Бәшір……Береке

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

БӘШІР — араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы.
БЕГЕШ — көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген мағынада айтылған.
БЕДЕЛБАЙ — даңққа, атаққа, абыройға бай деген мағынаны береді.
БЕДЕЛБЕК, БЕДЕЛХАН — беделі, абырой — атағы мықты, зор.
БЕКБАУ — (қараңыз: Баубек).
БЕЙБІТ — иран тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық, татулық. Синонимі — Тынышбек, Тиышбек.
БЕЙБІТЖАН — иран тілінен алынған — бейбіт + жан, тыныштықты, татулықты сүйетін адам.
БЕЙҚАН – азербайжан, түрік тілдерінен алынған бей + бек сөзінің варианты + қан (хан), демек, есімнің мағынасы — мықты дегенді білдіреді.
БЕЙҚҰТ — иран тілінен алынған — тыныш, бейбіт.
БЕЙСЕНБІ – иран, тәжік тілдерінен алынған — бес + шамбэ — күн, календар бойынша аптаның төртінші күні, сол күні туылған балаға осындай ат беріліп отырған. Күрделі тұлғалы есімдер — Бейсеналы, Бейсенбай, Бейсенбек, Бейсенғали. Еркелете — қысқартылып айтылатын түрі — Бейсен.
БЕЙІМБЕТ — Бимухамбет деген есімнің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Біріккен тұлғалы есімдер құрамындагы бей — би — бек сөздері түркі тілдерінде «кінәз, бек, әкім, төре» мағыналарында қолданылады.
БЕЙІС — иран тілінен алынған бахшт — ұжмақ. Біріккен тұлғалы есімдер — Бейісәлі, Бейісбай, Бейісқали. Екінші мағынасы мықты, берік.
БЕГАЙДАР — қазақтың сөздерден бек — мықты, күшті + айдар — балалардың төбесіне қөйылатын бір шөк шаш. Араб тілінен алынған айдар — хайдар — арыстан деген сөзінің өзгерген түрі.
БЕКБАЙ – мықты, зор, бай.
БЕКБАТЫР — бек + батыр. Мықты, күшті батыр деген мағынаны білдіреді.
БЕКБЕРГЕН — бек + берген. Өмір — жасын ұзақ етіп берген деген мағынаны білдіреді.
БЕКБОЛ — баланың өмір — жасы ұзақ болсын, мықты болсын деген мағынаны білдіреді.
БЕККБОЛАТ — бек + болат. Бала мықты болады, болаттай берік, өмір — жасы ұзақ, болып, көп жасайды деген тілекпен қойылған. Еркелете қысқартып айту түрлері — Бекен, Бекет.
БЕКДАЙЫР — бек + араб тілінен алынған дайр — дайра. Ауданның, аймақтың әкімі, басшысы.
БЕКЕЖАН – қазақтың сөзі беке + тәжіктің сөзі жан. Адам жанының патшасы деген мағынаны білдіреді.
БЕКЕЙ — бекем бол, мықты бол.
БЕКЕМБАЙ — бекем — мықты, берік + бай. Мықты, күшті адам.
БЕКЕШ – азербайжан, түрік тілдерінен алынған — Бекеш, Бекіш — хан ұлы. Бұл есім Бекембай, Бекмырза, Бекқали сияқты есімдердің еркелете — қысқартып айтылған түрі.
БЕКЖАН — қазақ тілінен алынған бек + тәжік тілінен алынған жан. Мықты, берік, қайратты адам.
БЕКЖАСАР — бала ұзақ өмір сүрсін, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Көпжасар.
БЕКЖІГІТ — мықты, күшті, берік жігіт, азамат.
БЕКЗАТ – бек + иран тілінен алынған зат, зада — бектің ұлы, бектен туған перзент.
БЕККЕЛДІ — өмірге берік, мықты боп келді деген мағынаны білдіреді.
БЕКҚАЛИ — бек + араб тілінен алынған ғали — мықты, күшті.
БЕКЛАН — бек — берік, бекім + қосымша лан, мықты, бекем.
БЕКМҰХАМБЕТ — бек — күшті + араб тілінен алынған мұхамед. Күшті Мұхамед. өзгерген түрі — Баймахан, Бекмақан. Еркелете қысқартып айтылатын түрлері — Бектай, Бекен, Бекеш, Бекіш.
БЕКМҰРАТ — қазақ тілінен алынған бек + араб тілінен алынған мұрат — тілек, мақсат, мұраты, ойлаған арман — тілегі зор деген мағынада.
БЕКНАЗАР — бек + араб тілінен алынған нәзәр – көзқарас, назары қатты түскен деген мағынаны білдіреді.
БЕКНАР — бек — өте, әсіре + иран тілінен алынған нар — тіршілік күші, қуат.
БЕКНИЯЗ — қазақ тілінен алынған бек — күшті, + иран тілінен алынған ниязь — өтініш, тілек; үміт; сый, тарту.
БЕКСЕЙІТ — бек — күшті, мықты + араб тілінен алынған сейдь — мырза, бастық, әкім; құрметті, қадірлі.
БЕКСҰЛТАН — қазақ тілінен алынған сұлтан — билеуші әкім. Синонимі — Сұлтанбек.
БЕКТЕМІР — бала темірдей мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БЕКТЕМІС — бекте — бекіту, мықты ұстау. Бұл Бектұрған деген есімнің синонимі болып табылады.
БЕКТЕН — мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.
БЕКТҰР — бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.
БЕКТҰРҒАН — бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.
БЕКТҰРСЫН — бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.
БЕКТІЛЕУ — қазақ тілінен алынған бек — өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.
БЕКІН — мықты бол, бекем бол деген мәндегі есім.
БЕЛАСАР — тірек, күш.
БЕЛАСЫЛ — ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.
БЕЛБЕРДІ — бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.
БЕЛГІБАЙ — белгі — көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.
БЕЛЕС — асу, шоқы.
БЕРГЕН — ер бала туды деген мағынадағы есім.
БЕРДЕН — бер + қосымша ден.
БЕРДИЯР — қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.
БЕРДІ — сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.
БЕРДІМҰРАТ – қазақ тілінен алынған берді + араб тілінен алынған мурад — тілек, мақсат. Мұраты орындалды деген мағыналы есім.
БЕРДІНИЯЗ — қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қысқартып айтылатын түрі — Бернияз.
БЕРЕКЕ — ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: