XVII-XVIII ғасырдың басына дейінгі батыс- еуропалық музыка | Qazbrand.info

XVII ғасырдың музыка тарихында өнердің жаңа түрлері мен бағыттары пайда болды. Кәсіби шіркеулік музыка өенрі тоқтап, опера өнері пайда болды.

Опера жанрының пайда болуы арқылы музыка өерінің кейюір элементтері адамның жеке басының дамуына әсер етті.

Опера – бұл өнердің ең дамыған түрі. Опера – театры, поэзия, би, музыканың бір-бірімен тығыз байланыстырады. Опера өнері жетекші жанр болып қазіргі уақыттқа дейін сақталып келуде. XVII-XVIII ғасырда опера өнерімен қатар аспаптьық музыка, уыертюра, оркестрлік және балеттік сюита, драматургиялық опера жәе симфония пайда болды. Сонмыне қатар, үрмелі музыка, оратория, кантата, драмалаық бейнелер мен бірге операның формалары, вокалдық стильдегі концерт, композицияның принцптері дами бастады.

Опера – үлкен сана мен көпшілік жиналатын демократиялық аудиторияларда өтті.Тарих дамудың ескі көзқарасы, идеологиялық, ғылыми, әдеби, саяси әлеуметтік өнердегі көзқарастар, опера жанырың негігі мәселіс болды.

Италия операсы. Италия – опера жанырның туған отаны. Опера жанрында халықтық, сәсіби өнерге тән элементтер бар. XVI ғасырда музыка өнеріндегі музыкалық театр мен әнге деген қызығушылық өсті. Флоренция – көркем мәдениетке бай, опера өнерінің бірінші бастау алған жері. Флоренциялық меценат Джовани Барди мен Якопо Корси ашқан ақындық, музыкалық, өнер сүйгіштер үйрмелері тарихта белгілі. Бұл үйірмелер эстетикалық принцптер мен музыкалық драматургиялық өнердің жаңа түрлері жоспарланған. Мұндағы суретшілер, ақындар, мүсіншілер, камератқа қатысушылардың барлығы ежелгі антикалық музыкадан сусындады.

Қойлымдар мен шығармаладың мазмұны мен формасын ежелгі грек-им жазушыларымен философтарының еңбектерінен байқауға болады. Грек трагедиясының жарқын поэзия мен музыка антикалық өнердің негізгі үлгісі болып саналды. Антикалық заманда тамаша музыкант, виртуоз-лютмист, әнші композитор Барди Винчинцо, Галилей өмір сүрген. 1581 жылы Гелилейдің «Антикалық және қазіргі заман музыкасы туралы диолог» атты трактаты жарық көрген. Бұл тарактатта қазіргі заманғы музыка және вокалдық полифония жөнінде айтылған. Гелией әннің қасиетін зерттеп, речетативті вокалдық үлгідегі флорнеция операсының негізін қалады. Флоренциядағы алғаш 1594 жылы Корси театрында Ринуччинидің сөзімен Перидің музыкасына жазылған «Дафна» операсы болды. Флоренция операсының осы уақытқа дейін «Эврика» операсы ғана жеткен. Бұл операның сюжеті Орфейдің антикалық аңызының негізінде қаланған. «Эврика» операсы 1600 жылы Француз каролы Генрих IV-пен Мария Медичидің некелесу мерекесінде қойылды. Операның шағын аспапты ансамбль мен үрмелі аспаптар сүйемелдеген.

Антикалық трагедия дегеніміз – музыкалық әсермен пролог, жылдам және қысқа пъесаның мазмұны. Флоренциялық композиторлар антикалық трагедияларды қоса опералық хорларында ұсынды. Бұған себеп өмір деген көз-қарастың өсуі, құдайға деген сенімділік, музыкалық драманың әсері. 1600 жылы Джунно Каччинидің «Эвридика» операсының сюжеті қалған. Мнда композициялық драматургияның принциптерімен вокалдық өнердің виртуоз үлгілері қолданылған. Флоренциялықтаң музыкаға деген қызығушылығымен аристократтарға деген сүйіспеншіліктерін арттыруда тарихи камераттың қызметі зор болған.

Антикалық трагедияға жүргізген зерттеулер барысында монодикалық білімнің жаңа түрімен жеке дауысты вокал үлгісі дамыды. Речитатив, драмалық декламация мен музыкалық драманың негізін қалады. Ежелгі Италия операсының орталығы – Рим. Ағайынды Барбернилер Римдегі опера театрын ұйымдасытырып құрды. Барбернилер операға атақты әнші композиторлардың қатыстыруды жөн санаған. Олардың ішінде талантты музыканттар Стефано Ланди, ағайынды Мадзоки, Марко Марадзоли, Лоретто Виттори және т.б. болды.

Римде Италия опера өнерінің жаңа кезеңі басталып, музыкалық жоспарлары жасалынып, сюжеттер құрылды. Римдіктер опералық композицияға хор және ансамбльге, жеке орындауға, ариоза мен арияның, речетативті орындауға қол жеткізді. Рим операсы Стефано Ландидің шығармашылығымен тығыз байланысты. 1632 жылы Барберни театрында Ландидің «Св. Алексей» операсы қойылды. Бұл опера Италия операсының ең биік шыңы. Римдік қойылымдардың сюжеттері христян дініне табындыруды көрсеткен. Ландидің «Св. Алексей» операсында драмалық комедияның жаңа элементтерін көруге болады. Римде христян дініне қарсы театр, қала алаңдары және көпшілік қауым жиналатын жерлерге опералық қойылымдар қойылып отырған. Сонымен қатар, халықтың көңілін көтеретін комедиялық қойылымдар көрсетілген. Халық музыкасы мен комедиялық эпизоттар бір тақырыпқа қызмет етті. Рим мектепбінің әуесқолары венеция және неополитан операларын зерттеді. Рим мектебінің ең алғашқы опералырының бірі Лоретто Виктторидің «Галатея» операсы. Виктторидің бұл операсы туралы Ромен Роллан былай деген: «Позияның көркемдігімен музыканың сұлулығын өте шебер байланыстырған, мұндай көрініс антикалық үлгіде жазылған Глюктің «Орфей» операсынанда кездестіруге болады».

XVII ғасырдың музыкалық әдебиетінің тарихы ұлы италян композиторы Клаудио Монтевердидің шығармашылығымен тығыз байланысты. К. Ментоверди 1567 жылы Кремонс қаласында дәрігерлер жанұясында дүнеиег келген. Кремонс университетінде білім алып, еңбек жолын, Пьемонтском шіркеуінде капельмейстр, болып бастады. Монтеверди 1600 жылы «Орфей» операсын, 1608 жылы «Ариадна» операсын жазды. Монтеверди вокалды-полифониялды өнерді нағыз шебері болған. Ол полифониялық музыканы эмоция арқылы мойындата білген. Монтеверди жаңа трактатты опера және камератқа опералық концепция жазуды дамытты.

Композитор 1641 жылы «Возвращение Улисса», 1642 жылы «Коронация Поппей» операларын жазды. Оның драмалары флорнециялық операның үлігісі ретінде өзіндік ырғағымен ерекшеленіп мифологиялық сюжетпен тарихи шындыққа құрылған. «Коронация Поппей» операсы Венеция рсеспубликасының дамуы туралы жазылған. Бұл операның желісі мынадай: Сенеки өлімі алдында оқушыларымен жанұясымен қоштасуы туралы трегдиялық сахна, үй күтушілерінің лирико-комедиялық дуэтіне ауысып, октавиның монологымен, соңы Ханша мен Неронның махаббат дуэтымен аяқталады. Монтевернидің шығармалары Шекспирдің шығармаларына өте ұқсас. Композитор оркестр құрамына баса назар аударған. Ол өзі операларын сүйемелдей үшін оркестр құрамында 40-тан астам аспапты қолданса, уақыт өте келе оркестр құрамын қысқартып, ежелден келе жатқан аспаптардың орнын скрипка, ішекті, үрмелі аспаптар мен алмастырып жаңа оркестр құрды. Монтеверди операға жеке дауысты әндер жазды. Заман дауына байланысты Монтеверди вокалдық музыканың жаңа түрлерін қалыптастырды. Италия опера өнерінде ұлы композитор Монтевердидің өзіндік орны бар.

Француз операсы. XVII ғасырдың екінші жартысында Француз операсының дамып шарықтаған сәті болды. Бұған себеп, Француз монархиясының дамуы, Франция мемлекетінің бірігуі, халықтық сана-сезімінің өсуі, көрші елдер мен сауда және мәдени байланыстардың нығаюында. Италияның көптеген адамдары мен өнер адамдары өнер Француз каролдарының сарайларында қызмет атқарады. Ұлы суретші Леонарда да Виншидің өзіде өмірінің соңғы күндеріне дейін Франциска срайында өмір сүрген. XV ғасырдан бастап Францияның мәдениеті, музыкасы, әдебиеті, театр саласы дами бсатады. 1567 жылы Парижде «Музыка және поэзия» академисяы ашылды. Парижде алғаш опера театры Люллидің басышылығымен құрылып ашылды. Париж музыкалық өнерімен монументальдық жанрлардың жаңа түрі қалыпстақан мәдениет пен шығармашылықтың орталығы болды. Франциядағы Италия музыкалық театры Екатерина медичидің Италия музыка мен комедияларына қызығушылығының арқасында ұйымдастырылып, ашылды. 1647 жылы Парижде ең алғаш италиян композитры Луиджи Россидің «Орфей» операсы қойылды. Операның халыққа ұнағаны себепті, ол бірнеше рет қайта сахнаға қойылды. Бұған француз оппозициялары қарсылық білдірген. Осыған байланыстьы бірнеше жыл өткеннен кейін ғана Париждіктер италия операларын қайтадан тамашалауға мүмкіндік алды. 1660 жылы Каваллидің «Ксерекс», 1662 жылы «Геркулес» опералары қойылды. Бұл опералар Ж.Б.Люллидің композиторлық жолын бастаумен сәйкес келді. Ол Каваллидің «Ксерекс» операсына балет музыкасын жазды. Парижде Каваллидің операларының қойылуы француз опера өнерінің алғашқы қадамы болды. Француз операсының негізін ақын Пьер Перрей мен музыкант Ромбер Камбер қалаған. Камбердің «Неблогадарная не моя» атты музыкалық шығармасы 1658 жылы сахнаға қойылды. 1669 жылы Перрей мен Камбер «Корольдің музыкалық академиясы» атты өнер ордасын ашты. Осылай пайда болған музыка театры, Франция музыка өнерінде қазіргі күнге дейін «Үлкен опера» деген атпен сақталып келуде.

Ағылшын операсы. Англиядағы опера өнерінің тарихы басқа едерге қарағанда баяу дамыған. Бұған себеп Англиядағы экономикалық саяси, мәдени қатынастардың Европа елдерінің қатарынан артта қалғандығы. Ағылшын революциясы феодалдық қысымнан құтылып, буржуазиялық кезеңнен жас және прогрессивті көркем шығармашылықты қалыптастырды. IX-Х-ХІІ ғасырлада Британияда музыка өнері ең соңғы орында тұды. Бұл уақыттарда тек орган мен ағылшын шіркеулерінде мәдени мұраның тарихы ғана тыңдалып отырған. Ағылшын полифонистерінің шығармалары XV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген композитор Данстейбльдің үлкен кәсіби өнерінен басталды. XVI ғасырда Англия өзінің композиторлары мен клавесинистерімен толықты. Аспаптық музыка өнерінің тарихында клавесинистер ең алғашқы болып шығармашылыққа жолдама алды. Ұлттық көркемдік дарындылықты дамытатын бұл – театр. Драматургиялық музыкалық жанр, ұлттық импровизациялық комедия, аристократтар мен бай – көпестердің сүйіп тыңдайтын шығармаларына айналды. Драматургиялық шығармалардың арасындағы үзілістерді музыкалық интермедяилармен тллықтырып отырған. Ю.Шекспир өзінің сахалық қойылымдарының музыкасына көп көңіл белген. Англияда музыкалық драматургиялық жанрға «маскі қолдану» пайда болды. Маскі ұлттық операда әртүрлі кейіп таныту үшін қолданылды. Атап айтар болсақ, драматургиялық диалогтарда, комедиялық интермедияларда, лирикалық эпизодтарда, санитарлық қойлымдарда. Бұлардың барлығы әуенмен сүймелденіп, имен аспаптық музыкамен және әртүрлі декларациялармен безінділірді.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар