Берен…… Бірлік

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Берен…… Бірлік
БЕРЕН — асыл құрыш.
БЕРЖАН — бер + жан — жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
БЕРКІН — берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған кейр — жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.
БЕРНАР — бер + нар — күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
БЕРІК — мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
БЕРІКБАЙ — (қараңыз: Мығым)
БЕСБАЙ — балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
БИАХМЕТ — қазақ тілінен алынған би — әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.
БИБАТЫР — қазақ тілінен алынған би + батыр.
БИҒАЛЫМ — қазақ тілінен алынған би — үлкен + араб тілінен алынған ғалым.
БИДАЙБЕК — бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
БИЖАН — билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
БИМАН — би + иран тілінен алынған ман — адам, яғни әкім адам.
БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.
БОДАН — көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.
БОЗАЙ — тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл — сарғылт, ашық — қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.
БОЗДАҚ — жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
БОЛАТ — иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.
БОЛАТБЕК — иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.
БОЛАТЖАН — болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
БОЛАТҚОЖА — мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
БОЛҒАН — кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
БОЛҒАНБАЙ — кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
БОЛСЫНБЕК — құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
БОРАН — бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
БОРАНБАЙ — ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.
БОРАНҒАЗЫ — ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
БОТАБАЙ — бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.
БОШАЙ — көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.
БӨПЕТАЙ — иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.
БӨЖЕЙ — дана, данышпан.
БӨКЕЙ — батыр, ер, палуан сөзінің өзгерген түрі.
БӨЛЕБАЙ — туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
БӨЛТІРІК — бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.
БОРІБАЙ — бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі — Қасқырбай.
БУРА — бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.
БҰҒЫБАЙ — бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЗАУШЫ — (қараңыз: Тана — бай).
БҰҚА — (қараңыз: Танабай).
БҰЛАБАЙ — бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі — Еркебай.
БҰЛАҚБАЙ — бұлаққа балап қойылған есім.
БҰЛАНБАЙ — қазақ тілінен алынған бұлан — бұғы тектес аң.
БҰЛДЫБАЙ — дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЛҚЫШ — есімнің түбірі бұлқы — жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
БҰРХАН — араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.
БҰХАРА — араб тілінен алынған бұқара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.
БҮРКІТ — бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
БІЖІКЕН — көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.
БІЛГІР — көп білетін, білімді, білгіш.
БІЛІМ — оқу, білім.
БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
БІРЛІК — ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: