1789 жылдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі батыс-еуропалық музыка (1-бөлім) | Qazbrand.info

Людвиг ван Бетховен немістің шағын қаласы Боннада дүниеге келген. Людвиг музыканттар жанұясында өсті. Оның атасы скрипкада ойнап, княздың хор капелласының әншісі болды, кейіннен осы капелланың капельмейстрі болып қызмет етті. Композитордың әкесі Иоганн ван Бетховен тенор әнші болып капеллада қызмет етті. Баладағы музыкалық қабілет ертек кезден-ақ байқалған. Бетховенің әксі баласын музыкаға йретті. Бірақ әкесі тәжірибесіз педагог, білімсіз музыкант қатал кісі болатын. Бастапқыда ол Людвигті клавесинде кейіннен скраипкада, органда, альтте ойнауды үйретті. Әкесі жас баладан күніне 7-8 сағат жаттығу жасауды талап ететін Ол кей күндері баласынан түнде дайындалуды, ұйқылы жүрген баладан клавесинде ойнауды талап етеін.

8 жасар Бетховен Кельн қаласында өзінің алғашқы концертін берді. Концерттерінің сәтті өткенін көрген әкесі, енді ешқандай дайындық керегі жоқ деп 10 жасар баланы мектептен шығарып алады. 12 жасар анасының ауруына байланысты шарасыз жұмыс істеуге кірісті. Ол сарай капелласына органист болып қызметке орналасты.

Бетховен 1782 жылы тамаша педагог, композитор, органист Кристиян Нефемен танысты. Ол баланың музыкалық қабілетін көріп, оның талантының өзіндік ерекшелігі бар екенін мойындағын. Нефе Бетховенді неміс композиторлары Иоган, Филипп, Эмануэль Бахтардың, Гендельдің, Гайднның, Моцарттың ең үздік шығармаларымен таныстырып, оның шығармашылығының дамуына ықпал жасады. Таланты композитор қолдауға ие болып, өзінің алғашқы туындыларын баспадан шығаруға мүмкіншілік алды. Оның ішінде композитор Дреслердің маршына жазылған вариацияларымен клавесин үшін жазылған үш сонатасы бар. Нефе Бетховенге терең білім беріп, болашық музыкант болуына жолдама берді. Ұстазының берген кеңесіне байланысты жас бала шет тілдерінде оқып үйренді. Композитор және пианист болып қалытасқан Бетховен Моцартпен кездесуге оның кеңестерін алуға Венаға келді. Шіркеу композиторның қытасуымен ол өзінің шығармаларын ойнап шығады. Моцарт баланың бай фантазиясы мен орындау шеберлігіне тәнті болады. Бетховен анасының өліміне байланысты екі ұлы музыкантың кездесуі ұзаққа созылмады. Екі інісін тәрбиелеумен жанұясын өз мойнына алған жас композитор опера театрында және оркестрде концерттерге шығып, музыкадан сабақтар беріп еңбек етуге мәжбүр болды. Бетховен демалыс уақытының аздығына қарамай оз туған жері Боның сұлулығын қылқалам ұшымен суреттейтін композитордың Гайдн мен кездесуі және атақты композитордан білім алуға өз туған жері Боннан, Венанға кетуге мәжбүр болады.

1792 жылы 22 жсар копозитор Венаға келіп, өмірінің соңғы күніне дейін сол жерде қалады. Бұл уақытта Вена Австрияның музыкаға толы қалаларының бірі болады. Осы кезеңдерде ең күшті композиторлар келіп, Вена сахналарында өз операларын қойып, концерттерге өздерінің симфониялық және камералық музыкалық орындаған. Виртуоз музыканттар өздерінің орындау шеберліктері бойынша сайыстар өткізетін. Вена көшелері мен алаңдарында ұлттық ансамбльдер мен музыканттар концерт беретін.

Бетховеннің аты пианист ретінде ерте танымал болды. Веналықтар жас музыканттың импровизациялық орындау шеберлігімен фантазиясының байлығына риза болатын. Клавесиннің жіңішке әуені, жылдам таралатын дыбыстары Бетховенді қанағаттандырмайтын. Ол жаңа фортепиано деген аспапта ойнауды бастады. Бұл жаңа басқышты аспапты XVIII ғасырда Кристофор жасап шықты. Тек фортепиано ғана Бетховен ойлаған қатты, ашық дыбыстарды беруге мүмкіндігі бар. Жас виртуоз өзінің техеиналық өнерінмен көпшілікті баурап, тыңдаушыларын таңдандырып, пианист замандастарын артта қалдырған.

Вена үшін Гайднның, Моцарттың көңілді музыкаларымен Бетховеннің шығармалары аз болмаған. «Патетической» және «Лунной» сонатасындағы толқынды, күшті музыкалары мен «Героической симфония» шығарасындағы алып күш жаңа сезімдер мен ойлар туралы айтып, тыңдаушыларын таң қалдырып, жаулап алады. Бетховенің есімі Веналық классиктер Гайдн және Моцертпен қатар тұрады.

Бетховенің өміріндегі қайғы оның құлағының естімей қалуы. Бетховенің аурудың алғашқы белгілерін 26 жасында сезеді. Қанша емделгенімен ешқандай көмек болмай тағдырға тән береді. Бірақ музыкаға деген қызығушылығы мен ойы көпшілікке қуаныш сыйлай алатынын сезінуі оны қайғыдан құтқарды. Өзінің жеке қайғысынан гөрі, жалпы көпшілікпен адамдардың алдындағы қарызы басты нәрсе екенін түсінеді.

1802 жылдан бастап Бетховеннің шығармашылығы кеңінен дами түсті. Осы жылдары оның ең үздік 8 симфониясы «Эгмонт», «Кориолан» атты увертюралары, «Аппасионата» атты фортепианолық сонатасы, скрипка мен фортепианосы үшін жазылған атақты «Крейцерово сонато» шығармалары жарық көрді. Сонымен қатар, фортепианолық концертті скрипкамен оркестр үшін жазылған концертті, квартет, «Фидилио» атты операсы жарық көрді. Өзіне-өзі талап қоя білетін Бетховен операға 4 увертюра, Гетенің сөзіне әндер жазып, халық әндерін өңдейді. Бетховен «Пасторальная симфония», «Аврора» атты фортепианолық сонаталары бір уақытта пайда болған дүниелер.

Бетховен дүние жүзіне танымал болып, көпшілік құрметіне ие болды. Бірақ ізденістерін тоқтатпай, Гайдннан алған білімінен соң да әртүрлі педагогтардан кеңес алды. Бұл Бетховенның өміріндегі күш пен үмітке толы ең бақытты жылдары еді.

Уақыт өте келе Бетховен көптеген сәтсіздіктерге кездесті. Опера театрындағы қызметінен босап қалып, жеке концерттерінде берілген, дирижер ретінде сахнаға шықпай, көпшіліктен бірте-бірте ажырай бастады. Достары мен «әңгімелесу» дәптерін қолданып қарым-қатынас жасады.

Жылдар өте келе Бетховеннің «К далекой возлюбленной» атты фортепианылқ сонаталары мен әндері, жинақталған еңбектері жарық көрді. 1824 жылы латын тіліндегі хрға алынған «Торжественная месса»ре мажор атты шығармасы жарық көрді. Бұның соңына Бетховен өзінің ең соңғы 9 симфониясын жазды. Симфонияның айтатын ойы мен шындығын көпшілікке жеткізу мақсатында, оркестрге қоса хор және жекелеген әншілерді қосқан. Бұл симфониясында өткен күндер естелігі, балалық шағы туралы айтылған. Симфонияның соңында неміс ақыны Шиллердің «К радости» өлеңінің сөзі оқылады. Финалдың ұлы музыкасы гимнді еске түсіріп, барлық елдердің халықтарын бірлікке, бақытпен қуанышқа шақырады. Бұл композитордың биік шыңға көтеілген ең соңғы туындысы. Бетховеннің ауруы күнделікті күшейіп келе жатсада жұмыс істеуін тоқтатпады. Треңде де күрделі ойдан құрастырылған соңғы шығармаларының бірі квартеттер. Кейбір замандастары ғана Бетховеннің жаңа шығармасын түсіне алды.

Бетховеннің талантына бас иетіндердің бірі неміс композиторы Франц Шуберт болды. Шуберт Бетховеннің музыкаларын өте жақсы көріп, композитордың батырлығына қызығатын. Бірақ кедейлігі арқасында ол өз отандасымен таныса алмайтын. Бетховенде Шуберттің музыкаларын білетін. Ол Шуберттің музыкуаларына мақтанышпен қарап, өзінің жас замандасының талантын жоғары бағалайтын.

Бетховен өмірінің соңғы жылдарында бүйрек аурымен ауырып, төрт операция жасатқаны мен, ешқандай көмек болмайды. Ұлы композитор қайтыс болып, Вена зиратына жерленді. Бонндағы туып өскен үйінен мұражай ашылды. Композитордың музыкаларына адам жүрегін жаулап алды.

Ұлы автрия композиторы Франц Шуберт Бетховен замандасы. Шуберттің шығармашылық дәіуірі басталмас бұрын яғни 31 жыл алдын қайтыс болған. Ол өмірідің сәтсіздіктерін көп көріп іш құсалықтан өлген. Оның 9 симфониясының бірде-бірі көзі тірісіндке орындалмай, тек 603 әнінің 174 әні, 200 фортопионалық сонаталарының үшеуі ғана жарыққа шықты.

Табиғатынан қарапайым, көңілді жүретін қайрымды Шуберт шындықты бейнелйтін музыкалар жазды. Бірақ оның ең соңғы шығармаларында қайғы мен қасірет сезімдері білініп тұратын. Бұған себеп оның жеке өмірінде әкөрген қорлықтары мен қоршаған ортасына байланысты болды. Бетховеннің музыкалары революция идлеяларға толы болса Шуберттің шығармалары ХІХ ғасырдың 20 жылдарындағы революциялық қайта құру кезеңдеріне арналды.

Француз революциясының идеясының басым көпшілігі тәуелсіздік. Халық өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыру болды. Мұндлай қажеттілікке қойылатын шектеулер Шуберттің өмірлік қызығушылығын қанағаттандырмады. Осыған байланысты австрия халқының сол кездегі қиын көріністерін суреттеген ең соңғы қайиғылы шығармаларын жазды. Өзіінің қанағаттанарлықсыз қоршаған өмірінде Шуберт жалғыз болды. Ол өнерде ғана күшті адамдардың қолдауына ие болып рамантизмге толық жолдама алды. Шуберт ең алғашқы рамантик композиторларының бірі.

Франц Шуберт 1797 жылы Вена маңындағы Лихтенталь қалашығында дүниеге келегн. Оның әкесі жай ғана мектеп оқытушысы болды. Сузыканы жақсы көретін Шуберттің жанұясы музыкалық кештер ұйымдастырып отырады. Әкесі виолончельде, ал ағалары әр түрлі аспаптарда ойнайтын. Кішкентай Францтың музыкалық қабілетін дамытып әкесімен үлкен ағасы Игнац оны скрипкк мен фортопионаға үйретті. Кейіннен ол жанұялық квартетке қосылып альт партиясын ойнайтын. Кіштентай Франц өте күшті дауысқа ие болған. Ол шіркеу хорларында Гайдн орындаған күрделі де жеке партияларды орындаған. Оның жетістіктеріне риза болған әкесі 11 жасар Францты шіркеулік әншілерді даярлайтын мектепке берді. Оқу орынының басшылығы баланың музыкалық абілетіне риза болады. Ол бірінші скрипкашылар тобында ойнап кейде мектеп оқушыларыннан құралған оркестрге дирижерлық жасайтын. Оркестрдің репертуары әртүрлі болатын. Осында оқи жүріп Шуберт симфониялық шығармалардың әртүрлі жанрларымен квартеттік және вокальдық шығармаларымен танысты. Ол достаымен бірге Моцарттың соль минор симфониясына табынып, Бетховеннің музыкалары білімдерін дамытты.

Осы жылдары Шуберт фортепиона үшін фантазия , бірнеше әндер жазды. Жас композитор мектептегі сабақта отырып музыкалық шығармалар жиі жазатын. Баланың бұл қабілетіне тәнті болған атақты композитор Сальери Шубертпен жеке дайындала бастады.

Уақыт өте келе аласыныңмузыкалық дарындылығының дамуын байқаған әкесі рны кейінгі өмірінің атақты музыканттарГайдн, Моцарт, Юетховендердің өмір сияқты қиындықтарға толы болатынан қорқады. Осыдан бастап әкесі Шуберттің музыка мен айналысуына шектеу қояды. Бірақ ешқандай кедергі Францтың табиғат берген дарындылығына қарсы тұраалмайды.

Білімалу курсы аяқталмасада Шубертмектептегі оқуын тастап кетеді. Балалардың білімін ашу мақсаты мен бастауыг сыныптаға дәріс беріп, 3 жыл оқытушы көмекшісі болып қызмет атқарады. Музыкаға деген қызығушылығы оны үнемі музыка жазуға жетелеп тұратын. Жас композитор мектетегі оқытушылық қызметін тастап, өзін тек музыка жазуға арнайды. Ол Гетенің сөзіне жазылған “Маргарита за прялкой” және де “Лесной црь” атты әндері мен сонато, симфониялар жазды. Шуберт аз ғана уақыттың ішінде өзінің шығармашылықы тасбытарымен көпшілікке таныла бастады. Матералдық тұрмысының қиындығының әсерінен ол басқа біреулер үшін шығармалар жазды.

Шуберт бірнеше жыл мектептегі достарының үйінде өмірсүрді.Кейіннен атақты өнер қайраткерлері Шобер, суретші Швинд, ақын Майрхофер, әнші Фогль және т.б. қосылыпжастарға музыкалық білім беретін үйірмелер ашты. Ол үнемі достары мен бірге көркем әдебиеттің, ежелгі поэзияның ең озық үлгілерімен танысып, қызу талқылайтын.Достарымен бірге өткізген кейбір кездесулер Шуберттің музыкаларын тыңдауға арналатын. Мұндай кештері композитор фортепианодан кетпей, өзінің экосездерін, вльс жәнеде басқа билерін орындайтын. Кейде мұндай достық бас қосулар қаланы аралау немесе кешкі серуендермен аяқталатын. Шуберттің көптеген шығармалары нотаға түсірілмей қалған. Ол өзі шығарған көптеген әндерді өзі орындайтын. Шуберт өз шығармашылығын өзіндік дәстүр мен үздіксіз дамытып отыды. Ол күн бойына музыка жазып былай дейтін, – “Мен күнде таңертеңнен бастап, кешке дейін бір пьесаны бітіріп, басқа шығармажазуды бастап отырғанмын”. Шуберт музыкаларды өте жылдам шығаратын болған. Бір күннің өзінде әртүрі 10 ән жазған. Музыкалық ойлар үздіксіз туып, композитор оны қағаз бетіне түсіруге әзер үлгеріп отырады. Ақша таппай нота дәптерін ала алмай қиналатын. Музыкалық шығармалар түнде түсінде де туындаған себепті ұмытпай қағаз бетіне түсіріп үлгеру үшін көзілдірікпен ұйықтайтын. Ал шығармаларды қағаз бетіне түсіріп үлгере алмаса, оны аяқтау үшін композитордың тағыда жұмыс істеуіне тура келетін. Дәл осылай Шуберт бірнене өлеңдердің мәтіндерінің 7 түрлі нұсқасын жазған. Осы кезде Шуберт өзінің тамаша шығармаларының бірі “Не оканченную симфонию” және де “Прекрасная мельчихасын” аяқтады.

Өмірінің соңғы жылдарында ол көптеген симфония, фортепианоға арналған сонато, квартет, квинтет, трио, месса, опера, әдер және т.б. музыкалық шығармалар жазды.Бірақ композитордың бұл шығармалары көзі тірісінде өте сирек ойналып, кейбіреулері жазылған күйде қалды. Шуберттің шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндігі болмаған.

Шуберт шығармашылығының негізі – ән жанры. Симфония, операларымен салыстырғанда ән жанры өзіндік ерекшелігі бар музыка жанры. Осы уақытта ұлы композитор И.Штраустың және композитор Ланнер үлкен табытағра қол еткізді, ал Шуберттің бірде-бір операсы сахнада қойылмай, симфониялаының бірде-бірін орекстрлер ойнамаған. Оның ең үздік жетінші, сегізінші симфонияларфының ноталаы композитордың өлімінен соң бірнеше жылда соң ғана табылды. Шуберт үнемі беділді адамдардың келеке еткенін, оларға құлболып жүруді, арманы орындалмай, көп қорлытар көрді.

Материалдық жағдайынының нашарлығына қарамастан Шуберт Эстерхази князының ұсынған қызметінен бас тартты.

Уақыт өткен сайын Шуберт фортепианоға қаржысы болмай аспапсыз шығармалар жазды. Ол кедей, аш,бақытсыз болғанымен біреуге тәуелді емес еді. Ең бастыы оған музыка жазуға ешкі кедергі келтірген.

Барлық веналықтардың жүректеріне жол тапқан шуберттің музыкаларын сүйіп тыңдайтын. Ежелгі халық әндері сияқты ауыздан-ауызға композиторды шыармаларыкөпшілікті баурай бастады.Бұл көпшілік сарйларда тұратын байлар немесе аристократтар емес, Венанның кектеген қарапайым халқы еді. Шуберттің әндерін көпшілікке танымал етуде әнші И.М.Фоглдің қосқан үлесі мол. Ол композитордың сүймелдеуімен әндерін орындап, австрия қалаларын аралап 3 рет концерт берді. Өмірденкөрген қиыншылықтары мен жағдайының жоқтығы Шубертің денсаулығына кері әсерін тигізді. Музыка жазуды мақсат етіп алған Шуберт өмірінің соңғы сәттеріне дейін музыка жазуын тоқтатпаған. Ал шығармашылық пен айналысу, музыка жазу көптеген энергияны талап еткендіктен, күн өткен сайын шығармалар саны да азая түсті. 27 жасында композитор өз досы Шоберге жазған хатында былай деген : “Мен өзімді бақытсыз, өмірде ешкімге қажеті жоқ адамдай сезінемін”. Мұндай көңіл – күйді оның соңғы шығармаларынанда байқауға болады. Бастапқы кезде Шуберт көңілді, қуанышты сезімдерді білдіретін шығарма жазса, өмірінің соңғы кездерінде “Зимний путь” деген әндер жинағын ғана құрастырыпшықты. Концерттерін үлкен табысқа қол жеткізген композиторға үлкен қуаныш сыйлады, оның болашаққа деген сенімі күйшейді. 1828 жылы композитор трифпен ауырып, сол жылы күзде қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін көптеен шығармалары жоғалып кетті.

Ән Шуберттің шыармашылығында үлкен орынға ие. Жаңа өмір талабы болғандықтан ол тек әндерді ғана жарққы шығарды. Бетховеннің шығармаларында кейіпкерлер халықтың тәуелсіздігі мен теңдігі үшін күрессе, ал Шуберттің шығармаларының кейіпкерлері өзінің жеке өмірі үшін, бақыты мен қуанышы үшін күреседі. Шуберт шығармасының кейіпкерін – жай қарапайым, өте бақытсыз, арман-үміті елеусіз, өмірде жалғыз, өзінің табиғи дарындылығына сенетін адам ретінде бейнелеген. Осыған байланысты орманғ құстар, гүлдер Шуберт әндерінің кейіпкеріне айналды.

Шуберт әндерінің ең үздігі “Маргарита за прялкой”. Ол мұнда сүйіктісін жоғалтқан қыз туралы, оның қатты қиналғанын,қайғысын көрсетеді.

Шуберт фортепиано үшін музыка жазуға құмар болды. Фортепианолық шығармалаы да әндеріне ұқсас әлеуметтік тұрысқа жақын, халықтың мұң-мұқтажынсуреттейді. Ол биге, маршқа арпан музыка жазды.Сонымен қатар, сонаталар, вальстер жазды. Өмірінің соңғы жылдарында “Музыкалық кезең”, “Экспромт” атты шығармалары жарық көрді.

Шуберттің “Си минор симфонияы” 1822 жылы жарыққа шықты. Бұл оның жетінші симфониясы еді. Бұл симфония 2 бөлімнен тұрады. Бұл симфонияның тақырыбы ән негізінде жазылып, вокалдық шығармашылықты дамытқан.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар