2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

2019 жылы ұл балаға қойылған ерекше есімдер.


Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары

Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали «әлидің» синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.

Айсұлтан – «ай» мен «сұлтан» сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – «билеуші, әкім».

Нұрислам – «нұр» мен «ислам» сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал «ислам» дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.

Әмір, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.

Әлинұр – «әли» мен «нұр» сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле.

Ерасыл – аса аяулы, нағыз батыр.

Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Рамазан – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.

Санжар — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – «он мың», «шора – ер, батыр» деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, «бір өзі он мың қолға тең ер, батыр» мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора — Саншор — Саншар — Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.

Мирас — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.

Арсен, Арсений – көне грек тілінен «арсениос» – батыл, ержүрек деген мағына береді.

Нұрасыл – «нұр» мен «асыл» сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.

Ислам – түп — тамыры «салима», «юслиму», «ислам» яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың «әс — Сәләм» деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау.

Алдияр, араб — иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.

Расул, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.

Артем, грек тілінен «артемес» – аман, аурусыз, сау.

Мансұр, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.

Диас – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.

Дамир — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет «темірдей мықты болсын» дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік — жігері мықты. Жақтастары көп.

Дінмұхаммед – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – «аса мақтаулы, мақтауға лайық».

ұл балаға есімдер, есімдер мағынасы, 2019 жылғы есімдер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: