Дискотеканы техникамен жабдықтау | Qazbrand.info

Музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастырушы ретінде мұғалім өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс. Мәдениеттің өзекті мәселелерінің бірі-өнер. Өнер адамзаттың көркем қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өнер жеке тұлғаның ғана емес, қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Өнер құндылықтар мен нормаларды, білімдер мен мән–мағыналарды орнықтырады, адамның мінез–құлқын қалыптастырады. Сондықтан да, қоғам өмірінде реттеу құралдары, дін, саясат өнерді өз мақсаттарында қызмет еттіруге талпындырады. Қоғам өмірінің бетбұрыс кезеңдерінде өнерге деген сұраныс өсе түседі. Бұл-өнердің руханилықпен, мәдениетпен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Өнер бір-бірімен тығыз байланысты және тарихи кезеңнің көркем мәдениеттің жалпы заңдылықтарына бағынышты өнер түрлерінің жүйесі ретінде орын алады.

Музыкалық білім беру тек мектептегі музыка сабағымен шектеліп қана қоймайды. Жасөспірімдердің эстетикалық, көркемдік қабілеттерін қалыптастыру, музыкалық танымдарын дамыту үшін көптеген өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлерін, формаларын, бұрынғы сарыннан, бұрынғы түрден өзгерте отырып, жастардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін, икемділігін, қасиетін дамыту керек.Өнердің қай түрімен болсын, қуанышпен, ризашылықпен, ықыласу керек. Мектептерде, мектеп сыртындағы орталықтарда, аспаптың үйірмелер, клубтар, әншілік мектептер, би үйірмелері, спорттық үйірмелер ұйымдастырылған.

Мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру-оқушылардың ой-өрісін жетілдіруді, мәдениеттілігін, адамгершілік қасиетін дамытуды, қоғамға, Отанға, жанұяға деген сыйластық, сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

Оқушылардың музыкалық тынығу жұмысы өмірдің бір бөлшегі тәрізді адамдардың сана сезіміне әсер ете алады,бала жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себумен бірге адамның бойында адамгершілік қасиеттерін оятып, сол арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастырады.

Міне, бүгінгі зерттеу жұмысымызда музыканың мәдени өмірдегі алатын орнын, оқушылардың музыкалық тынығу жұмысын ұйымдастыруда музыкалық жанрлар жүйесінің маңызын, театр және кино өнері, концерттік қойылымның музыкалық-эстетикалық тәрбиедегі әсерін, мектептегі музыкалық тынығу жұмыстарының кең тараған түрлері: мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру және оны өткізудің жолдарын қарастырдық.

Оқушылармен жүргізілетін музыкалық тынығу жұмыстарын ұйымдастыру барысында балалар өз беттерімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық, білімпаздық қасиеттері ұшталады, арман, қиялдарына қанат бітеді. Кештерді өткізуге дайындықтық өзі оқушылардың сана–сезіміне, мінез-құлқына әсер етіп, оларды ойлы іске жұмылдырары анық. Музыкалық тынығу барысындағы ұжымдық жұмыс құштарлық пен қуаныш сыйлап балалар арасында болатын кейбір келіспеушілік жайттарынан арылуға мүмкіндік береді және ол үшін ұтқыр қиялды әдіс-тәсілдер табу керек деген қорытынды жасап отырмын.

Әр өнер адамзаттың кайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі-бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр-опера, әсіресе балет-ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса-бәрі де басқаша. Ол-сөзсіз өнер. Оның негізі-би. Хореография-ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі-халық билерінде.

Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ән-би аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмысты билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді-бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жөрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомималық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі дамалар мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда өте ақырын павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар