Ғазиз…… Ғафура
ҒАЗИЗА — араб тілінен алынған азиз — күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз деген мәнде қойылған есім. Өзгерген түрі — Қазиза.
ГАЙНИ, ГАЙНИЯ — араб тілінен алынған эйнь — кез, ең маңызды, аса елеулі.
ҒАЙНИЖАМАЛ — араб тілінен — әдемі, көркем, танакез.
ҒАЛИМА — араб тілінен — білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.
ҒАЛИЯ — (қараңыз: Әлия).
ҒАРИФА — араб тілінен — көмекші, оқушы, аға бастық.
ҒАФУРА — араб тілінен — кешірімшіл.
Дайана…… Ділдә
ДАЙАНА — латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.
ДАМИРА – жаңа есім — «да здравствует мир», әйелдер есімінің қосымшасы «а».
ДАНА — иран тілінен — білгір, данышпан.
ДАНАГҮЛ — иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.
ДАРА — қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
ДАРИҒА — иран тілінен — шіркін-ай, ойпырай деген көңіл — күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.
ДАРИЯ — иран тілінен — теңіз, ұлы өзен.
ДӘЛИЛА — араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.
ДӘМЕЛІ — үмітті, үміткер.
ДӘМИНА — араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгерген түрі — Дамина.
ДӘНЕШ — иран тілінен — білім, ғылым.
ДИДАРА — иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.
ДАНЕШ — иран тілінен — білім, ғылым.
ДИЛА – грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.
ДИЛЬНАЗ — парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.
ДИНАРА — араб тілінен — алтын тиын, ақша.
ДҮНИЯ — араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік.
ДҮРИЯ — иран тілінен алынған дуруйе — жібектен тоқылған әдемі мата.
ДІЛАРА — иран тілінен — көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.
ДІЛБАРА — иран тілінен — сүйікті, өте сұлу.
ДІЛДӘ — араб тілінен — алтын ақша; таза алтын.
есімдер мағынасы, қазақша есімдер