Нағи…… Нысанбай | Qazbrand.info

Нағи…… Нысанбай
НАҒИ – араб тілінен алынған нәки — таза, қоспасыз.
НАҒЫМ – араб тілінен алынған нәгим — амансаулық, есендік, бақытты өмір, рақат, ләззат.
НАҒЫМБЕК – араб тілінен алынған нагым + қазақ сөзі бек. Мықты саулық, бақытты өмір.
НАЗАР – араб тілінен алынған нәзәр – қарау, көзқарас, көз салу; ықылас, ілтипат. Метафоралық мағынасы — жәрдем, көмек, игі ниет, сүйеушілік, жақтаушылық.
НАЗАРБАЙ – жұрттын ықыласына, ілтипатына бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрі — Назарбек.
НАҚЫП – араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.
НАҚЫСБЕК – араб тілінен алынған нәкш – сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.
НАРБАЙ – нар – жалғыз өркешті ірі түйе; ауыспалы мағынасы — үлкен, мықты, ерекше, зор + бай. Бала үлкен, зор, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Нарбек, Нарбол.
НАРИМАН – иран тілінен алынған нари – батыл, ержүрек + ман, яғни батыл, ер адам.
НАРКЕС – өткір, батыл.
НАРМАҒАМБЕТ, НАРМҰҚАМБЕТ – қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет. Қысқартып еркелету түлғалары – Нарымбет, Нармат, Нарыш, Наркен, Наржан, Нартай.
НАРТАУ – бала тау сияқты зор, үлкен болсын деген тілекпен қойылған есім.
НАРТУ – дүниеге ірі, зор боп кел деген мәндегі есім.
НАРЫМЖАН – нарым — менің нарым, менің сүйіктім, менің жаным.
НАСЫР – араб тілінен алынған наср — жәрдем беруші, көмек етуші; жеңімпаз. Біріккен тұлғалы есімдер Насыролла, Насырбай.
НАУРЫЗ – иран тілінен алынған нов — жаңа + руз – күн. Новруз ирандықтардың календары бойынша жаңа жылдың басы — 21 март. Бұл мейрам күні туған балаларға Наурыз, Наурызбай, Наурызғали, Наурызбек деген есімдер берілген. Қысқаша айтылу түрі — Науан.
НӘБИ – араб тілінен алынған нааби — әулие, құдірет, жаратушы, елші; яғни жаратушының елшісі.
НӘБИБОЛЛА – араб тілінен — жаратушының, құдіреттің, әулиенің елшісі.
НӘДІР – араб тілінен алынған надыр — сирек, таңдаулы.
НӘДІРБАЙ – араб тілінен алынған – қазақ сөзі бай — сирек, тандаулы бай.
НӘДІРБЕК – сирек, таңдаулы бек, әкім.
НӘЖІП – араб тілінен алынған нәджибь — мейірбан, қайырымды, ақ көңіл, кең пейілді, құдіретті.
НӘЗІР – араб тілінен — салтанатты уәде, серт; ант.
НӘЗІРБЕК – уәдеде, сертте тұратын, берік адам.
НӘРІК – араб тілінен алынған нари — отты, жалынды.
НЕСІП – араб тілінен — үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.
НЕСІПБАЙ – өз бақыты, өз тағдыры бар, байлыкқа кенелген.
НЕТӘЛІ – (қараңыз: Ниетқали).
НИЕТҚАЛИ – араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.
НИЗАМ – араб тілінен алынған тәртіп, орнығушы.
НИЯЗ – тәжік тілінен алынған ниязъ — өтініш, тілек, жалбарыну; үміт; сый, тарту. Біріккен тұлғалы есімдер — Ниязбай, Ниязғали.
НИЯЗМҰХАМБЕТ – тәжік тілінен алынған – Мұхамбет пайғамбар сыйға тартқан.
НОҒАЙБАЙ – ноғай — халық аты + бай.
НОИЛЬ, НОЭЛЬ – араб тілінен – мақсатқа жетуші, жетістік.
НОЯН – монғол тілінен алынған ноен 1/10000 адамның яғни түменнің бастығы, әкімі; ханзада, патша баласы; мырза, төре, әмір, үстемдік етуші. Біріккен тұлғалы есімдер — Ноянбай, Ноянбек. Фонетикалық түрі — Доян.
НӨКЕРБЕК – монғол тілінен алынған нохэр — жолдас, дос.
НҰҒМАН – көне еврей тілінен келген – амандық, есендік, жақсылық.
НҰР – араб тілінен – жарық, сәуле.
НҰРАБАЙ – Нұра өзенінің бойында туған балаға қойылған есім.
НҰРАЙДАР – араб тілінен алынған нұр + айдар. Айдары жарқыраған бақытты бала. Қысқарған түрі — Нұрақ.
НҰРАҚЫН – нұрлы, сәулетті ақын.
НҰРАЛЫ – араб тілінен алынған нұр – жарың, сәуле. Әлидің нұры яки Әлидің жарығы. Фонетикалық түрлері — Нұрәли, Нұрғали. Қысқарған түрі — Нұран. Еркелете айтылатын түрі — Нұраш.
НҰРБАЙ – араб тілінен — нұрлы, көрікті ер бала.
НҰРБАҚ – араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.
НҰРБАПА – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бапа — баба — үлкен ата, арғы ата.
НҰРБЕК – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі бек — берік, мықты; өте нұрлы, әдемі, көркем.
НҰРБОЛ – нұрлы, көркем, көрікті болсын деген тілекпен қойылған есім. Фонетикалық түрлері — Нұрболат, Нұрболсын.
НҰРГЕДІ – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі келді, яғни өмірге әдемі, көркем, бақытты бала келді деген мәнді есім.
НҰРҒАЗЫ – араб тілінен алынған нұр + ғазы — әскер, қосын; яғни нұры тасыған, керемет әскери адам.
НҮРҒАЛЫМ – араб тілінен алынған нұр + ғалым – тамаша, нұры тасыған, бақытты ғалым.
НҰРҒИСА – араб тілінен алынған нұр + ғиса – Иса, яғни келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса, Ғайса.
НҰРДАН – нұрдан туған, жаратылған деген мағынаны білдіреді.
НҰРДӘУЛЕТ – араб тілінен алынған нұр + дәулет; яғни байлығы, дәулеті, сәулеті жарасқан.
НҰРЖАҚАН – араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.
НҰРЖАН – араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жан; яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі.
НҰРЖАУ – араб және қазақ тілдерінен – нұр жаусын, бақытты болсын деген мағыналы есім.
НҰРЗАДА – араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған зада — перзент, бала; әдемі, ажарлы, сұлу бала.
НҰРЗЕРЕК – араб және қазақ тілдерінен – көрікті, нұрлы, зерек бала.
НҰРЖІГІТ – араб және қазақ тілдерінен – нұрлы, әдемі, көрікті жігіт.
НҰРИ – араб тілінен алынған — нұрлы, көрікті.
НҰРҚАСЫМ – араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.
НҰРЛАЙ – нұрлы және ай сөздерінен жасалған есім, яғни жарық ай.
НҰРЛАН – араб тілінен – ажарлану, өрлену, нұрлы, бақытты болу.
НҰРЛАТ – араб тілінен – нұрландыру, көріктендіру; бақытты ету.
НҰРЛЫ – араб тілінен алынған — өте әдемі, көркем, сұлу. Біріккен тұлғалы есімдер — Нұрлыбай, Нұрлыбек.
НҰРМҰҚАМБЕТ – араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан.
НҰРНИЯЗ – араб тілінен алынған нұр + тәжік тілінен алынған нияз – өтініш, сый. Тілеп алған көркем, сұлу бала.
НҰРПЕЙІС – араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған пейіш – ұжмақ; ұжмақтың, пейіштің сәулесі, нұры.
НҰРСАПА – араб тілінен алынған нұр + сафа. Ең көркем, өте сұлу деген мағынаны білдіреді.
НҰРСЕЙІТ – араб тілінен — ажарлы, нұрлы мырза.
НҰРСҮЛТАН – араб тілінен — әрлі, нұрлы сұлтан.
НҰРТАЛАП – талабына нұр жаусын, талабы зор, талантты болғай деген тілекпен қойылған есім. Қысқартылған тұрі — Нұртай.
НҰРТАС – араб тілінен алынған нұр + қазақ сөзі тас. Бұл есім, негізінде, баланын нұры тасысын, сәулесі, шапағаты басқаларды да шарпысын деген тілекпен қойылған.
НҰРХАН – араб тілінен – нұрлы, көрікті хан.
НҰРЫМ – араб тілінен алынған — менің сәулем, жарығым, нұрлым.
НҰСҚАБАЙ – араб тілінен алынған носхе — көшірме, бейне; тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек.
НҰСҚАР – ақыл – кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.
НҮСІП, НҮСҮП – (қараңыз: Жүсіп).
НЫҒМЕТ – араб тілінен алынған нигмәт — береке, дәулет, байлық; бақытты, бақытты өмір.
НЫҒМЕТЖАН – араб тілінен – дәулетті, бай адам.
НЫҒМЕТҚАЛИ – араб тілінен алынған нигмәт + қали – ғали; аса дәулетті, байлығы артық.
НЫҒМЕТОЛЛА – араб тілінен алынған — берекелі.
НЫСАНБАЙ – (қараңыз: Белгібай).

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар