Лазым…… Ләтипа, Мағрипа…… Мүштари

Курстық жұмыс: Геология | Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбалары | Qazbrand.info

Лазым…… Ләтипа

ЛАЗЫМ — араб тілінен алынған — қажет, міндетті, көрікті.
ЛАШЫН — алғыр, қыран құс, сұңқар.
ЛӘБИБА — араб тілінен алынған — ақылды, парасатты, өткір.
ЛӘЗЗАТ — араб тілінен алынған — тәттілік, шырындылық, сүйкімділік, жағымды, ұнамды, жаратымды.
ЛӘЗИЗА — араб тілінен алынған лазиз — тәтті, шырынды, дәмді; ең жақсы, өте тамаша.
ЛӘЙЛА — араб тілінен алынған әлләйлун — түн, кеш, көне еврей тілінде Лилия. Түрі — Лейла.
ЛӘТИПА — араб тілінен алынған латиф — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.
Мағрипа…… Мүштари
МАҒРИПА — араб тілінен алынған магрифет — білім, таным, өнер, сауаттылық яки солардың иесі.
МАЙНА — иран тілінен — индия қараторғайы.
МАЙНҰР — май айында туған нұрлы, көркем, сұлу қыз.
МАЙСА — тәжік тілінен — ерте көктем; көк майса, шалғын.
МАҚПАЛ — иран тілінен алынған бахмал — барқыт.
МАНАТ — көбіне қызыл түсті келетін, фланель тектес мата.
МАНЗУРА — араб тілінен — бағышталған, арналған.
МАРЖАН — теңіз астынан алынатын қызыл, яки ақшыл түсті тастар; інжу.
МАРЗИЯ — араб тілінен алынған мәрзия — разы қылушы, яки жағымды, келіскен; көпшілік ұнатқан, мақұлдаған.
МАРИЯ — көне еврей тілінен келген — өте жақсы, тамаша; биік мәртебелі ханша. Дыбыстық өзгерген түрі — Мәрия, Мәриям.
МАРФУҒА — араб тілінен алынған марфуа — биік мәртебелі, үлкен дәрежелі.
МАРХАБА — араб тілінен алынған мархабан — хош келдіңіз, қайырымдылық.
МАСТУРА — араб тілінен — жамандықтың алдын алушы, жақсылық тілеуші; адал, таза, құрметті әйел.
МАТЛУБА — араб тілінен — арманы орындалған.
МАУСЫМЖАН — араб тілінен алынған — маусым — уақыт, шақ, жиын-терін; ескі календарь бойынша төртінші ай аты; мейрам, мереке.
МАХБАРА — тәжік тілінен алынған мах — ай + бара — сұлу, махпора — сұлу, көркем.
МАХБҮБІ — тәжік тілінен алынған мах + араб тілінен алынған бубі ~ бибі, яғни айдай сұлу, сүйікті, сүйкімді.
МАХИНҮР — иран тілінен — айлы, жарық, айға ұксас сұлу.
МӘДИНА — араб тілінен алынған Мәдинә Сауд Аравиясындағы қала.
МӘЛИКЕ — араб тілінен — патша әйел, ханша, ханым; билеуші әйел, патшаның әйелі.
МӘНЗИЛА — араб тілінен — дәреже, атақ; әлеуметтік жай.
МӘНСУРА — араб тілінен алынған мансұр — жеңімпаз, жеңуші.
МӘРМАРА — араб тілінен — асыл ақ тас.
МӘУЕ — араб тілінен — жеміс.
МЕЙРАМГҮЛ — қуаныш гүлі. Түрі — Мейраш.
МЕЙІЗ — иран тілінен — жүзім, кептірген жүзім. Біріккен тұлғалы түрі — Мейізгүл.
МЕЙІРЖАН — иран тілінен алынған меһр — ынта, ықлас, ынталы, ықласты, ақ пейіл.
МЕРЕКЕ — той, тамаша күні туған балаға берілген есім.
МЕРУЕРТ — иран тілінен — асыл моншақ.
МИРА — жаңа есім — бейбіт, тыныштық өмір.
МҰХТАРИМА — араб тілінен — қадірлі, құрметті, сыйлы.
МҰКАРРАМА — араб тілінен — құрметке бөленген, қадірлі, сыйлы.
МҮЛИПА — араб тілінен — кітап шығарушы ақын.
МҮНИРА — араб тілінен — нұрлы, жарық, жарқын, айқын. Түрі — Мінира.
МҮШТӘРИ — араб тілінен — сатып алушы; жұлдыз.

есімдер мағынасы, қазақша есімдер

© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: