Зағила…… Зылиқа | Qazbrand.info

Зағила…… Зылиқа
ЗАҒИЛА – араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.
ЗАҒИПА – араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік, «а» – қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.
ЗАҒИРА – (қараңыз: Зағила).
ЗАЙДА – иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙРА – араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙТУНА – бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.
ЗАҚИРА – араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИЛИЯ – араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИРА – араб тілінен – асыл арман, тәтті қиял, ой.
ЗАРА – иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — алтын — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.
ЗӘКИЯ – араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сезімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗӘМЗЕГҮЛ – араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл – көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.
ЗӘМЗАМИЯ – араб тілінен — су тасушы.
ЗӘРИПА – араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.
ЗӘУРЕ – араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.
ЗЕЙНЕП – араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.
ЗЕЙНЕГҮЛ – араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.
ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.
ЗЕРЕ – иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.
ЗИБА – иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.
ЗИБАГҮЛ – гүл сияқты әдемі, сұлу.
ЗИЛА – араб тілінен — таза, ашық, айқын.
ЗИНИРА – араб тілінен – безенген көрікті, көркем.
ЗИНИЯ – араб тілінен – безенген, әшекейленген, сәнденген.
ЗИЯ – араб тілінен алынған зийна – жарық, сәуле.
ЗИЯГҮЛ – гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете – қысқартып айтылатын түрі — Зияш.
ЗИЯДА – араб тілінен алынған зиада – артықша, ерекше, тамаша.
ЗУРА – (қараңыз: Зәуре).
ЗҮБАЙДА – араб тілінен – таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.
ЗҮБАЙРА – араб тілінен – күшті, ақылды.
ЗҮЛФИЯ – араб тілінен – бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.
ЗҮМРАТ – иран тілінен – қымбат, бағалы тас.
ЗЫЛИҚА – араб тілінен – жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар