Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары | Qazbrand.info

Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары
Табар…… Тілеміс
ТАБАР – қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.
ТАБЫЛҒАН – баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.
ТАҒАЙ – араб тілінен – нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.
ТАЗАБЕК – нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.
ТАЙБЕК – тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі – Тайжан.
ТАЙЛАҚ – ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.
ТАЙМАС – өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.
ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши — аға тәрбиеші, ұстаз; атақты, әйгілі адам.
ТАЙЫР – араб тілінен алынған таир – жоғарыға ұшушы; құс.
ТАҚЫР – араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.
ТАЛАП – араб тілінен алынған талаб – іздену, талап ету, өтініш, тілек.
ТАЛҒАТ – араб тілінен алынған – өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.
ТАЛҚА – араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.
ТАЛМАС – арымас, шаршамас (адам).
ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.
ТАҢАТ – таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.
ТАҢБОЛ – ата – ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.
ТАҢСЫҚБАЙ – ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.
ТАРҒЫН – көне түркі тілінен — ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.
ТАСБОЛАТ – тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
ТАСЕМЕН – тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.
ТАСҚЫН – бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.
ТАСТАЙ – бала тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.
ТАСТЕМІР – ата – ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.
ТАСТҮЛЕК – мықты ұрпақ, жеткіншек.
ТАТУБАЙ – бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).
ТАУ – шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман. Қысқартып айту түрі – Тауан.
ТАУАСАТ – өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.
ТАУФИХ – араб тілінен алынған тавфих — табыс, жетістік, бақыт; әрекет, көмек.
ТАХАУИ – араб тілінен алынған — тұкым; ұрпақ.
ТӘЖІ – иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.
ТӘКІМ – араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.
ТӘЛІП – араб тілінен алынған таалип — талапкер, талап етуші, білім ізденуші; сұраушы.
ТӘҢІРБАЙ – (қараңыз: Көкбай).
ТӘТТІБАЙ – тәтті, ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.
ТӘУЕКЕЛ – тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.
ТӘУІР – жақсы, оңды.
ТЕГЕРАН – парсы тілінен – «тех» – түп, «ран» – баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегеран сөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)
ТЕМІР – бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.
ТЕМІРБОЛАТ – бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.
ТЕМІРБЕК – (қараңыз: Бектемір).
ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.
ТЕМІРҚАН – темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.
ТЕМІРЛАН – темір + қосымша лан
ТЕМІРТАС – темір мен тастай мықты, берік.
ТЕМІРТҮЛЕК – темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.
ТЕҢІЗБАЙ – байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.
ТИЕС – тиісті, тиесілі, қатысты.
ТИЯНАҚ – тірек, тұрақ, табандылық.
ТОҒЫЗАҚ – әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата – аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.
ТОҒЫЗБАЙ – бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.
ТОҚАН – көне түркі — сұңқар.
ТОҚСАНБАЙ – тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.
ТОҚТАР – ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т. б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.
ТОҚТЫБАЙ – ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.
ТОҚЫР – араб тілінен алынған – қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.
ТОЛАҒАЙ – дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.
ТОЛЫБЕК – үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.
ТОЛЫС – жетіле, өсе түс, ер жет.
ТОМАН – моңғол тілінен тумэн — он мың; бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері – Түмен, Туменбай.
ТӨБЕЙ – үлкен, зор.
ТӨЛБАЙ – үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.
ТӨЛЕБАЙ – бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.
ТӨЛҒОЖА – тұнғыш бала өзінен кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.
ТӨРЕБЕК – көне түркі тілінен – төре — тәртіп, ереже, заң; әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.
ТУҒАНБАЙ – туған + бай. Бай болып туған.
ТҰРҒАНБЕК – (қараңыз: Бектұрған).
ТҰРДЫБЕК – бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.
ТҰРМАНЖАН – ертеде көшпелі тұрмыста ер – тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.
ТҰРСЫН – баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.
ТҰРСЫНБАЙ – яғни көп, ұзақ жасасын.
ТҰРСЫНБЕК – яғни өмірі берік болсын.
ТҰРСЫНЖАН – жаны аман болсын, көп жасасын.
ТҰРЫМТАЙ – қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.
ТҰЯҚБАЙ – тұяқ — уақ мал, қой – ешкі; ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.
ТҮГЕЛБАЙ – бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.
ТҮЛЕК – жас өспірім, жеткіншек.
ТҮЛКІБАЙ – балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.
ТҮМЕН – (қараңыз: Томан).
ТҮРГЕНБАЙ – түһген — жылдам, тез + бай.
ТҮСІП, ТҮСҮП – (қараңыз: Жұсіп).
ТЫНАЛЫ – тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.
ТЫНЫС – дем; үзіліс, дамыл, тыным.
ТЫНЫСТАН – дем алу, дамылдау.
ТЫНЫШТЫҚ – (қараңыз: Еламан).
ТЫНЫШТЫҚБЕК – (қараңыз: Бейбітбек).
ТІЛЕГЕН – тілеп, сұрап алған бала.
ТІЛЕК – мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата – аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.
ТІЛЕМІС – тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.

Уайыс…… Уали, Уәлі
УАЙЫС – араб тілінен алынған — күш, жігер.
УАХАП – араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.
УАХАТ – араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).
УӘЛИ, УӘЛІ – араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.

Ұзақ…… Ұлықбек
ҰЗАҚ – бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.
ҰЙЫҚБАЙ – бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.
ҰЛАН – түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.
ҰЛАС – жалғас, селбес.
ҰЛЫҚБЕК – ұлы, зор + бек.

Үдербай…… Үстем
ҮДЕРБАЙ – көшіп – қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.
ҮЛГІБАЙ – бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.
ҮМБЕТ – араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.
ҮМІТ – иран тілінен – сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім – Үмітбек.
ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.
ҮСЕН – араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.
ҮСТЕМ – басым, артық.

Фазыл…… Фахир
ФАЗЫЛ – (қараңыз: Базыл).
ФАЙЗ – араб тілінен – жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.
ФАЙЗРАХМАН – араб тілінен – рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.
ФАРИД – араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.
ФАХИР – араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.

Хабиб…… Хұсайын
ХАБИБ – араб тілінен – жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.
ХАДИМ – араб тілінен – қызметші, жалшы, қызметкер.
ХАЙДАР – араб тілінен – арыстан. Бұл есімнін синонимдері – Әсет, Шер, Айдар.
ХАКІМ – араб тілінен – әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.
ХАҚНАЗАР – (қараңыз: Ақназар).
ХАЛЕЛ, ХАЛИЛ – араб тілінен алынған – сүйікті дос, жақсы жолдас.
ХАЛЫҚ – араб тілінен алынған халк — жұрт, қауым, адамдар.
ХАМЗА – араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.
ХАМИТ – араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық; зиянсыз.
ХАММАТ – араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.
ХАНГЕЛДІ – ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып – еркелете айтылатын түрі — Қаныш.
ХАНТЕМІР – (қараңыз: Темір – хан).
ХАРЕС – араб тілінен — егінші, дихан, соқашы; сақтаушы, күтуші.
ХАСАН, ХАСЕН – араб тілінен — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.
ХАТИП – араб тілінен — уағыздаушы, уағызшы; баға беруші, мақтаушы.
ХАФИЗ – араб тілінен алынған һафез — сақтаушы, күзетуші.
ХИКМЕТ – араб тілінен — философия, білім, құпия.
ХҰСАЙЫН – араб тілінен — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.

Шабай…… Шілдебай
ШАБАЙ – араб тілінен — жас жігіт, бозбала.
ШАБДАН – тәжік тілінен човидна — мәңгі, бақи; мәңгілік, ажалсыз.
ШАҒЫР – араб тілінен шагир — шайыр, ақын.
ШАДЫМАН – иран тілінен алынған шад – көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.
ШАЖАБЕК – көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.
ШАЙБАН – (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.
ШАЙХЫ – араб тілінен – ұстаз, үйретуші, тәрбиеші; ақсақал, дін басшысы, ғалым.
ШАКАРІМ, ШӘКӘРІМ – араб тілінен – қызметкер, қызметші.
ШАМАТ – араб тілінен — қал, мең.
ШАМБЫЛ – ащы дәмді өсімдік.
ШАМЕЛ – елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.
ШАМЖАН – шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.
ШАМИС – араб тілінен алынған шамси — күн, күншуақ, жарық; бірбет, қиқар.
ШАМШАТ – иран тілінен алынған шамшод, самшид — Кавказ самырсыны.
ШАПАҒАТ – араб тілінен алынған шафакат — аяныш, аяу, есіркеу, қайырымдылық, мейірімділік. Түрлері — Шапкат, Шафкат.
ШАПАҚ – таңғы жарық.
ШАРЫҚБЕК – араб тілінен алынған шарқ — шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.
ШАТТЫҚ – қуаныш, көңілділік.
ШАФИХ – араб тілінен — мейірім, қайырым етуші; рақымды, кішіпейілді.
ШАФХАТ – араб тілінен – рақымдылық, мейірімділік.
ШАФИХ – араб тілінен – мейірім, қайырым етуші; рақымды, кішіпейілді.
ШАХАХМЕТ – иран тілінен алынған шах + араб тілінен алынған – ахмет. Ахмет патша деген мағынада. түрі — Шаяхмет. Қысқартып еркелете айту түрі — Шайкен.
ШАХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған бұл есім шах және хан сөздерінің бірігуінен жасалған. Хандардың ханы, хандардың шахы деген мағынаны білдіреді.
ШАХАР – араб тілінен — қала, кент.
ШАХАРБАЙ – араб және қазақ тілдерінен алынған – қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.
ШАХМАРДАН – иран тілінен алынған шах + мардан — ержүрек, батыл. Фонетикалық түрі — Шаймерден. Еркелете айтылатын түрі — Шәкен.
ШАМҰРАТ – (қараңыз: Самұрат).
ШАХМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған шах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет.
ШАШУБАЙ – қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.
ШӘДІ – иран тілінен алынған шади — қуаныш, көңілділік, шаттық.
ШӘКІР – араб тілінен алынған — игі, асыл, мейірбан, сыйлаушы, құрметтеуші.
ШӘМШИ – араб тілінен алынған шамси – күн.
ШӘПИ, ШӘФИ – араб тілінен алынған – емдеуші, емші.
ШӘРИЗАТ – иран тілінен алынған ширази — бақыт, ырыс, қуаныш + зат – бала, перзент, яғни бақытты бала.
ШӘРІП – араб тілінен алынған шариф — құрметті, атақты, қымбатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Шәріпбай, Шәрінбек, Шәріпхан, Шәріпқали.
ШЕГЕ – бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.
ШЕГЕБАЙ – баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.
ШЕР – (қараңыз: Әсет).
ШЕРӘЛІ, ШЕРҒАЛИ – иран тілінен шер — арыстан; батыл, ер жүрек + араб тілінен алынғанғали, әли — жоғары, биік, ен асқақ. Бұл есімнің жинақ мағынасы: батыр, ер жүрек, арыстан Әли.
ШЕРИ – көне түркі тілінен черу — әскер, қол.
ШЕРМҰХАМБЕТ – иран тілінен алынған шер – арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.
ШЕРНИЯЗ – иран тілінен алынған шер + тәжік тілінен – нияз – өтініш, тілек, тілену, үміт, сый, тарту.
ШЕРУБАЙ – көне түркі тілінен шері немесе алтай тілінен черу – әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.
ШЕРХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған — арыстандай айбатты, мықты, батыр, ер – жүрек.
ШОҚЫ – биік төбе, дөң; шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.
ШОҚЫР – балықтың бір түрі.
ШОЛПАНБАЙ – бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.
ШОМБАЛ – зор, ірі, жуан.
ШОНА – моңғол тілінен — қаскыр. Бөрібай, Қаскырбай есімдерімен мәндес.
ШОҢ – қырғыз тілінен алынған — үлкен, зөр, дәу. Біріккен тұлғалы есімдер — Шоңбай, Шоңбек, Шоңқұл.
ШОРА – көне түркі тілінен — мырза, бек, шонжар; одақ, кеңес. Біріккен тұлғалы есімдер — Шорабай, Шорабек.
ШОРТАНБАЙ – шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.
ШЫҒАЙ – көне түркі тілінен – кедей, күйсіз.
ШЫҒАНАҚ – құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.
ШЫМЫР – нығыз, берік, денесі мығым; батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.
ШЫНТЕМІР – темірдей мықты.
ШЫРАҚБЕК – иран тілінен алынған ширақ — жарық, шам + бек.
ШІЛДЕБАЙ – иран тілінен алынған чеһел, нел — қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым + бай.

Ыбырай…… Ыстамбақы
ЫБЫРАЙ – көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.
ЫДЫРЫС – араб тілінен — талаптанушы. Фонетикалық түрі — Едірес.
ЫҚЫЛАС – араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.
ЫҚСАН – араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.
ЫРЫСАЛДЫ – бақыттың, құттың алғашқысы.
ЫРЫСБЕК – бақытты бек.
ЫСҚАҚ – көне еврей тілінен – күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.
ЫСТАМБАҚЫ – иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.

Ібни…… Ісмет
ІБНИ – араб тілінен — ер бала, ұл.
ІЗБАСАР – әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.
ІЛЕБАЙ – Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.
ІЛИЯС – еврей тілінен алынған – ильяс — күш, құдірет.
ІҢКӘРБЕК – араб тілінен алынған инкар — құмар, ынтың; ата – ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.
ІСМЕТ – араб тілінен — ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол; таза, пәк.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар