Сағида…… Сындыбала

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Сағида…… Сындыбала
САҒИДА — араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.
САҒИРА — араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
САҒИЯ — араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.
САДИДА — араб тілінен — нағыз, дұрыс, пайдалы; лайықты.
САЙДА — араб тілінен алынған сейид, саид — мырза, бастық, әкім; құрметті.
САЙЛАУГҮЛ — сайлау күні туған қыз бала.
САЙРА — араб тілінен алынған сайера — жұлдыздар, яки жұлдызы жарқырап туған қыз.
САҚЫП — араб тілінен алынған сахиб — серік, жолдас, дос; таныс.
САҚЫПЖАМАЛ — араб тілінен алынған — сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.
САЛТАНАТ — араб тілінен алынған — сұлтандық, патшалық; мақтаныш, абырой, тәкаппарлық, байлық; әсемдік, асқан әдемілік, сән — салтанат.
САНДУҒАШ — көне түркі тілінен сандувач — бұл — бұл.
САРА — иран тілінен алынған — ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы; араб тілінен — ханым, әйел; көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.
САРИЯ — араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.
САФУРА — араб тілінен — шыдамды, төзімді, мықты.
СӘБИҒА — араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.
СӘБИЛА — араб тілінен — жол, сапар.
СӘБИРА — араб тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.
СӘЖИДА — араб тілінен — ибадат қылушы.
СӘЛИМА — араб тілінен алынған салим — сау, бүтін, толық, аман — есен; нағыз, тыныш; қарапайым, шынайы, әділ.
СӘНИЯ — араб тілінен алынған — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).
СӘНӘМАЙ — қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.
СӘПИНА — араб тілінен — үлкен қойма, қазына.
СӘРУАР – иран тілінен — басшы, бастық, жетекші.
СӘУЛЕ — таңғы жарық, шапақ.
СӘУЛЕТ — араб тілінен — келбет, ажар, айбын, мақтаныш.
СҰЛУ — өте әдемі, аса көркем.
СҰЛУКЕ сұлу — ак, әдемі — ақ, көркем.
СҰЛУХАН — аса көркем, өте әдемі ханым.
СҰЛУШАШ — әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.
СҮИІНБАЛА — көңіл тойып, сүйсінерлік қыз бала.
СЫМБАТ — көрік, кескін, келбет.
СЫНДЫБАЛА — көрікті, кескінді, келбетті қыз бала.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: