Байсан…… Бәкір

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Байсан…… Бәкір

БАЙСАН — біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
БАЙСАРЫ — бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі — Сарыбай.
БАЙСЕРКЕ — бай + серке, түрі — Серкебай.
БАЙСҰЛТАН — қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.
БАЙТАҚ — ұшы — қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.
БАЙТАС — адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТЕМІР — баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТУ — бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
БАЙТУҒАЙ — бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТҰР — бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық — береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙШЫ — байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.
БАЙЫР — бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.
БАЙЫЗБАЙ — араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.
БАҚАЙ — араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.
БАҚҚОЖА — араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын.
Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.

БАҚИ — араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.
БАҚТАЛАП — араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚТАРАЙ — араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.
БАҚТИЯР — иран тілінен — бақытты, кұтты.
БАҚТЫБАЙ — араб тілінен — бақытқа бай, бақытты.
БАҚЫТЖАН — араб тілінен алынған бәхт + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.
БАҚЫТЖАР — араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚЫТҚАЛЫ — (қараңыз: Оразалы).
БАҚЫТКЕЛДІ — (қараңыз: Оразгелді).
БАҚЫТБЕК — (қараңыз: Оразбек).
БАЛАБАЙ — бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛАҚАЙ — бала сөзінің еркелетіп айту түрі.
БАЛАХМЕТ — араб тілінен алынған бала — жүрек, жан, ес, ой, зейін; қанат, қол + ахмет. Ата — ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.
БАЛҒАБЕК — балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛҒОЖА – араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа — жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.
БАЛҚЫ, — елжіреу, насаттану. Біріккен тұлғалы түрі — Балқыбек.
БАЛМҰҚАН — араб тілінен алынған бал + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.
БАЛТА — бала өткір, қайтпас — қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Балтабек. Еркелете кысқартып айтылған түрі — Балташ.

БАЛУАНҒАЛИ — иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан + араб тілінен алынғанғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.
БАПА — араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық; толықтык; сөзде тұру, уәдені орындау.
БАРАТ — араб тілінен алынған бара — босаған, тыныс алған.
БАРАҚ — араб тілінен алынған бәррақ — баррақ — жарқыраған, құбылған.
БАРЖАҚСЫ — барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
БАРИ — араб тілінен алынған бари — жаратушы.
БАРЛАС — моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.
БАРЛЫБАЙ – қазақтың сөзі бар — үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
БАРЫС — жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
БАСАР — өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.
БАСҚАН — баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.
БАСТАУБАЙ — бастау + бай, бастаудай мөп — мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
БАСЫМ — күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
БАТТАЛ — иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.
БАТТАЛХАН — иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған хан — өткір, өжет, батыл хан.
БАТЫР — қазақ тілінен алынған каһарман — батыл, ер жүрек.
БАТЫРАЛЫ — батыр + араб тілінен алынған алы, ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.
БАТЫРБЕК — батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
БАТЫРҚАН — әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
БАТЫРЛАН — өжеттену, ер жүректене түсу.
БАТЫРША — батыр + ша, шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.
БАУБЕК — өмір — жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
БАУЫРЖАН — ағайынға, туған — туысқа жан — тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЯЗИТ — араб тілінен Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.
БАЯН — араб тілінен — анық, ашық. Алаңсыз, бақытты деген мағынаны білдіреді.
БАЯНДЫ — тұрақты, табанды.
БАЯТ — араб тілінен — хак, ақшыл түсті.
БӘКІР — араб тілінен — зерттеуші.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: