Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері | Qazbrand.info

Дискотеканы басқарудың негізгі принциптері музыкалық тынығу жұмыстарымен тығыз байланысты болып келеді. Негізгі принциптерге сүйене отырып, біз жастар демалысының жаңа түрін басқара аламыз. Музыкалық тынығу жұмыстары-музыкалық тәрбие берудің толық құндылығы-оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда, бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі, оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлыжағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілікке баули отырып, саналы музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыра аламыз. Жастардың музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып, патриоттық сезімдерін оята аламыз.

Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға жастардың музыкалық тынығуы-дискотека, көпшілік би кештері, жастар дискотекасы, лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады.

Музыка өмірдегі динамикалық құбылыстардың ойлаудан көрінетін үнсіз келбет- кескініне ғана емес, оны сырттай суреттеп қана қоймайды, ол таңғажайып сырлары бар мелодиялық үндесумен ішкі сезімі күйлеріне әсер беріп, тыңдаушысын белгілі нысанаға биімдеп баурап алады. Былайша айтқанда, адам жай-күйін тәрбиелейтін эстетикалық қабілетін дамытатын сенсорлық мәдениетке баулитын, іске батыл жетелейтін эмоциялық құралдардың бірі- музыка. Ол адам қоғамымен бірге дамып, қоғамдық формацияларды басынан кеміріп келе жатқан тарихи құбылыстың бірі. Сондықтан да, оның тууы, шарықтау, даму, өркендеу, биіктеу шеңберіне жету кезеңдері бар. Әр ұлттың музыкалық таланты мен арнасы әр түрлі уақытта өсіп, дамып жетіледі. Бұлардың даму кезеңі де өмірдің өзі туған сезімдерге байланысты. Музыкада әр қоғам өз көрінісімен ұлттық бояу, бейне арқылы көзге елестеп, сезімге әсер етіп жатады.

Қазақ халқының музыкасына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың бас кезінде шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды-көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е. Алекторов, А.Е. Бимбоэс, Г.И. Гизлер, С.А. Диваев, И.Д. Добровольский, А.И. Левшин, П.С. Палас, Р.А. Пфенниг, В.В. Радлов, С.Б. Рыбаков, Н.Ф. Савичев. Ш. Уалиханов, А.Ф. Эйхгорн т.б. атауға болады.

Өзінің “Қырғыздар мен сарттардың халық әндері” атты мақаласында: Р.А. Пфенниг: “Бұл халықтардың бірде-бірі жиын тойды әнсіз өткізбейді”, -деп жазды. Р.А. Пфеннигтің “Музыкальные инструменты народов Средней Азии и Казахстана”- атты кітапшасында Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде тараған музыкалық аспаптар туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Автор мұнда әр бір аспапқа, оның құрылысы, орындалу ерекшеліктеріне арнайы тоқталған. «Табиғат дүниедегі сұлулықтың ғажабы аспан ширақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы- ән, күй сазында»-дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл- Фараби. Музыка да ғылымның бір саласы екені баршаға аян. Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрінісін, жыл мезгілдерін, адамның мінез-құлқын, қайғы-қуанышын жеткізіп білдіре алады. Музыка дегеніміз- өмірдің бөлігі. Күнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді. “Музыка туа біткен дарындылық пен инстинкт түйсіктердің нәтижесінде дами келе ғылым дәрежесіне жетті. Адамның музыкалық өнері оның туа біткен жеке-дара қабілет нышандарына байланысты бірақ ол даму нәтижесі, тәрбиелеу мен үйрету нәтижесі” (Фараби). Яғни, музыкалық қабілет адам бойында үйрену, тәрбиелеу барысында дамиды. Жалпы музыка жастарға музыкалық эстетикалық тәрбие беруде, ішкі дүниесінің әсем де сұлу болып өсуіне ықпал жасайды. Жас сәби дүниеге шыр етіп келген күннен бастап, оны ұнамдылыққа, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу керек. Егер жас бүлдіршін кішкентайынан музыканы шын ықыласымен тыңдап түсіне білсе, ән салып, би билесе, халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде ойнауды үйренсе, онда олар үшін рухани ләззат алып, өмірге деген көзқарасы қалыптасып, шынайы биік армандар мен мақсаттарға ұмтылып, өнерлі де тәрбиелі адамзат болып өсуі хақ. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыруда мектептің, оның ішінде музыка мұғалімінің атқаратын міндеті зор.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар