Хабиба…… Хафиза
ХАБИБА — араб тілінен — жан дос, сүйікті, сүйкімді қыз, әйел. Түрі — Қабиба.
ХАДИША — араб тілінен — шала туған қыз. Түрі — Қадиша.
ХАДИЯ — араб тілінен — сый, тарту. Түрі — Қадия.
ХАЛИДА — араб тілінен — мәңгі бақи, өлмес, ұзақ жасаушы.
ХАЛИЛА — араб тілінен — сүйікті дос, адал жолдас қыз. Түрі — Қалила.
ХАЛИМА — араб тілінен — рахымды, жуас. Түрі — Қалима.
ХАЛИСА — араб тілінен — таза, қоспасыз, адал.
ХАНИФА — араб тілінен — адал, таза, ақ.
ХАТИМА — араб тілінен — жомарт, қайырымды.
ХАТИПА — араб тілінен — уағыздаушы; бата беруші, мақтаушы. Түрі — Қатипа.
ХАФИЗА — араб тілінен — қорғаушы, сақтаушы.
Шара — Шырынгүл
ШАРА – қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.
ШАРАПАТ — араб тілінен алынған шарафат — ізгілік, адамгершілік, жақсылық; абырой, құрмет, даңқ, ізет.
ШАРБАНУ — иран тілінен алынған шахр + бану — ханым, қала бастығы, әкімі; қаланың сұлу бикештері.
ШАФИҒА — араб тілінен алынған — шарапат, мейірім жасаушы, рақымы мол қыз.
ШАХЗАДА — иран тілінен алынған — араб тілінен алынған — шах баласы, қызы.
ШАХИЯ — иран тілінен алынған — шахқа байланысты, шахқа тән; ең жақсы, ең таңдаулы, аса зор.
ШӘКИРА — араб тілінен алынған — алғыс айтушы, кұрметтеуші; мейірбанды, асыл.
ШӘМСИЯ — араб тілінен алынған — күн. Түрі — Шәмшия.
ШӘРБАТ — араб тілінен алынған — жеміс шырыны, суы.
ШӘРИПА — араб тілінен алынған шариф — мейірбан, игі, қасиетті, құдіретті.
ШЕКЕР — иран тілінен алынған шакар — қанттың уақ, майда ұнтағы; ауыспалы мағынасы тәтті құмшекер. Түрі — Секер. Біріккен тұлғалы есімдер — Шекерқан, Секерқан.
ШОЛПАН — қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.
ШҰҒА — биязы, жұмсақ мата.
ШЫНАР — қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жапырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы қолжетпес биік, асқақ.
ШЫНАРГҮЛ — шынар ағаш гүлі сияқты әдемі, сұлу.
ШЫРАЙГҮЛ — гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.
ШЫРЫН — иран тілінен алынған — жеміс нәрі.
ШЫРЫНГҮЛ — тәтті, нәрлі гүл, яғни гүлдей нәзік, әдемі, сұлу.
Ырысалды…… Ырысты
ЫРЫСАЛДЫ — ырыстың, бақыттың алды. Қазақ тұңғыш балаға ырыстың бастауы болсын деп осындай есім берген.
ЫРЫСБАЛА — бақытты, ырысты қыз бала. Синонимдері — Ырысжан, Ырысқан, Ырысқалым.
ЫРЫСТЫ — бақытты, құтты.
Інжү…… Іңкәр
ІНЖҮ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі тастар; Маржан.
ІҢКӘР — араб тілінен алынған — құмар көңіл, ынтық, аса жақсы көретін ынтызар. Біріккен тұлғалы есім – Іңкәрбала.
есімдер мағынасы, қазақша есімдер