Сабаз…… Сырмұхамбет | Qazbrand.info

Сабаз…… Сырмұхамбет
САБАЗ – иран тілінен алынған шаһбаз — ер, азамат, батыл; сұңқар. Біріккен тұлғалы есім — Сабазбек.
САБАНШЫ – көне түркі соқашы, егінші, дихан, көктемде егін айдау кезінде туған балаға қойылған есім.
САБАТАЙ – қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы мағынасы бір нәрсенің мөлшері, шегі яғни баланың ой – өрісі, білім дәрежесі кең, болсын деп қойылған есім.
САБИҒАТ – араб тілінен — жаңа, жас; сұлулық, әдемілік. Фонетикалық түрі. — Сәбиғат.
САБЫР – араб тілінен — шыдамды, төзімді.
САБЫРЖАН – сабырлы, шыдамды, төзімді кісі. Синонимі — Сабырқан.
САҒАДАТ – араб тілінен – бақыт, құт.
САҒАТ – араб тілінен алынған саад – бақытты сәт, уақыт.
САҒИ – араб тілінен — бақытты, ырысты, құтты; мырза.
САҒИТ – араб тілінен — бақытты; ырысты; аман – есендік, саулық.
САҒЫМ – көне түркі тілінен саг — ақыл + тәуелдік жалғауы ым, яғни менің ақылдым, ойшылым деген мәнде қойылған ескі есім. Біріккен тұлғалы есім — Сағымбай.
САҒЫН – қатты аңсау, құмарту, көруге ынтық болу, яғни ата – ана ұлға зар болып жүргенде көрген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сағынбай, Сағынғали, Сағынтай.
САҒЫНДЫҚ – ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.
САҒЫР – араб тілінен — кішкене, кенже бала.
САДАН – монғол тілінен — туыс, туған – туысқан.
САДЫБАЙ – (қараңыз: Жақсыбай).
САДЫҚ, СЫДЫҚ – араб тілінен – шын, адал, таза, ашық; сенімді адал дос.
САДЫР – араб тілінен алынған — кеуде, көкірек; басшы, бірінші; ұлы мәртебелі. Біріккен тұлғалы есімдер — Садырбай, Садырбек, Садырқан, Садыралы.
САЙБАҚ – араб, монғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ – бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.
САЙДАР – монғол тілінде – сай (сайын), иран тілінде ие болуды білдіретін + дар қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Мағынасы «жақсылық, қайрымдылық иесі» дегенді білдіреді.
САЙЛАУ – жаңа есім, халық депутаттарын сайлау кезінде дүниеге келген балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Сайлаубай.
САЙМАСАЙ – бала әкесінен не анасынан аумайды, қатты ұқсайды, дәл өзі сияқты деген мәнді есім.
САЙРАН – бала өмірде бақытты өмір сүрсін, сайрандап жүрсін деген тілекпен қойылған есім.
САЙРАМБАЙ – Сайрам қаласында туылған адам.
САЙЫН – монғол тілінен — жақсы, онды. Біріккен тұлғалы есім — Сайынбек.
САҚТАР – бале – жаладан сақтасын деген мәнді есім.
САДЫБАЙ – (қараңыз Жақсыбай).
САҚЫП – араб тілінен алынған — сахиб — серік, жолдас, дос, таныс.
САЛАМАТ – араб тілінен – бейбітшілік, тыныштық, саулық; сәлем.
САЛАУАТ – араб тілінен – қаттылық, беріктік, табандылық, тұрақтылық; қажырлылық, жігерлілік.
САЛЫҚ – араб тілінен салиг — жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты; адал.
САМАТ, СӘМЕТ – араб тілінен – мәңгі, тұрақты. Қысқарған түрі — Саматай.
САМҒА – аспанға ұшу, шарықтау.
САМҰРАТ – иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған мурад, Мақсатына жеткен шах. Синонимдері — Шахмұрат, Шаймұрат, Шамұрат.
САНА – бала ынталы, ақылды, парасатты болсын деген тілекпен қойылған есім.
САНАТ – араб тілінен алынған – өнер, сәулет, жарасым; ұлылық, дәреже.
САНДЫБАЙ – қазақ тілінен алынған санды — әдеттен тыс, сирек кездесетін + бай.
САНЖАР – араб тілінен – патша, император. Түркі тілдерінде — тесіп, түйреп өтуші деген мағынаны білдіреді.
САНСЫЗБАЙ – (қараңыз: Байсан).
САПА, САФА – араб тілінен – тазалық, ашықтық; адалдық; тыныштық.
САПАБЕК – адал.
САПАР – араб тілінен алынған сафар – саяхат, алыс жол.
САПАРБАЙ – араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бай. Өмір жолы ұзақ, мол болсын деген тілекпен қойылған есім.
САПАРБЕК – араб тілінен алынған сафар + қазақ сөзі бек. Өмір жолы берік, мықты болсын деп қойылған есім.
САПАРҒАЛИ – араб тілінен — сапары, алған беті әрқашан биік, жоғары болсын деп қойылған есім.
САПИ, САФИ – араб тілінен сафа — таңдаулы, адал дос.
САРДАР – иран тілінен алынған сар — сардар, генерал, бастық, қолбасшы; туркі тілінде — батыр. Біріккен тұлғалы есім — Сардарбек.
САРИ – араб тілінен — атақты, мейрімді, асыл.
САРМАН – монғол тілінен сар — ай + ман – кісі аттарындағы қосымша, яғни «ай туды» деген мағынаны білдіреді. Синонимдері – Айтуды, Айтуған.
САРЫ – ауыспалы мағынасы — кең – байтақ; көп нәрсені білетін, қоғам өмірінен хабардар, білгір.
САРЫБАЙ – баланы алтынға балап немесе өмірде кең пейілді болсын деп қойған есім.
САРЫБАС – бала өңі сары немесе шашы сары болғандықтан қойылған; бала алғыр, білімді болсын деген тілекпен қойылған есім.
САРЫН – қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.
САСАН – иран тілінен — мүсәпір, тілекші. Ирандағы сасанидтер династиясы басшысының есімі.
САТАЙ – монғол тілінен садан — туыс, туған, туысқан, жақын.
САТТАР – араб тілінен алынған — кешірім етуші, жасырушы; қорғаушы.
САУРАН – сый, тарту; ескіше екінші ай аты, сол айда туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сауранбай, Сауранбек.
САУРЫҚ – үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.
САУЫҚ – араб тілінен — тамаша, ойын – күлкі, сауық – сайран; даңк, құрмет.
САУЫТ – батырлар киетін кіреуке. Бала мықты, берік болсын деп қойған есім. Біріккен тұлғалы есім – Сауытбай.
САФИ – араб тілінен — таңдаулы, адал дос.
САФУАН – араб тілінен – тазалық, пәктік; қатты гранит тас.
САХИ – араб тілінен — жомарт, мырза.
САЯ – иран тілінен – қорғаныш, пана.
САЯТҚАН – араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.
САЯН – Саян тауы атынан қойылған есім.
СӘБИҒАТ – араб тілінен алынған – сұлулық, әдемілік.
СӘБИТ – араб тілінен алынған – мықты, тұрақты, табанды, адал.
СӘДУАҚАС – араб тілінен алынған сәйд – бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.
СӘЛМЕН – иран тілінен — есейген, ер жеткен, үлкен.
СӘЛІМ – араб тілінен алынған сәлим — сау, бүтін, толық, аман – есен; нағыз, шын, табиғи, аман – сау; қарапайым, адал. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәлімбай, Сәлімбек, Сәлімгерей.
СӘМЕН – иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.
СӘМЕТ – араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.
СӘМИ – араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.
СӘРСЕНБІ – иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері – Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.
СӘТ – араб тілінен – сад — бақыт, құт, ырыс.
СӘТБАЙ – араб тілінен — құтты бала (бай).
СӘТЖАН – араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.
СӘТІМ – араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.
СӘУІР – араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.
СЕЗІМ – жаңа есім – достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.
СЕЙДАХМЕТ – араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.
СЕЙДӘЛІ – араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жоғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.
СЕЙДУӘЛИ – араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.
СЕЙДІЛДА, СЕЙДОЛЛА – араб тілінен алынған – мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.
СЕЙСЕНБАЙ – иран тілінен алынған се – үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.
СЕЙІЛ – араб тілінен алынған – көктем мерекесі; халық серуені.
СЕЙІТМЕТ, СЕЙІТМӘМЕТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.
СЕЙІТ – араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.
СЕЙФОЛЛА – араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла – яғни қылыштай өткір перзент.
СЕКСЕНБАЙ – мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.
СЕМБАЙ – иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сенбі күні туған бала.
СЕМБІ – иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.
СЕНІМ – үміт, сенім.
СЕҢГІРБАЙ – көне түркі тілінен келген сеңгір – таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.
СЕРӘЛІ – иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.
СЕРҒАЗЫ – араб тілінен алынған – сер – басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.
СЕРҒАЛИ – иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.
СЕРКЕ – қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.
СЕРКЕБАЙ – (қараңыз: Байсерке).
СЕРІК – араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.
СЕРІКБОЛ – көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.
СИРАЖ – араб тілінен алынған – шырақ; жарық.
СОЛТЫБАЙ – араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.
СОМБЕЛ – белі мықты, күшті, балуан тұлғалы болсын деген тілекпен қойылған есім.
СҰЛТАН – араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.
СҰЛТАНГЕЛДІ – дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.
СҰЛТАНМҰРАТ – бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.
СҰҢҚАР – бала сұңқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.
СҮГІР – көне түркі тілінен келген сукур — хабар.
СҮГІРБАЙ – көне түркі тілінен – бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.
СҮЙЕУ – ата – ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.
СҮЙІН – ырза болу, сүйіну, көңіл толу.
СҮЙІНБАЙ – көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.
СҮЛЕЙМЕН – көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.
СҮМБЕБАЙ – иран тілінен алынған сунба – мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.
СҮНДЕТ – араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.
СҮТТІБАЙ – сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.
СЫБАНҚҰЛ – бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.
СЫДЫҚ – араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.
СЫЛАН – көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.
СЫМАҚ – иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.
СЫНДЫБАЙ – сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.
СЫРБАЙ – араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды іс әрекет.
СЫРҒАБАЙ – араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер – білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.
СЫРҒАБЕК – сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.
СЫРЫМ – көне түркі тілінен – шыдам, шыдамды, төзімді.
СЫРМҰХАМБЕТ – көне түркі тілінен сыр – шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар