Қазиза…… Қырмызы | Qazbrand.info

Қазиза…… Қырмызы
ҚАЗИЗА – (қараңыз: Ғазиза).
ҚАЗИЛА – араб тілінен алынған қази, қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.
ҚАЗЫНА – араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
ҚАЛАМҚАС – жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.
ҚАЛБИБІ – (қараңыз: Аққал).
ҚАЛИЯ – (қараңыз: Әлия).
ҚАЛУА – (қараңыз: Алуа).
ҚАЛУАН – (қараңыз: Алуа).
ҚАЛТҰРҒАН – (қараңыз: Аққал).
ҚАМАРИЯ – араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.
ҚАМҚА – қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.
ҚАПИЗА – араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.
ҚАРАГӨЗ – мөлдір, әдемі, нәркес көз.
ҚАРЛЫҒАШ – құс атауынан қойылған есім.
ҚАТИРА – араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.
ҚОРЛАН – араб тілінен — хор сұлуы, хор қызы.
ҚҰНДЫЗ – терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
ҚҰРАЛАЙ – киіктің лағы; уақыт мезгілі (15 — 20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.
ҚЫЗҒАЛДАҚ – қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.
ҚЫМБАТ – аса бағалы, құнды, нарқы артық.
ҚЫРМЫЗЫ — шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек; нұрлы, әрлі.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар