ғали — биік, аса зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Әлиайдар, Әлиасқар, Әлиахмет, Әлихан, Әлиақпар. Синонимдері — Ғали, Қали, Әлі.
ӘЛИАЙДАР — араб тілінен алынған ғали, хәйдәр — арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты Әли. Қыскартылып айтылатын түрі — Әлкей.
ӘЛИАСҚАР — араб тілінен алынған ғали — асқар, яғни құдіретті Әли деген мағына береді.
ӘЛІНҰР — араб тілінен алынған ғали + нур — көркі, ажары артық, әдемі деген мағынаны білдіреді.
ӘЛІБИ — араб тілінен алынған ғали + қазақ тілінен алынған би. Жоғары мәртебелі би деген мағыналы есім.
ӘЛІМ — араб тілінен алынған ғалым — білімді, білгір, дана; оқымысты, ғалым. Біріккен тұлғалы есімдер Әлімбай, Әлімбек, Әлімжан, Әлімқұл, Әлімхан т. б. Түрі — Ғалым.
ӘЛІШЕР — араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік + шер — арыстан.
ӘМЕТ — араб тілінен алынған — мерзім, шек.
ӘМИН — араб тілінен алынған — адал, сенімді; қауіпсіз, игілікті.
ӘМІР — араб тілінен алынған — әкім, бастық; нұсқау. Біріккен тұлғалы есімдер — Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай. Синонимі — Міртай.
ӘМІРБЕК – көне түркі тілінен келген, дос, сүйікті жолдас. Біріккен тұлғалы есім — Әміржан.
ӘНЕС — араб тілінен алынған — анис — дос.
ӘНУАР — арабтың нұр сөзінің көпше түрі. Мағынасы — нұрлы, ең жақсы, жарық, жарқыраған. Біріккен тұлғалы есімдер — Әнуарбек, Әнуархан.
ӘПСАЛАМ — араб тілінен алынған гәфф + салам — қайырлы, бейбітшілік, тыныштық.
ӘПСАМАТ — араб тілінен алынған гәфф + сәмәд — ізгілікті, мәңгілікті.
ӘРІП — араб тілінен алынған әриб — қабілетті, білетін, білгір, түсінетін; дана, данышпан. Біріккен тұлғалы есімдер — Әріпбай, Әріпжан, Әріпқан.
ӘСЕР — араб тілінен алынған асир — әсер; ықпал; ескерткіш, белгі.
ӘСЕТ — араб тілінен алынған асад — арыстан; жылдың бесінші айына тән. Зодиак белгісі. Синонимдері — Арыстан, Хайдар, Шер.
ӘСКЕР — араб тілінен алынған гаскер — әскер, қосын, жауынгер. Түрлері — Әшкер, Ләшкер. Біріккен тұлғалы есім — Әскербек.
ӘУЕЗ — араб тілінен алынған ауыз — дауыс, дыбыс, үн. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуезбай, Әуезбек, Әуезқан.
ӘУЕЛ — араб тілінен алынған ауел — алғашқы, бастапқы, бірінші. Біріккен тұлғалы есімдер — Әуелбай, Әуелбек, Әуелхан.
ӘШЕКЕЙ – қазақ есімі, әдемі ою — ернек, нақыс.
ӘШІМ — араб тілінен алынған — қадірлі, құрметті.
ӘШІМБАЙ — араб тілінен алынған хәшим + қазақ сөзі бай. Құрметті, қадірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӘШІМХАН — араб тілінен алынған хәшим + хан. Құрметті, қадірлі, мәртебесі биік адам болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.
ӘШІР — араб тілінен алынған ғашир — оныншы; мукарам айының оныншы күні туылған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Әшірбай, Әшірбек, Әшірәлі және т. б.
есмідер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі