Баба…… Байсал

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Баба…… Байсал

БАБА — иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз.
БАБАҒАЛИ — иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғали, яғни Ғали ата.
БАБАҒОЖА — иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғожа, хожа — яғни үлкен қожа.
БАБАЖАН — иран тілінен алынған бобо + жан. Атаның сүйікті жаны, адамы.
БАБАҚАН — иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан ( хан) яғни үлкен, ата хан.
БАБАНИЯЗ — иран тілінен алынған бобо + нияз — өтініш, тілек; үміт, сый, тарту. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Бабатай, Бабаш.
БАБАС — азербайжан тілінен алынған бабасы — атай, үлкен әке.
БАҒАШАР — иран тілінен алынған бәхт + қазақ тілінен алынған ашар. Бағы ашылған, құт қонған, ырысы бар.
БАҒДАТ — иран тілінен алынған бағ (баг) + дад — сый, сыйлық.
БАҒЫБАЙ — араб тілінен алынған бәхт + қазақ сөзі бай. Бақытты адам деген мағыналы есім. Түрі — Бағыбек.
БАҒЛАН — қазақ тілінен — ерте туып, жетілген қозы. Ауыспалы мағына — жайнаған жас.
БАДАМБАЙ — иран тілінен алынған бадам — оңтүстікте өсетін жеміс ағашы, соның жемісі.
БАЗАН – араб тілінен — бассейн.
БАЗАР – иран тілінен — мейрам, базар күні, сауда — саттық орны.
БАЗАРБАЙ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі бай. Өмірі қуаныш пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЗАРЛЫ — иран тілінен алынған базар +араб тілінен алынған ғали немесе әлі. Өмірі тамашаға пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі – Базарғали.
БАЗЫЛ — араб тілінен алынған базл – жомарттық, мырзалық, сый тарту. Түрлері – Фазыл, Пазыл. Біріккен тұлғалы есімдер – Базылбек, Фазылбек, Фазылхан, Пазылбек.
БАЙ — бұл сөз түркі халықтары тілінде мал — дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.
БАЙАРЫСТАН — арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙАХМЕТ – қазақтың сөзі бай + араб сөзі — ахмет. Мақтауға лайық.
БАЙБАҚТЫ — дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.
БАЙБАРЫС, БЕЙБАРЫС — бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.
БАЙБЕК — бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.
БАЙБОЛ — бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙБОЛАТ — бала ауқатты, бай болады деген тілекпен қойылған есім.
БАЙБОЛДЫ — мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдің баласына қойылып отырған.
БАЙБОСЫН, БАЙБОЛСЫН — бала дәулетті, күйлі — қуатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙБӨРІ — көне түркі тілінен келген бөрі — қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.
БАЙҒАЛИ — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.
БАЙҒАНАТ — бай + қанат, яғни сүйенері, тірегі көп, туысы мол деген мағынада қойылған есім.
БАЙҒАНИ — қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.
БАЙҒОЖА — қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа — қожайын, мырза, ұстаз.
БАЙДӘУЛЕТ — дүниеге, байлыққа, бақытқа бай деген мағынадағы есім.
БАЙДАР — байлықтың қожасы, иесі.
БАЙДІЛДА – қазақтың сөзі бай + араб сөзі дилла — алтын, алтын ақша, яғни алтынға, алтын ақшаға бай болсын деп қойылған есім. Еркелете, қысқартып айту тұлғасы — Байдаш.
БАЙЖАН — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.
БАЙЖАНБАЙ – жанға, адамға бай болсын, баланың жолдастары, туған — туыстары көп болсын, бай болсын деген тілекпен қойылады.
БАЙЖАРАС, — байлығы жарассын деген мағынаны білдіретін есім.
БАЙЖОЛ — баланың өмір — жасы, өмір жолы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.
БАЙЖІГІТ — дәулетті азамат, нағыз жігіт болсын деген мағынаны білдіреді.
БАЙЗАҚ — бай + зақ — ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір — жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
БАЙҚОШҚАР — бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.
БАЙҚҰТ — ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.
БАЙҚҰТТЫ — бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.
БАЙЛЫ — бақытты, асқан бай, дәулетті.
БАЙМАҒАМБЕТ — қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.
БАЙМАДИ – қазақтың сөзі бай + арабтың сөзі мади. Мадит — ұзақ, ұзын. Бала жасы ұзақ болсын, көп жасасын деп қойылған есім.
БАЙМАН — қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.
БАЙМҰРАТ – қазақтың сөзі бай + араб тілінен алынған мурад — мұратына жеткен бай. Түрі — Мұратбай.
БАЙМЫРЗА – қазақтың сөзі бай + иран тілінен алынған мырза. Түрлері — Мырзабай, Мырзабек.
БАЙНАЗАР — қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған назар — ықылас, іңкәр, көзқарас.
БАЙНҰР — қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған нұр. Нұры жанған, бағы асқан адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙСАЛ — сабырлылық, тыныштық, табандылық.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: