Индира…… Ирада
ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.
ИРАДА — араб тілінен алынған — ерік, ықылас.
Кабира…… Күнсұлу
КАБИРА — араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.
КАРИНА — жаңа есім — Карск теңізі атынан қойылған есім.
КӘМАЛИЯ — араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.
КӘРИМА — араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.
КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.
КЕЛБЕТ — көрік, ажар, әр, тұлға.
КЕНЖЕ — ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.
КЕҢЕСГҮЛ — жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.
КЕРІМБАЛА — керемет сұлу қыз бала.
КЛАРА — латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.
КҮБАРА — араб тілінен алынған кубра — үлкендер, ұлылар.
КҮЛАЙ — гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.
КҮЛАЙХАН — гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі — Күлән.
КҮЛАЙША — тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.
КҮЛӘНДА — тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.
КҮЛӘСИЯ — иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.
КҮЛБАҒИЛА — иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.
КҮЛБАҒИРА — иран тілінен алынған гул + багира, бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.
КҮЛБАЛА — кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.
КҮЛИРА — иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира, ирода — ерік, ықтияр.
КҮМІСАЙ — қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
КҮНАЙ — күн мен айдай болсын деп қойылған есім.
КҮНЖАМАЛ — күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.
КҮНСҰЛУ — күндей сұлу, әдемі.
есімдер мағынасы, қазақша есімдер