Алғашқы балалар музыкалық театры. Театр-өнер түрі | Qazbrand.info

Театр (грек. Theatron – ойын – сауық орны) – қоршаған ортаны актер ойыны және драмалық іс-қимыл арқылы бейнелейтін өнер түрі.

Театр негізі–драматургия. Драматургия театр өнерінің даму бағытын, мазмұнын, оның жанрлары мен көркемдік құралдарының жетілуін айқындайды. Теарт үшін драматургия қандай қажет болса, драматургия үшін театр да сондай қажет. Драматургиялық шығарма ең алдымен көрермен үшін жазылады. Театрсыз драматургия өзінің барлық мазмұндық байлығын ашып көрсете алмайды.

Театр өнерінің туындысы–спектакль. Театрда творчестволық процесс пен оның нәтижесі– спектакльді ажырату мүмкін емес. Спектакльді кітап немесе картина, басқаша айтқанда, аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды, ол үзіліссіз, бітпес шығармашылық. Сондықтан актер әр спектакль сайын жаңа рөлге еніп, көрермен алдында кейіпкер образын жасайды.

Тұңғыш театрдың шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтің „Енлік-Кебек“ трагедиясымен ашылды. 1926-30 жылдары М.Әуезовтің „Бәйбіше-тоқал“, „Қаракөз“. Б.Майлиннің „Шаншар молда“, „Неке қияр“, Ж.Шаниннін „Арқалық батыр“, „Баян батыр“ пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктін кертартпа қылықтары өткір сыналды. Ол кезде эпостық тақырыптағы немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені, мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстардағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіптітартысқа түскен екі жақтын жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп, өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы.

Театрдың табиғаты жағынан–ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

Спектакльді дүниеге келтіруші–режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы, қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ ол спектакльді бір өзі жасамайды. Қалай десек те, актер театр өнерінің басты тұлғасы және өнердің бұл түрінің ерекшелігі де актермен, оның шеберлігімен тығыз байланысты. Қайталанбас театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге әкеледі.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар