Гауһар…… Гүлшаш

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Гауһар…… Гүлшаш
ГАУҺАР — иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі — Жаухар.
ГАЯНА — грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.
ГҮЛАЖАР — көркі гүлдей жайнаған қыз.
ГҮЛАЙ – қазақ есімі — гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.
ГҮЛАЙЫМ — иран тілінен — гүлдей сұлу менің гүлім, айым.
ГҮЛБАНАТ — тәжік тілінен — қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.
ГҮЛБАНУ — тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.
ГҮЛБАРАШ — иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.
ГҮЛБАХРАМ — араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.
ГҮЛБОЛСЫН — тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.
ГҮЛҒАЙША — тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.
ГҮЛДАНА — тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.
ГҮЛЖАМАЛ — араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері — Гүлжан, Гүлжанат, Өзгерген түрі — Күлжанат.
ГҮЛЖӘМИЛА — иран және араб тілдерінен алынған жәмила — көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.
ГҮЛЖЕҢІС — жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.
ГҮЛЗАРИФА — иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.
ГҮЛЗИПА — зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгерген түрі — Күлзипа.
ГҮЛМАРИЯ — иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.
ГҮЛМИРА — иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир (а) — бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.
ГҮЛНАЗ — иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем қыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.
ГҮЛНАР — иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінің гүлі, қызыл, қырмызы гүл.
ГҮЛНАФИСА — иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.
ГҮЛНИСА — араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.
ГҮЛНҮР — иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.
ГҮЛСАНАТ — иран және араб тілдерінен алынған санат, санам — әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.
ГҮЛСАРА — иран және араб тілдерінен — гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгерген түрі — Күлсара.
ГҮЛСИПАТ — иран және араб тілдерінен — гүлдей әдемі, көркем, сұлу.
ГҮЛШАР — иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх — шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгерген түрі — Күлшар.
ГҮЛШАРА — иран тілінен алынған шара — бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгерген түрі — Күлшара.
ГҮЛШАРУАН — гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.
ГҮЛШАТ — иран тілінен алынған — шаттық, қуаныш гүлі.
ГҮЛШАШ — (қараңыз: Сұлушаш).

есімдер мағынасы, қазақша есімдер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: