ХІХ ғасырдың І жартысындағы батыс-еуропалық музыка (3-бөлім) | Qazbrand.info

Фридерих Шопен- ұлы польша композиторы. Моцарт,Бетковенненкейінгі ұлы пианист. Шопен өз сөзінде“Музыканыжаңа мазмұнмен жәнежаңа кейіпкермен, толықтырып, пианистік орындаушылық шеберлікті дамыту, осы уақытқа дейінгі ашылмаған мүмкіндіктерді дамытуым” – керек деген.Шопен өз замандастары арасында өте көп фортепианалық шығармалар жазғандығымен ерекшеленеді. Ой бірде-бір опера, симфония немесе увертюра жазбаған. Компазитор бірнеше камералық шығарма, бір трио, виоленчель үшін екі пьеса, 20 шақты ән жазды.Ф. Шопен 1810 жылы Польшаның астанасы Варшаваға жақын маңдағы Железова Воляда дүниеге келді. Шопеннің анасыпольша қызы, әкесі француз болған. Шопеннің әкесі үй оқытушысы болды. Баласы туылған соң әкесі Варшавалицейінемұғалім болып ауысып, жанұясымен астанаға көшіп келеді. Кішкентай Шопен музыкамен өсті. Оның әкесі скрипкамен флейтада ойнайтын, ал анасы пианист әрі әнші болды. Кішкентай сәби кезінде әкесінің ойыны мен анасының тыңдаған кезде ол тек жылайтын, бұдан оның ата-анасы Фридерикті музыканы жек көреді деп ойлайтын.Бірақ ол 5 жасар бала кезінен бастап-ақ әпкесі Людовиканыңжетекшілігімен жеңіл пьесаларды еркін ойнай бастады. Кейіннен ол Варшаваға танымал чеш музыканты, педагог Войцехтен дәріс алды. Өте тәжрибелі ұстаз өз шәкіртін классикалық музыканы, оның ішінен тек И. С. Бахтың музыкаларын сүюге үйретті. Бахтың клавирлік прелюдиялары мен фугаларын компазитордың жұмыс столынан табуға болатын.

7 жасқа толған кезінде, Варнавада кішкентай пианистік ең алғашқы концерті болды. Осы концертте Шопенді бүкіл Варшава халқы таныды. Осы уақытта компазитордың ең алғашқы шығармасы яғни фортепиало үшін жзылғансоль минор полнезі жарық көрді. Фредериктің орындау шеберлігінің тез дамығаны соншалық, 20 жасында Шопен ең үздік польша пинистіаталды. Жас виртуозпианист ешқандай білімнен бас тартпай үнемі ізденіп көп оқып үйренуге талпынды. Музыкалық білім алумен қатар француз, неміс тілдерін еркін меңгеріп, Польша тарихы мен көркем әдебиеттікөп оқыды.

13 жасында лицейге оқуға түсіп, үш жылдан соң оқуын үздік аяқтап шықты. Оқып жүрген жылдары болашақ компазитордыңқабілеті жан- жақты дамып, ол суретті әсіресе карикатураны жақсы салатын болған.

Оның театр актеры болып қалыптасуына мимикалық талантты күшті әсер етті.Ол үлкен қызығушылықпенопералық спектакльдерменконцерттерге қатысатын. Танымал италиян скрипкашысы Никколо Погонинидің ойыны композиторды күшті сезімге бөлейтін.

Шопен бала кезінен бастап-ақ халық музкасына өте қызығатын. Ата-анасының әңгімелерінен, әкесі мен немесе достарымен тауға шыққан серуендергедетыңдайтын халық әуендерін есте жақсы сақтайтын.Әр жазғы демалыстарда Фридерик лицейлік достарымен бірге халық әндерін орындау кештерін ұйымдастырып,өзі де өнер көрсететін. Халық музыкасы оның шығармашылығының ажырамас бөлігіне айналды. Шопен лицейді тәмамдаған соң жоғарғы музыка мектебіне оқуға түсті. Ол бұл жерде тәжрибелі педагог әрі компазитор Юзеср Эльснердің жетекшілігіндеболып одан дәріс алды. Эльснер тез арада оқушысыныңжай қабілетті ғана емес, оның гени екендігін түсінді. Жас музыкантқа берген мінездемесінің кішкентай бөлігінде былай делінген: “Керемет қабілет, музыканың гениі”. Осы уақыттан бастап Шопен Польшаның ең үздік пианисті болып танылды. Компазитордың шығармашылығынадеген қызығушылық өсті.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар