Рабат…… Рүстем | Qazbrand.info

Рабат…… Рүстем
РАБАТ – араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже.
РАЗАҚ – араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.
РАЙ – араб тілінен – жағдай, көзқарас, пікір; адамның көңіл – күйі, сезімі.
РАЙБАЙ – дүниеге өз көзқарасы, пікірі бар, саналы адам.
РАЙБЕК – араб тілінен – райы қатты, бір бет бала.
РАЙНҰР – араб тілінен – жарық өмір.
РАЙЫМБЕК – араб тілінен алынған раим – рақымды, мейірімді + бек — мықты, мығым; берік, яғни мейірімді, қайырымды; бет алысынан қайтпайтын қайсар батыл, берік адам.
РАЙЫС – араб тілінен алынған рэиса — бастық, басшы, әкім.
РАЙЛ – араб тілінен — негізін салушы.
РАҚАП – араб тілінен – кең, ұлан – ғайыр; мырза, жомарт, жарқын жүзді.
РАҚАТ – араб тілінен – тыныштық, тыным, тыныс.
РАҚЫМ – араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып – еркелете айтылатын түрі — Рақыш.
РАМАЗАН – араб тілінен алынған — рамадан — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер койылған.
РАМИЗ – араб тілінен – белгі, таңба.
РАСУЛ – араб тілінен – хабаршы; елші, уәкіл. Біріккен тұлғалы есім — Расулбек.
РАУАН – иран тілінен алынған рэван — жан өмір.
РАФИК, РАФИХ – араб тілінен – қайырымды, жомарт, мәрт; айқын, таза, мөлдір, көрікті.
РАХМАН – араб тілінен — рақымды, мейірімді, кішіпейіл. Қысқаша айтылу түрі — Раман.
РАХМЕТ – араб тілінен — алғыс.
РАХМЕТОЛЛА – араб тілінен — мейірімділік, рақымшылық.
РАШИТ – араб тілінен — саналы, ақылды, парасатты; батыл, ер.
РЕНАТ – жаңа есім – орыс тіліндегі революция, наука, труд сөздерінен қысқартылып жазылған есім.
РИШАТ – араб тілінен — ақылды; саналы, әділдік.
РЫСБЕК – (қараңыз: Оразбек).
РЫСКЕЛДІ – (қараңыз: Оразгелді).
РУСЛАН – көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі.
РҮСТЕМ – иран тілінен алынған раода — жүз, келбеті бейне; тама — күшті. Сонда бұл есімнің жалпы мағынасы — батыл, күшті, мықты, зор денелі. Біріккен тұлғалы есімдер – Рүстембек, Рүстембай, Рүстемғали.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар