Ғаббас…… Ғұмар, Латиф…… Лұқпан | Qazbrand.info

Ғаббас…… Ғұмар
ҒАББАС – (қараңыз: Аббас).
ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен – қадірлі, құрметті.
ҒАБИТ – араб тілінен – қызмет етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғабитхан, Ғабитжан, Ғабитбек, Ғабитан және т. б. Дыбыстық өзгерген түрі — Қабден.
ҒАЗИЗ – (қараңыз: Әзіз).
ҒАЗИЗБЕК – араб тілінен алынған ғазиз + қазақ тілінен алынған бек, аса сүйкімді, қымбатты.
ҒАЗИ – араб тілінен — қосын, әскер.
ҒАЙСА – (қараңыз: Айса).
ҒАЛИ – (қараңыз: Әли).
ҒАЛИАҚПАР – араб тілінен алынған ғали — қымбатты + акпар — үлкен, зор, құрметті, жоғары мәртебелі.
ҒАЛИАСҚАР – араб тілінен алынған ғали + асқар. Аса мәртебелі, құрметті
ҒАЛЫМ – араб тілінен – үлкен оқымысты, көп білетін білгір ғұлама.
ҒАЛЫМБЕК – араб тілінен алынған ғалым + қазақ тілінен алынған бек, аса білікті, оқымысты.
ҒАЛЫМЖАН – араб тілінен алынған ғалым + иран тілінен алынған жан сөздерінің негізінде жасалған біріккен тұлғалы есім.
ҒАНИ – араб тілінен алынған бай, дәулетті, ауқатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Ғанибай, Ғанибек.
ҒАППАР, ҚАФФАР – араб тілінен алынған гафар — кешірімді, мархабатты.
ҒАППАС – (қараңыз: Аббас).
ГАРИФОЛЛА – араб тілінен — жәрдем беруші, демеуші.
ГАФАР – араб тілінен кешірімді, мархабатты.
ГАФУ – араб тілінен — кешіру, кешірім.
ҒИДАЯТ – араб тілінен — мерекелік сыйлық. Түрі — Идаят.
ҒИЗАТ – араб тілінен — құрмет, сый, адал, құрметті, қадірлі.
ҒИНАЯТ – араб тілінен алынған — инаетъ — қайырымдылық, жомарттық, алғыс. Өзгерген түрі Инаят.
ҒЫЛМАН – араб тілінен алынған ғұлам сөзінің көпше түрі — қызметші, бозбала, жас жігіт.
ҒҰМАР – ар ғомар — ғұмыр, тіршілік.
Латиф…… Лұқпан
ЛАТИФ – араб тілінен — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
ЛАУЛА – лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.
ЛӘШКЕР – иран тілінен — әскер, жауынгер, қол.
ЛӘШКЕРБЕК – иран тілінен — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.
ЛЕКЕР – дәнекер, байланыс, демеу.
ЛҰҚПАН – араб тілінен алынған Лукман — даналықтың символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар