Талжан…… Тұрсынай | Qazbrand.info

Талжан…… Тұрсынай
ТАЛЖАН – тал – өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша – жан.
ТАЛШЫБЫҚ – қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.
ТАЛШЫН – ағаштың бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.
ТАМАРА – көне еврей тіліндегі құрма ағашы.
ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.
ТАНА – ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.
ТАҢСЫҚ – құмар, әуес; сирек зат.
ТАҢШОЛПАН – таң жұлдызы, жарық жұлдыз.
ТӘБИБА – араб тілінен – емші, дәрігер.
ТӘБИЛА – араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).
ТӘБИЯ – араб тілінен – қорған, қамал, бекініс.
ТӘЖІГҮЛ – иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гүлдей әдемі сұлу.
ТӘЛИПА – араб тілінен алынған таалип – талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.
ТӘМИЛА – араб тілінен – тау кептері, көгершін.
ТӘНЗИЛА – араб тілінен – әмір, бұйрық.
ТӘНЗИЯ – араб тілінен – тазалық, пәктік.
ТӘРБИЕ – араб тілінен – тәртіп, ауыспалы мағынасы үлгі – өнеге.
ТӘТТІБАЛА – сүйікті, сүйкімді қыз бала.
ТЕҢДІК – бостандық, еркіндік, тең құқықтық.
ТОҒЖАН – әлді, күйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.
ТОЙБАЛА – той күні туған қыз бала.
ТОЛҒАНАЙ – толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
ТОЛҚЫН – теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.
ТОРҒЫН – үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.
ТОРЫМБАЛА – көне түркі торым — бота, ботақан + бала.
ТОТЫ – тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.
ТҰРҒАН – берік тұрып қалған, тоқтаған.
ТҰРСЫНАЙ – ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір – жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар