Бағила…… Бүлдіршін

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Бағила…… Бүлдіршін
БАҒИЛА — араб тілінен алынған бахи — мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.
БАҒЫМША — араб тілінен алынған бақ, бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.
БАЗАРАЙЫМ — иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым — менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.
БАЗАРГҮЛ — иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.
БАҚТЫГҮЛ — араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.
БАЛАУСА — өндірдей жас.
БАЛБАЛА — балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал — парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.
БАЛГҮЛ — балдай, шырынды гүл; яғни ата — ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.
БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі – Балғын.
БАЛДАЙ — ата — анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.
БАЛЖАН — балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.
БАЛЫМ — менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.
БАЛҚАДИША — ақылды Қадиша.
БАЛШЕКЕР — бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАНУ — араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.
БАТСАЙЫ — жолақты жібек мата.
БАЯН — көне түркі, монғол тілдеріне ортақ «мықты», «зор», «бай» мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.
БАЯНСҰЛУ — ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.
БӘДЕР — араб тілінен алынған бәдр — толық ай.
БӘДІГҮЛЖАМАЛ — араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете — қысқартып айту түрі — Бәдеш.
БӘДИҒА — араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.
БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.
БӘЗИЛА — (қараңыз: Фазила).
БӘКИЗАТ — иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.
БӘКІБАЛА — иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.
БӘЛИҒА — араб тілінен — есейген, ержеткен қыз.
БӘЛИЯ — араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.
БӘТЕС – орыс тілінен батист — жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.
БЕЙБІТГҮЛ — бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.
БЕКДАНА – қазақ сөзі бек + иран тілінен алынған дана — білгір, яғни нағыз дана, данышпан.
БЕКСҰЛУ — тым сұлу, аса көрікті.
БИБІ — иран тілінен — үй иесі, азаматша.
БИБІГҮЛ — иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гүл. Гүл жайнаған ханым.
БИБІНҰР — иран тілінен алынған — қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.
БИБІСАРА — иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.
БИБІХАНЫМ — ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.
БИБІЖАМАЛ — иран тілінен — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі — Бижамал.
БОТА — түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.
БОТАКӨЗ — ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.
БҰЛБҰЛ — иран тілінен — сандуғаш.
БҮБІ — (қараңыз: Айбибі).
БҮБІШ — (қараңыз: Айбибі).
БҮБІХАН — (қараңыз: Айбибі).
БҮЛДІРШІН — өте жас, өндірдей жас.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер
© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: