XVII-XVIII ғасырдың басына дейінгі батыс- еуропалық музыка (2-бөлім) | Qazbrand.info

Гендель Георг Фридрих – неміс компзиторы. XVIII ғасырда өмір сүрген Европадығ аса ірі опералық композиторлардың бірі. Гендель 40-тан аса операның авторы. Бұл опера жанрында батырлық және тұрмыстық образдардың музыкалық мінездемелерін тереңдетіп, вокалдық формалар мен оркестрді байыта түсті. Монументті эпика – драмалық жанрдағы классикалық оратория тудыруда Гендельдің суреткерлік ерекше орында. 30-дан астам оротория жазған кмпозитор «Израиль, Египетте», «Иуда Моккевей», «Самсон», «Миссия», сияқты библиялық сюжеттерге жазған шығармаларында бұқара халықтың ұлылығын тұңғыш рет мадақтады. Гендель өз шығармашылығында неміс полофониясы мен ағылшын хор өнерінің дәстүрін одан әрі дамытқан суреткер.Композитор аспаптық музыкағада үлкен үлес қосты.

И.С.Бах – XVIII ғасырдың ұлы неміс композиторы. Бақтың өлімінен кейін 200 жылдан астам уақыт өтседе, оның музыкасына деген қызығушылық әлі де дамуда. Композитор өмірінің барысынгда ешқандай атақ-даңқа ие болмаған. Амалсыздан сарай музыканты, шіркеу хорының органисті мен жетекшісі болып қызмет атқарды. Аристокртаттарға Бах шығармаларының терең ойы мен қарапайымдылығы ұнамаған. Оны «оқымысты» деп яғни, «жалықтырғыш музыкант» ,- деп атаған. Ал шіркеулерде оның музыкалары өте сезімді, адамгершілікке тәрбиелейтін, сезімді тербейтін болып табылда. Себебі, шіркеу музыкалары адамның ойы мен сеімін біріктіріп, белгісіз кеңістікке жетелейтін болған.

И. С.Бахтың музыкасына деген жалпы көпшіліктің қызығушылығы оның өлімінен кейін бірнеше жылдан соң ғана арта бастады. 1802 жылы пофессор И.М.Форькелемнің жазуымен, Бахтың өмірбаяны баспадан жарық көрді. 1829 жылы неміс композиторы Мендельсонның басшылығымен Бахтың ұлы шығармасы «Страсти по Матфею» орындалды. Алғашқы Германияда Бахтың шығармаларының жалпы топтамасы жарық көрді. Дүниежүзінің музыканттары Бахтың музыкасын ойнаудан бастап, оның сұлулығы және терең сезімі, шеберлігін және дамуын сезінді. Бахтың өмірінде қиыншылқтар аз болмаған Ол ешқашан өз елін тастап, шетелдерде болмаған. Бірақ оның үлкен шеберлігімен жан-жақты білімімен еңбек сүйгіштігінің арқасында өзін қоршаған ортаға таныстыра білді. Бұған қарапайым еңбекшіл жанұяныңда әсері бар. Бахтың музыкалылығы бал кезінен нан табу мақсатында, цитрада ойнауынан басталған. Бахтың жанұясынан флейтистер, трубачтар, органстер мен скрипкашылар шыққан. Қорытындылай айтқанда, германиядағы музыканттардың барлығын Бах деп атап, Бахтардың барлығын музыкант деп есептеген.

И.С.Бах 1685 жылы немістің шағын қаласы Эйзенахта дүниеге келген. Ол алғаш скрипкада ойнауды өз әкесінен және қаланың музыканты әрі скрипкашысынан үйренді. Бала кезінен бастап қайталанбас дауысқа «сопраноға» ие болып, қала мектебінің хорында ән салған. Ешкім оның болашақ мамандығына күмән келтірмей: кішкентай Бах музыкант болуы тиіс деген.

Бах 9 жасында жетім қалған Оның тәрбиешісі Ордруф қалалық шіркеуінде органист болып қазмет атқаратын үлкен ағасы болатын. Ағасы Бахты гимназияға оқуға беріп, музыкалық білімін ары қарай дамытуға мүмкіншілік берді. Бірақ бұл жердегі музыканттар білімсіз болғандықтан, сабақтарда бір ізді жалықтырып өтілетін болған. Бұл музыкалы бала үшін жеткіліксіз болғандықтан, 10 жасар бала өзі білім іздеуге тырысты. Ағасының жабық тұратын шкафында сақтаулы тұрған шіркеу композиторларының шығармалары жазылған дәптерді білген бала, түнде құпия түрде дәптерді алып, айдың жарығымен ноталарын көшіріп алған. 6 айға созылған бұл тынымсыз еңбек болашақ композитордың көру қабілетіне кері әсерін тигізді.

15 жасар И.С.Бах жеке өмір сүру үшін Люненбург қаласына келді. 1703 жылы гимназиядағы оқуын аяқтап, университетке түсу құқығына ие болды. Бірақ Бахқа бұл құқты пайдалану керегі жоқтын.

Бах өзінің өмірін барысында жұмыс орнының ауысуына байланысты, бір қаладан, бір қалаға көшіп жүруіне тура келді. Бұған себеп жұмыс жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, қорлау мен біреуге тәуелді болуы. Композитордың өмірі мен шығармашылық жолы қандай күйде болмасын, ол ешқашан жаңа білім алудан бас тартпаған.Күшті энергия жұмсап, ол үнемі неміс композиторларымен қатар, Италия және француз композиторларыныңда шығармаларын жаттап отырды. Бах ұлы музыканттармен танысуға, олардың ойнау манерасын жаттауға ұмтылған. Бір кезде жолға таппаған Бах бір қаладан,екінші қалаға жаяу жолға шығады, ондағы мақсат шіркеу оргинсті Букстехуденің ойындарын көру.

Қандай қиыншылықтар болмаысн композитор өзінің шығармашылыққа деген қарым-қатынасын және музыкаға деген көзқарасын жоғатпаған. Бах өз шығармаларына үлкен сүйіспеншілікпен немістің халық әндері мен билерін қолданған. Басқа елдердің композиторларының музыкаларын білу, композиторға өзінің шығармашылық шеберлігін дамытуына әсерін тигізді.

И.С.Бахтың таланты композициямен ғана шектелмеген. Ол өз замандастарының арасында орган мен клавесинде күшті орындаушы болды. Бах органда ойнау дәрежесі импровизаторлық деңгейде болсада, өмірі барысында композитор ретінде танылмаған.

Атақты француз органистімен клавесинисті Луи Маршанмен сайысқа түсу үшін Бах Дрезден қаласына щақырылады. Осының қарсаңында музыканттардың танысу кеші өтеді, сол жерде екі музыкантта клавесинде ойнап өнер көрсетеді. Осы кеше Маршан Бахтың қайталанбас өнеріне тәнті болып, оның шын өнер исеі екенін мойындайды. Енді бірде Кастелье қаласында органның педальін қолдана отырып жеке концертін беріп, көпшішікті өзіне тәнті етті. Мұндй бақытты кезеңдерге Бах ешқашан мән бермей, ол әрдайым ізденімпаз әрі еңбек сүйгіш қалпында қалды.

1708 жылдан бастап Бах Веймар қаласында сарай музыканты мен қала органисті болым қазмет атқарды. Композитор Веймардағы кезеңдерінде ең үздік органдық шығармаларын жазды. Жазған шығармаларының ішінен танымал болғаны- токатто, және фуга «Ре миноры» мен атақты «Пасскаля до миноры». Бұл шығармалары дыбысы мен орындау шеберлігі жаынан өзіндік мазмұнға ие.

1717 жылы Бах жанұясымен бірге Кетен қаласына келді. Кетенде Бах клавирлік және оркестрлік музыканың негізгі бейнесін жасады. Кетен ханының шақырумен хан сарайына келді. Бірақ мұнда орган болмайды. Композиторға шағын оркестрге жетекшілік жасаумен ханың әдерін сүйемелдеу және клавесинде шығармалар ойнап көңілін көтеру жүктелген. Бах ешқандай қиыншылықсыз өз қызметін атқаруымен қатар бос уақытын шығармашылықпен айналысуға жұмсады. Осы уақытта жазылған клавирлік шығармалары, Бах шығармашылығының органдық шығаршығармаларынан кейін жазылған ең биік шыңдарының бірі. Кетенде жүрген кезінде екі дауысты және үш дауысты инвенициялар жазды. Композитордың бұл пьесалары үлкен ұлы Вильгелм Фридемономға жаттығу үшін жазылған. «Француздық және ағылшындық» сюиталары Бахты педагогикалық мақсатқа жетелейді. Кетенде жүрген кезінде Бах 24 прелюдия мен фуганы аяқтап, «Жақсы темперецияланған клавир» атты еңбегінің бірінші тоымын құрастырып шығады. Осы уақытта атақты «Храматикалық фантазия және фуга» ре минор шығармасын жазды. Қазіргі уақытта Бахтың инвенциялар мен сюиталары музыка мектептерінің бағдаламасында міндетті түрде қолданылса, ал«Жақсы темперецияланған клавир» аты еңбегіндегі прелюдиялары ме фугалары колледждер мен консерватоиялардың бағдарламасына енген. Педагогикалық мақсатта жазылған композиторджың бұл шығармалары музыканттардың көркем өнерге деген көзқарасын одан әрі дамытады. Осыған байланысты Бахтың клавир үшін жазылған пьесалары жеңіл инвенциямен басталып, соңы қиын хроматиалық фантазия және фугамен аяқталады. Мұны дүние жүзінің үздік пианситерінің орындауынан концерттерде немесе радиолардан тыңдауға болады.

1723 жылы Бах Лейпциг қаласына келіп, өміріне соңына дейін сол жерде қалады. Ол бұл жерде шіркеу жанынан ашылған әншілер мектебінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Бах мектептегі қаланың басты шіркеулерін, сонымен қатар, шіркеу музыкасының сапасы мен жағдайын өз жауапкерошілігіне алады. Тікелей жауапкершілікті өз мойнына алған соң әрі жетекші, әрі тәрбиеші және композитор болып қызмет атқарады. Бах Лейпцигте жүрген кезінде өзінің вокалды-аспаптық шығармалырын үлкен бөлімді кантата «Страсти по Иоанну», «Страсти по Матфею», «Мессу с минор» атты шығармаларын жазып шақты. «Страсти по Иоанну», «Страсти по Матфею» шығармаларының желісі Исус Христостың өлімі мен қайғы-қасіретіне құрылған Бахтың бұл шығармалары шіркеу қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл концерттік үлгідегі монументалдық шығарма. Шығарманы орындауға жеке әншілер, хор, оркестр, орган қатысқан. Кантаталар өз көркемдігімен композитор шығармашылығының ең биік шыңы. Шіркеу басшылығы Бахтың шығармаларына көңідері толмаған. Себебі, шығармалары көңілді болғандықтан, қатал шіркеу жағдайына қарама-қарсы болған.

Бах күрделі вокалды-аспаптық шығармалар мен қатар, клавир үшін музыка жазудыда жалғастырды. Мессалар мен бір уақытта атақты «Италянский концерт» шығармасы да жарық көрген. Бірнеше жылдан кейін Бах жаңа 24 прелюдия мен фугалары енген «Жақсы темперецияланған клавир» еңбегінің екінші томын аяқтап шықты.

Шынайы шығармашылық жұмыс пен шіркеу мектебіне қызмет ету арқасында Бах қаланың «Музыкалық ұжымдары» ұйымының белсенді мүшесі болған. Арнайы концерттер үшін ол көптеген оркестрлік, клавирлік және вокалдық шығармалар жазды.

Бах жұмысының негізі – әншілер мектебінің жетекшісі болуы оған тек көңілсіздік пен қайғы-қасірет әкелген. Шіркеуден мектепке келуші балалардың музыкалық қабілеттері жоғары болғаны мен, олардың аш және киімдері жоқтын. Мектеп оркестрі қарапайым: төрт труба, төрт скрипкадан құрылды.

Бахтың қала басшылығынан мектепке көмек беруін қанша өтініп сұрағанымен одан әрдайым назардан тыс қалатын болған.

Композитордың жалғыз қуанышы ол өз жанұясымен творчествосы. Оның ұлдары Вильгелм Фридемон, Филипп Эмануэль, Иоганн Кристиян – өте талантты музыканттар және танымал композиторлар болған. Композитордың екінші әйелі Анна Магдалена Бах өзініңүлкен музыкалық қабілетімен ерекшеленіп тұрған. Ол өте сұлу, есту қабілеті күшті, сопрано дауысына ие болған. Бах өз жанұясынан воалды-аспаптық ансамбль құрған.

Композитор өмірінің соңғы жылдары көз ауруымен ауырып, сәтсіз аяқталған операция нәтижесінде соқыр болып қалады. Сонда да музыка жазуын тоқтатпай, шығармаларын тыңдатып жаздырған.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар