1789 жылға дейінгі батыс-еуропалық музыка (2-бөлім) | Qazbrand.info

Ұлы австрия композиторы Вольфганг Амадей Моцарттың өмірі өзгеше болды. Оның қайталанбас күшті таланты, шығармашылықта табыстары үнемі өз нәтижесін берген. Моцарт 36 жыл ғана өмір сүрген. Тынымсыз өткізген концерттік бағдарламасына қарамастан, 6 жасынан бастап ол өте көптеген шығарамалар жазды. Моцарт 50 шақты симфония, 19 опера, сонаталар, квартеттер, квинтеттер, реквим және басқада әр түрлі жанрларға шығармалар жазды.

Гайднның сонатно-симфониялық музыкаларына қарағанда Моцарт жаңа түп нұсқаларын жасап шықты. Оның операларына еөркемді баға жетпес байлықтарды көруге болады. «Свадьбо Фигаро», «Дон-Жуан», «Волшебная флейта», операларына екі ғасырға жуық уақыт өтседе, әлі күнге үлкен сахналарда қойылуда.

Қайталанбас талант иесі Моцарттың ерте өмірден өткені замандастарына қатты әсер етті. Ұлы Пушкин композиторға арнап «Моцарт и Сальери» атты шағын трагедиясын жасса, ал композитор Римский-Корсаков осы таргедияға опера жазды.

Қазіргі күннің өзінде Моцарттың музыкаларын концерттеден, опералық театрлардан, радиодан тыңдауға болады. Моцарттың шығармалары коледждердің, консерватриялардың, халықаралық және дүние жүзщілі конкурстардың бағдарламасына міндетті түрде қосылады.

В.А. Моцарт ежелгі, таулы сұлу Зальцбург қаласында дүниеге келді. Моцарттың әкесі білімді музыкант болған. Ол Зальцбург қаласы князының сайырнда қызмет ететін. Леопольд Моцарт скрипкада, органда ойнаған, сонымен қатар оркестр, шіркеу хорының жетекшісі болып, музыка жазған. Әкесі керемет педагог болған. Баласының талантын байқаған әкесі онымен дайындық жұмыстарын өзі жүргізген.

3 жасар Вольфганг клавесиндегі үйлесімді интервалды туып,одан шыққан жағымды әуендерді тыңдап қуанатын. 4 жасар ол үлкен әпкесі қабілетті музыкант Анна-Марияның оәнаған шағын пьесаларын дер кезінде есте сақтап отырған. Осы жаста Вольфганг клавесин үшін концерт жазуға ұмтылды. Табиғат берген саусақтарының арқасында 6 жасар кішкентай музыкант өте күрделі виртуоз шығармаларды ойнай бастады. Осы уақыттарда әкесіе білдірмей, скрипка мен органда ойнайды да үйренді. Соцарттың жанұясы Мюньхенде, Венеда, кейіннен Европаның үлкен қалалалары Парижде, Лондонда, Амстердамда, Гагада, Женевада болды. Мұнда өткізген үш жылда Моцарт әпкесіАнна-Мария мен бірге концерттер, беріп көпшілікті таңқалдырып, музыкалық сезімдерге бөлеген.

Вольфгангтың бағдарламасы өзі құрған әртүрлі еңбектерден тұрады. Кішкентай виртуоз әпкесімен бірге бір клавесинде және күрделі шығармаларды скрипкада және органда ойнаған. Берілген әуенді бірден құрастырып ойнап, әншілердің таныс емес шығармаларын сүйемелдеген. Вольфгангты «XVIII ғасырдың ғажайыбы»- деп атаған.

Концерттері 4 сағатқа дейін созылған. Бұған қарамастан әкесі баласының білімін жетілдіріп отырған. Әкесі сол кезеңдегі музыканттардың шығармаларымен таныстырып, концерттерге, операларға ертіп апарып, композиция бойынша үнемі дайындық жүргізген. Парижде Вольфганг өзінің алғашқы скрипкамен клавесинге арнап сонаталар, ал Лондонда – симфониялар жазды. Бақтты Моцарттар жанұясы 1766 жылы туған қаласы Зальцбургке қайта оралды.

Леопеольд Моцарт Баласының үлкен жетістіктерге жеткізу үшін оның келесі концерттеріне дайындық жүргізді. Оның композицияға деген күшті дайындықпен концерттік бағдарламалар үшін жұмыс бастады. Осымен бірге Вольфганг тарих, география, суретпен айналысты. Баладағы үлкен қызығушылық оны арифметикаға жетелейді. Сонымен қатар, француз, ағылшын, латын, италия тілдерін игерген.

Уақыт өте келе кішкентай композитор үлкен күш жұмсап өзінің жаңа шығармаларымен музыкаларын жазды. Вена опера театрының тапсырысы бойынша «Мнимая простушка» атты комедиялық операсын жазды, ол өзі үшін жаңа күрделі жанрды үлкен жетістікпен аяқтап шықты. Бірақ алғашқы операсы Вена сахнасында қойылмады. Вольфганг өзінің алғашқы операсының сәтсіздікке ұшырағанына өте қатты қайғырды.

Осыдан кейіін Вольфгангты әкесі операның отаны Италияға алып келді. Мұнда өткізген үш жыл ішінде бұл елдің қалалары Рим, Милан, Неополь, Венеция, Флоренцияны аралап шықты. 14 жасар өмірінде екінші рет концерт берді, бұл концерттері үлкен жетістіктерге жетіп, сәтті аяқталды. Ол сахнада виртуоз – клавесинист және сүймелдеуші, скрипкашы, органист болып өнер көрсеті. Сонымен қатар, Моцарт шіркеулерде, сарайларда органда ойнады. Концерттеріне тыңдаушының жиналатыны соншалық оның үлкен өнер жолына түсуіне себеп болды. Концерттерінің сәтті өтуі дирижер мен әншілерге байланысты болды. Концерттің бағдарламасы толығымен орындаушының өзінің шығармаларынан құралды.

Өзінің шіркеуліәк әншілерімен танымал болған әлемнің үлкен театрларының бірі, Милан опера театры Моцартқа «Митридат, царь Понтийский» операсын жазуға тапсырыс берді. Вольфганг бұл күрделі шығарманы жарты жыл жазды. Оера 20 рет сахнада қойылғандықтан, талантты баланың жаңа қадамы болып, сәттіліктерге жетеледі. Моцарт жаңа операмен басқада шығармаларға тапсырыс қабылдады.

Италияндықтар Вольфгнагтың ғажайып есту және есте сақтау қабілеттеріне таң қалатын. Моцарт Римде болған кезінде Сикистин капелласының орындауындағы көп дауысты хордың шығармаларын тыңдап, есте сақтап, ұйіне келген соң жазып алған. (XVIII ғасырдағы Италия композитора Аллеридің «Мизерере»). Мұнда орындалған шығармалар шіркеудің жеке меншігі болғандықтан, ол жылына екі рет қана қойылатын. Бұл шығармалардың ноталарын алсақ немесе көшірсе қатаң жазаланған. Бірақ ғажайып музыкантқа шіркеу ешқандай шектеу қоя алмаған. Моцарт оны жазып алмай-ақ, есте сақтап қалған.

Вольфгангтың таңдамалы шығармалары Болон акдемиясының мүшесі болды. Оның атақты Италиян теоретигі және композиторы Мартин әкеймен өткізген азғантай дайындығы көптеген нәтижелерге жеткізді. Қабілетті бала жарты сағатты өте күрделі көп дауысты шығармаларды құрған. Академияның тарихында ең алғаш рет жас композитор оның мүшесіне айналды. Моцарттың таланты тағы бір үлкен жеңіске қол жеткізді.

Моцарт Италияда болған кезеңде өз білімін дамытып, оны ары қарай байыта түсті. Жасөсіпірім баланың шығармалары атақты италяндық композиторлар, суретшілер мен мүсіншілерде үлкен әсер қалдырды. Ол үнемі операларға, концерттерге, ұлттық мерекелерге қатысып, Италияның ән өнері, аспаптық және вокалдық музыка өнерінің орындау манераларын үйренді. Оның симфониялары, опералары және басқада шығармалары Италияда жызылғандықтан жас композитордың музыкаларының мазмұны Италия музыкасына ұқсас.

Вольфгангтың барлық табысы әкесі күткендей болды. Бірақ Италиядағы істеген жұмыстарыныі барлығы сәтсіз аяқталып опералық театры жоқ, музыка деген қызығушылығы шектеулі Зальцбург қаласына қайта оралды.

Туған қаласы шіркеулік саяхатшыларды көңілсіз қарсы алды. Бұл кезде бұрынғы княз қайтыс болып, орнына қатыгез граф Колореда билік жүргізкде еді. Ол жас музыкантты өз оркестрінің дирижеры етіп тағайындап, оған ешқандай бостандық бермей, адам шыдарсыз дөрекі қарым-қатынаста болған. Граф сүйіп тыңдайтын шіркеулік музыкамен шағын көңіл көтеретін шығармалар оны қанағаттандырмайтын. Ол өмір туралы, тыңдаушыларды таңқалдыратын музыкалар мен опералар жазуға қызығатын.

Үлкен қиыншылық пен демалыс алған Вольфганг анасымен бірге Парижге келеді. Ол бұл кезде 22 жасар еді. Бұл жаста әртүрлі жанрда 300 шығарма жазды. Ол осы уақыт ішінде Италияға ғана еңбек сіңірді.

Парижде Моцарт үшін орын болмады. Оның концертке орналасуымен операға тапсырыс алуына деген қадамдарының барлығы сәтсіз аяқталды. Ол қонақүйдің қарапайым бөлмесінден музыкадан берген сабақтары үшін алған тиындарымен өмір сүрді. Барлығына сінем артқан анасы ауырып қайтыс болды. Моцарт бұған қатты күйзелді. Болашақта Зальцбургте жалғыз өмір сүруімен қатыгез қызмет күтуде еді. Парижге жасаған сапарындағы шығармашылығының нәтижесі ол клавир үшін жазылған 5 сонатасы.

Моцарттың Зальцбургте өткен қалған өмірі адам төзгісіз еді. Граф Колоредо Моцартты концерттерге рұқсатсыз шығармайтын. Дәл осы кездерде Мюньхенде Моцарттың «Идоменей царь Крыта» атты операсы жарыққа шықты.

Моцарт демалысқа кетуге рұқсат сұрады. Бірақ оған рұқсат етпеді. Ол үнемі рұқсат сұрауын қоймағандықтан, граф Колоредоның бұйрығымен оны текпешектен итеріп жібереді. Бұл шыдамдылықтың ең соңғы шегі болатын. Жүйкесінің шаршауына байланысты ол ауруға шалдықсада, тәуелсіз өмір сүру үшін күресті. Композитор ешқандай аштықтанда қорықпайтын. Моцарт үнемі жұмыс істеуге сенбесе де, өз талантына сенетін.

1781 жылы Моцарт Венаға келіп, өмірінің соңғы жылдарына дейін сонда өмір сүреді. Венадағы неміс театрының тапсырысы бойынша Моцарт «Похищения из Сералья» атты комикалық операсын жазды. Осы кезеңдерде Венадағы сияқты, австрияның басқа қалаларыда Италия музыкасынан сусындады. Бұл ұлттық дәстүрге қарсы болсада, сарайға келушілергеде ұнаушы еді. Туған неміс тілінде ұлттық опера жазу композитордың арманы болды.

Моцарт үлкен шеберлікпен өзінің ең соңғы үш операсын жазды. Олар «Свадьбо Фигаро», «Дон-Жуан», «Волшебная флейта». Әуенділігімен музыкасының әдемілігі жағынан бұл опералар қайталанбас мәнге ие. Опералардағы Фигаро, Сюзанно, Керубиео, Дон-Жуан, Донна-Анна бұның барлығы өмірде болған адаидар. Моцарттың музыкалары тыңдаушыларды операның кеійпкерлерімен қайғыртып, қуанта білген. Париж театрының тапсырысымен жазылған Моцарттың «Дон-Жуан» операсын тыңдаушылар осылай қабылдаған. Композитор бұл операны Прагада аяқтап, сол жерде алғаш қойды. Бұл жылдары Моцарт аспаптық музыкаға үлкен шеберлікпен қол жеткізді. 1788 жылдың жазында ол өзінің ең соңғы үздік симфонияларын жазды. Әртүрлі мазмұндағы бұл үш шығармада музыканың ең биік шыңы болды.

Моцарт камералық-аспаптық музыка аумағында біраз шығармалар жазды. Оның квартеттері, триолары Гайднмен кездескеннен кейін жазылды. Екі ұлы композитордың таныстығы 1786 жылы болды. Гайднның музыкалыр Моцартты ежелден – ақ қызықтырған. Моцарт үлкен құрметтің белгісі ретінде Гайднға өзінің музыкалық еңбектерінің ішінен 6 квартетін сыйлады. Гайдн Моцартың талантын түсініп, жоғары дәрежеде бағалай білген. Ол Моцартың әкесіне «мен, сіздің ұлыңыздың шығармаларын тыңдағаннан-ақ ұлы композитор деп санағам»,- деген. Моцартың осы кезеңдегі клавирге арнап жазған шығармалары оны орындаушылық қызығушылығымен тығыз байланысты. Венадағы алғашқы жылдарының өзінде-ақ ол үнемі концерттерге қатысып, өзінің жеке концертін де өткізген. Оны өз заманының бірінші «виртуозы» деп атаған. Моцарттың ойынының нәзіктігімен, бір ырғақтығымен өлшеніп тұрған. Оның импрочизаторлық талантына замандастары табынған. 1777 жылы Моцарт А.Штейнның пиано-форте жұмысымен танысып, оның бұл еңбегін жоғары дәрежеде бағалаған.

Композитордың жалпы өмірі мен шығармашылық жолы жанжақты өзгерді. Жылдар өте келе Моцарттың шығармаларына деген қызығушылықтар артып, оның опералары, тез арада сахнаға қойылды.

Моцарттың ең соңғы шығармаларының бірі бұл – «Реквием». Реквием бұл (латын сөзінен алынған – «тыныштық» деген мағынада) – қайғылы мазмұндағы хор шығармасы, шіркеулерде өлгендерді еске алу кештерінде орындалған. Бұл шығармаға таныс емес, қара киген аты-жөні белгісіз адам құпия түрде тапсырыс берді. Бұны кейіннен қызметкерлері арқылы граф Вользега екенін, реквиемді әйелін еске алу мақсатында, жеке өзінің шығармасы етіп жаздырады. Моцарт бірақ бұл музыканың өз өліміне арналатынын білмейтін.

Моцарттың «Реквиемі» мен қатал шіркеу шығармаларының аумағынан шығап кетеді. Композитордың ұлы музыкасы адамға терең сүйіспеншілік әсерін береді. Реквиемді орындауға 4 квартет яғни сопрано, альт, тенор, бас және аралас хормен орган және оркестр қатысады. Ұлы музыканың латындық тақырыбы, шынайы мазмұны болғандықтан, жалпы адамдар түсіне алуы мүмкін. Ерте кезден-ақ «Реквием» әлемде өтетін үлкен конуерттерде орындалатын шығармалардың бірі болтын болған.

«Реквиемді» жасау үшін Моцарт ең соңғы күшін жұмсаған. Ол осы кездерде Вена сахнасында қойылып жатқан «Волшебная флейта» операсына қатыса алмады. Бұл операны театрдың директоры Шиканедердің өтініш бйынша, уру халде жазған. Бірақ Шиканедер Моцартты тез ұмытып кетеді.

Моцарт жалпы кедейлер жерленетін зиратқа жерленді. Ұлы австрия композторының өмірі міне осылай аяқталды.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар