Қыздардың есімдері мағынасымен | Qazbrand.info

Уазипа…… Уәсима
УӘЗИПА – араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем.
УӘСИЛА – араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
УӘСИМА – араб тілінен алынған вәсимә — әдемі, сұлу, сүйкімді, жылы шырайлы.
Ұлбала…… Ұрқия
ҰЛБАЛА – қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.
ҰЛЖАН – ұл баласы аз немесе жоқ ата – ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.
ҰЛПА – қазақ — жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалықтың символы.
ҰЛФАТ – араб тілінен — достық, махаббат.
ҰРҚИЯ – араб тілінен алынған рукия — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.
Үмігүлсім…… Үрия
ҮМІГҮЛСІМ – араб тілінен – Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.
ҮМІТ – иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.
ҮРИЯ – араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.
Фазила…… Фируза
ФАЗИЛА – араб тілінен алынған — аса қадірлі, құрметті қыз (әйел); сый, құрметке лайық, тамаша кісі. Өзгерген түрі — Бәзила.
ФАРИДА – араб тілінен — інжу, маржан; теңдесі жоқ, сирек зат.
ФАРИЗА – араб тілінен — міндет, борыш.
ФАТИМА – араб тілінен — емшек сүтінен айырған қыз, ер жетіп, өскен қыз. Өзгерген түрі — Батима.
ФАУЗИЯ – араб тілінен — жеңуші, жеңімпаз; салтанат.
ФИРУЗА – иран және тәжік тілдерінен — бақытты, ырысты; нұр шашушы.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар