Өжет…… Өтетілеу, Пазыл…… Пірәлі

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Өжет…… Өтетілеу
ӨЖЕТ — — ткір, батыл, табанды.
ӨЗБЕК — өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.
ӨЗЕНБАЙ — өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӨКТЕМ — өктем, үстем, басым, өмірлі.
ӨКІМ — араб тілінен алынған окм — үстемдік; өкімет, билік; шешім, үкім; пікір, түсінік.
ӨЛКЕБАЙ — қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӨМІР — араб тілінен алынған ғомр — ғұмыр; тіршілік.
ӨМІРБАЙ — бала өмірлі болсын, өмір — жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі — Өмірбек.
ӨМІРҒАЗЫ — араб тілінен алынған — өмір + ғазы — жауынгер.
ӨМІРҒАЛИ — өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.
ӨМІРЗАҚ — араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ — ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете — қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.
ӨНДІРІС – жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.
ӨНЕРБЕК — өнері мықты, өнерлі адам.
ӨРЕКЕН — көне түркі шор, хақас тілінде қарт, қария.
ӨРЕН — жұрттан асқан ерекше, ерен; жасөспірім ұрпақ.
ӨРІМ — жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.
ӨСЕР — ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім — Өсербай.
ӨСКЕНБАЙ — байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.
ӨТЕБАЙ — байлығы асқан, тасыған бай.
ӨТЕГЕН — орнын толтыру, төлеу.
ӨТЕГАЛИ – қазақ тілінен өте + араб тілінен алынған ғали — жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.
ӨТЕМАҒАМБЕТ, ӨТЕМҰХАМБЕТ – қазақ сөзі өте + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан, даңқты деген мағынада қойылған есім. Қысқаша тұлғасы — Өтембай. Еркелету түрі — Өтеш.
ӨТЕТІЛЕУ — ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.
Пазыл…… Пірәлі
ПАЗЫЛ — (қараңыз: Фазыл).
ПАЛУАН — араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.
ПАЛУАНҒАЛИ — аса күшті палуан.
ПАНАБЕК — иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.
ПАРАСАТ — араб тілінен алынған ақыл — ой.
ПЕРДЕБЕК — араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.
ПІРӘЛІ — араб тілінен алынған пир — ауыспалы мағынасы мықты, күшті. Біріккен тұлғалы есім – Пірімғұл.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: