1789 жылға дейінгі батыс-еуропалық музыка | Qazbrand.info

Опера – (ит.opera – дәлме-дел шығарм, лат. оpera – еңбек, бұйым, туынды) – музыкалық драмалық өнер жанр. Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең лдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол вокалдық және аспаптық музыка, драматургия, хореография (балет) және бнйнелеу өнерінің (декорация, костюм) білестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер туралы бір тұтас театр әрекетіне біріктіретін синтетикалық жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариоза, каватина, монолог, баллада), речетатив (тақпақ сазды қысқа әуенді), ансамбл (дуэт, трио, квартете, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады. Операның тарихи даму процесінде оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалы-қаһармандық, тарихи – қаһармандық, таихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалы-тұрмыстық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ Италияда опера-seria мен опера-buffa, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа музыкалық драма, опера- балет секілді т.б. жанрлар пацда болды. Опера тарихы адамзат қоғамы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Опера жеке жанр болып XVI-XVII ғасырларда қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген европаның ұлттық мәдениетінде музыкалық драмалық спектакльдердің жаңа түрі туа бастады. Бұл әсіресе Италияда кеңінен өріс алды. Батыс Европадағы көрнекті өкілдері К.Монтеверди, А.Скарлатти, Б.Перголези, Дж.Россини, Дж Верди, Дж. Пуччини, Г.Ф.Гендель, Ж.Б.Люлли, Ш.Гуно, Ж.Бизе, В.А.Моцарт, Л.Бетховен, К.М.Вебер, Р.Вагнер,.

Глюк Кристоф Виллибальд – австрия композиторы, 18 ғасырдағы операның ірі реформаторы. 3 жасынан Чехияда, одан кейін Италияда, Венада, Парижле тұрді Прага университетінде оқыған. Б.Черногорскиймен Дж. Саммартинидің шәкірті. Либретші Р.Кальцабиджимен бірлесе отырып, италияның опералар – сериясын қайта жасауға кірісті. Сарай спектакліне тән сыртқы жалтылдаққа, ойсыздыөқа қарсы күрес жүргізді. Венаның классикалық мектебінің алғашқы шеберлерінің бірі. 100-ден аса опера жазды, оның 50-ге жуығы сақталға. («Альцеста», «Орфей мен Эвридика», «Парис пен Елена» т.б.). Балет пен әндерде жазған. Оның опералыразаматтық ерлік пен табандылықтың идеясын жыр етті. Глюктің опералық реформасы өзінің бағыттыжағынан неміс пен француздың алдыңғы қатарлы ағартушыларының эстетикасына жақын.

Йозеф Гайдн – ұлы австрия композиторы.Глинка, Бетховен, Чайковский сынды композиторлардың шығармалары сияқты Гайднның да шығармалары дүние жүзіне белгілі. Гайдн ұзақ өмір сүріп, Моцарт, Бетховен, жас Шуберттің замандасы болған. Композитор 100-ден аса симфония, 80-нен астам квартет, 52 клавир үшін соната, 30 шақты опера және әртүрлі аспаптарға арнап бірнеше шығармалар жазды. Бай мұрасының ең үздігі чимфониялары, квартеттерімен клавирге арналған сонаталары.

Гайднды симфония мен квартеттің «әкесі» деп атаған. Гайднға дейін соната, симфония, квартет, аз жазылмаған. Бірақ Гайднның шығармашылығы ғана осы жанрдың үлгісі бола алады. Гайдн өз музыкаларына халықтық әуендерді көп қолданған.Оның шығармалары тұрақты, жоғары деңгейдегі үлгіде, көңілді, өмірсүйгіш мазмұнда болған. Бұл Гайднның музыкаларын классикалық деп атауға мүмкіндік береді. Гайднның барлық өмірі Венада өткендіктен, оны вена класиигі деп атаған. Вена классиктері деп атауға және екі ұлы композиторлар, Гайднның замандастары Моцарт пен Бетховенде ие болған.Гайдн өз музыкалырында адамға керемет бір сезім берумен қатар, өз уақытының ойы мен көңіл күйін көрсете білген. Гайднның музыкаларын өз жерлестері сүйіп тыңдап, қолдап жүрген. Жүздеген жылдар өтседе композитор адамдарға демалыс сыйлауды қалаған, оның музыкалары соған жетелеген.

Франц Йозеф Гайдн Австрияның астанасы Венаға жақын маңдағы Рорау қаласында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шебер болған. Жұмыстан бос уақытта Гайднның үйіне музыканы сүйіп тыңдаушылар билеу, ән шырқау, ең бастысы қонақжай үй есінің арфамен сүйемелдеп айтқан әндеін тыңдау үшін жиналатын.

Әкесінің музыкалылығы, оның музыкаға деген сүйіспеншілігі балаларына мұра болып қалған. Кішкентай Йозеф бес жасынан бастап-ақ музыканттадың назарын өзіне аудара білген. Ол күшті есту, есте сақтау, ығақты сезіне білу қабілеттеріне ие болды. Оның жіңішке сыңғырлаған дауысы баршаны таң қалдырған.

Бала өзіне берілген музыкалық қабілетінің арқасында бастапқы уақытта шағын Хайнбург қалашығының шеркеу хорында, кейінірек св. Стефано сарайының хор капелласында ән салған Бұл Гайднның өміріндегі ең танымал болған кзі. Оның музыкалық білім алуына ешқандай мүмкішілігі болмаған.

Гайдн хор ән салуды өте жақсы көретін. Бааның қабілеті өте тез дамығандықтан, оған қиын жеке орындалатын партияларды беетін. Шіркеу хоры қалалық мерекелерге, үйлену тойларына, жерлей рәсімдеріне қатынасуы, өте көп уақыт шіркеудегі дайындық, бұладың балығы кішкентай әншіге өте ауыр соғатын.

Йозеф жаңа нәрселерді өте алғыр және тез қабылдағыш болған. Ол ән айта жүріп скрипкамен клавиаккордта ойнауды үйреніп көптеген жетістіктерге жетті. Тек оның музыка жазудағы талабына ешім қолдау көрсетпеген. Хор капелласында жүрген тоғыз жыл ішінде жетекшісінен екі-ақ сабақ алған.

Гайднның даусы өзгеріп хорда ән айтуға жарамай қалған кезінде, оны аяусыз хордан шығарып жіберді. Жас бала үшін жеке өмір сүру мен тынымсыз еңбек ету басталды.

Егер шіркеудегі хор Гайдн үші мектеп болса, Венада өткізген қалған өмірі – қиыншылыққа толы «университет» болды. Бірнеше жыл өте керемет әнші болған бала, енді кшкімге керексіз болып көшеде тиынсыз қалды.

Қалада аштан өлмеу үшін музыканттың қай жұмысын болсада істеуге кірісті. Онда музыкадан сабақтар өткізді, мерекелік кештерде скрипкада ойнады, кейде үлкен көшеде тұып өнер көрсетті. Ол тапсырыс бойынша өзінің алғашқы бірнеше күрделі шығармалар жазды. Олар «Новый хромой бес» музыкалық комедиясы, квартеттері мен симфониялары. Бірақ мұның барлығы кездейсоқ жазылған дүниелер еді. Гайдн композитор болып қалыптасу үшін тынымсыз еңбек пен білім керек екенін түсінді. Сөйтіп қандай қиыншылық болмасын ол үнемі оқуға тырысты.

Танымал италияын педагогы, композитор және әнші Никколо Порпорадан алған біліміне құныны төлей алмаған себепті, оған концертмейстр болып жұмыс істеді. Сонымен атар, оның баға жетпес композицияларын қолданды. Гайдн тұрған үйінің суықтығына қарамастан, ескі клавиаккордта шіркеулік композиторлардың шығармаларын, Вена көшелерінен күндіз-түні естіген халық әндерін тыңдап үйренді. Вена мұндай әндерге бай болатын. Бұл жерде әртүрлі халық әндері шырқалатын, атап айтар болсақ, австриялық, венгерлік, чештік, укранидық, хорваттық және т.б. Гайдн шығармалары осындай ғажайп әуендерге, көңілді және өмірсүйгіштік сезімдерге толы. Жас композитордың өмірі мен қызметі осылай өтуде.

1761 жылы Венаға танымал бола бастаған жас композиторды, венгер князы Эстерхази капелланың жетекшісі болуға шақырды. Венаға жақын маңдағы, венгердің Эйзенштад қалашығындағы Эстерхазидің сарайында Гайдн отыз жыл капельмейстр болып қызмет етті.

Капельмейстрдің қызметіне оркестр мен әншілерге жетекшілік жасау жүктелді. Гайдн княздың талабына сай симфония, опера, квартет және т.б. шығармалар жазды. Қатал княз әр күнге жаңа туынды жазуды бұйыратын. Гайднның талантымен еңбек сүйгіштігі күнделікт шығарма жазуына мүмкіндік беретін. Бірінен соң бірі опералар, симфониялар өмірге келетін, оладың ішінде «Медведь», «Детская», «Школьный учитель» атты шығармалары да бар.

Капеллаға жетекшіліп жасап, композитор өзі жазған шығармаларды тірі күйінде тыңдап, қате жерлерін дұрыстап, әуеннің жағымды шығуына мүмкіншілік жасайтын. Шығармаларының барлығы осыған байланысты өте сәтті шығатын.

Гайднның шығармашылығы жыл өткен сайн дами түсті. Оның музыкалары Эстерхазидің қонақтары мен сарайына келушілерге өте ұнайтын. Композитордың аты өз отанымен қоса Англияға, Францияға, Ресйеге танымал болды. Бір жерге баруға, шығармаларын баспадан шығаруға немесе музыкаларын біреуге сыйлау үшін княздан рұқсат сұрау қажет еді. Ал княз өз капельмейстрінің бұл әдеттерін жаман көретін. Ол басқада қызметшілері секілді, Гайднның да өз үкіміне мойынсынып, біраз уақыт өткенін қалайтын. Композитор осындай уақыттарда өзінің тәуелді екеніне қатты қайғыратын. Достарына «мен, капельмейтрмінбе, жоқ әлде капельдинермінбе», – деп, ашына жазатын.

Көп жылдардан соң Венаға келіп өз достарымен және де Моцартпен кездеседі. Кездесу қызықты сұқбаттармен басталып, соңы Гайдн скрипкада, Моцарт альтте ойнап, квартеттерді ойнап берумен аяқталған. Бірақ мұндай кездесулер өте сирек болатын.

Композитор жанұясын сағынып, қайғырып ауыра бастады. Сонда да туысқандарымен көрісуін шектеп қойған княз ешнәрсеге мән бергісі келмейтін. Гайдн өзінің қайырымсыз иесіне арнап «Прощальной» атты симфониясын жзды. Симфонияны орындап отырып, оркемтр мүшелері бірінен соң бірі сахнадан шығып, орындарына шырақ жағып кете береді, соңында екі скрипкашы қалып шығарманы аяқтап, оларда сахнадан осылай шығып кетеді. Бұны түсінген княз, композиторды Эйзенштадқа баруға келісім береді.

Қызметшілердің тәуелді жағдайы Гайднның қызметтен кетуіне мүмкіншілік бермеді. Бұл уақыттарда музыкант сарай капелласының немесе шіркеу хорына жетекшілік жұымысын ғана жүргізе алатын еді. Гайднға дейінгі ешқандай композитор тәуелсіздік сезімдерін басынан өткермеген.

1791 жылы Гайдн 60 жасқа толған кезінде, княз Эстерхази қайтыс болды. Музыкаға деген сүйіспеншілікті сезбейтін мұрагері капелланы таратып жіберді. Жас Эстерхази Гайднның қызметі жаңа заманға сай емес деп, зейнетақы тағайындайды.

Гайде өте бақытты еді. Себебі ол бостындықта, тәуелсіз еді. Англияға концерттік іс-сапармен баруға келісім беріп, ең алғаш кемеге мініп, теңізді тамашалаған. Англияға келгеннен кейінде барлық нәрсе композитор үшін таңсық еді. Өзінің шығармаларын дирижерлаған концерттері өте сәтті өтіп, үлкен жетістіктерге жетті. Бұл алғаш ашық түрде көпшілік оның музыкаларын мойындауы еді. Оксфорт қаласының университеті оны өздерінің белсенді мүшесіетіп қабылдады,

Гайдан екі рет Англияға барды. Бұл жылдары композитор өзінің атақты он екі «Лондонских симфония» атты шығармасын жазды. Музыканың терең және анық үнділігі, мазмұны бай және оркестрдің әртүрлі үнділік бояуы композиторды биік шыңдарға жетелей түсті.

Үнемі дайындық үстінде жүрседе, ол өзі үшін көптеген жаңа музыкаларды тыңдауға тырысады. Негізінен ораторияға деген күшті сезімді тудырған неміс композиторы Гендель, оның ежелгі замандасы. Гендельдің музыкаларынан алған сезімдері соншалық, Венаға қайтадан оралған соң Гайдн «Соотворения мира» және «Времена года» атты екі оратоиясын жазды. Енді бірде Лондоннан қайтіп келе жатып Бонн қаласынан өтіп Гайдн жас Бетховенмен танысты. Венаға келгенге дейін Бетховенмен композиция жөнінде айналысты. Бұл кездесу жіне пікір алмасу Гайднның болашақ ұлы композиторға берген тәрбиесі болды.

«Лондоские симфонии» және ораториялары Гайдн шығармаларының ең биігі. Ораториядан кейін ол ешқандай шығарма жазған жоқ. Оның өмірі қиыншылыққа толы, өте ауыр өтті.

Өмірінің соңғы жылдарын Венадағы кішкентай үйінде өткізді. Тыныш және жалғыз өзі тұратын бұл үйге композитордың талантын құрмет тұтушылар келіп тұратын. Келушілермен өткен өмірі туралы пікір аламасып тұратын. Негізіне Гайдн өзінің жастық шағын, ондағы басынан өткізген қиыншылықтарын еңбектерін күшке толыкезеңдерін тұрақты ізденістерін ойлағанды жақсы көретін.

1809 жылы Гайдн қайтыс болып Венаға жерленді.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар