Обай…… Ошақбай
ОБАЙ — монғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.
ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
ОЗАРБЕК – озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.
ОЗАТ — ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.
ОЙЛЫ — ақылды, парасатты, дана.
ОЙРАТ – моңғол тілінен алынған ой — орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.
ОЛЖАБАЙ — олжадан түскен, бере салған бала.
ОЛЖАС — ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.
ОМАР — араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері — Ғұмар, Құмар.
ОМАРБАЙ — өмірлі, ғұмырлы адам.
ОМАРБЕК — өмір — жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.
ОМАРҒАЛИ — ұзақ өмір сүруші, көп жасаушы.
ОМАРХАН — өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.
ОНБАЙ — бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.
ОҢАЛБАЙ, ОҢАЛБЕК — шаруасы, хал-жайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
ОҢҒАР — оңда, түзе.
ОҢҒАРБАЙ — ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.
ОҢДАСЫН — құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.
ОПАБЕК — араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдық, тазалық + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.
ОРАЗ — көне түркі тілінен келген — ырыс, құт, бақыт.
ОРАЗАҚ — араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.
ОРАЗАҚЫН — араб тілінен — бақытты, ырысты ақын.
ОРАЗАЛЫ, ОРАЗҒАЛИ — көне түркі тілінен келген ораз + араб тілінен алынған алы — ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.
ОРАЗБАЙ — араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.
ОРАЗБЕК — араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.
ОРАЗГЕЛДІ — араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.
ОРАЗҒҰЛ — бақытты қызметші.
ОРАЗМҰХАМБЕТ — бақытты Мухамбет.
ОРАҚ — көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.
ОРАҚБАЙ — астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.
ОРАЛ — өзен атынан қойылған кісі аты. Біріккен тұлғалы есімдері — Оралбай, Оралбек, Оралхан, Оралтай, т. б.
ОРАСАН — ерекше, ерен.
ОРДАБАЙ — көне түркі тілінен орда — ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған; кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.
ОРМАНБАЙ, ОРМАНБЕК — орман — тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.
ОРМАНШЫ — бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.
ОРЫНБАЙ — өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.
ОРЫНБЕК — өмірде орны берік, мықты.
ОРЫНҒАЛИ — өмірде алатын орны жоғары, биік.
ОСПАН — араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы — ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.
ОТАН – жаңа есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.
ОТАР — отарда туған балаға берілген есім.
ОТАРБАЙ — отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.
ОШАҚБАЙ — жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.
есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі