ХІХ ғасырдың І жартысындағы батыс-еуропалық музыка (4-бөлім) | Qazbrand.info

Венгер халық әндері бір дауысты болып келеді. Халық творчествосынан лирикалық және тұрмыс-салт әндерімен қатар мадьярлардың тәуелсіздігі жолындағы ғасырлар бойғы күресін бейнелейтін тарихи әндер де кең орын алады. Ертеде әндер мен аңыздарды (балладаларды) қобызға (кобоз) қосып айтатын халықтың әнші-жыраулары болған. Бұл туралы алғашқы деректер Х ғасырға саяды. Венгрияда кәсіби музыка мәдениеті ХІІІ ғасырда дами бастады. 15 ғасырдың өзінде-ақ, Буда қаласыда корол қаласының капелласы болды. 1536-38 жылы А.Фаркаш, 1554 жылы Ш.Тиноди мадьяр тілінде музыкалық шығармаларды басып шығарды. Венгер музыкасының бұдан былай дамуына вербункош деп аталатын венгер аспаптық музыкасы ерекше әсер етті. Вербункошкатән музыкалық элементтерді дамытудың негізінде композитор Й.Рузичка “Белланың қашуы” атты тұңғыш венгер операсын жазды. Кейінірек Ф.Эркель венгер қаһарманық-романтикалық операсының бастаушысы болды. ХІХ ғасырда Ф.Лист аспаптық музыка саласында жаңаша шығармалар тудырады. 1837 жылы Пешт қаласындаопера театры ірге көтеді, 1840 жылы ұлттық консерватория, 1853 жылы филормониялық қоғам ашылды.

Ференц Лист – венгер композиторы, пианист, дирижер, педагог, музыка жазушысы және музыка қоғамының қайраткері. К.Черни (фортепианодан) мен А.Сальериден (композициядан) сабақ алған. 1823 жылдан ұзақ уақыт Парижде тұрды Көптеген елдерде концерттер қойды. 1847 жылдан пианистіктен қол үзіп, Аеймарда сарай капельмейстрі қызметін атқарды. 1861 жылдан негізінен Римде тұрақтап, жыл сайын бірнеше айды Венгрияда өткізіп жұрді 1875 жылдан Будапештегі өзі ұйымдастырған Музыка академиясының президенті болды. Сан қырлы Ф.Лист творчествосынан романтизм идеялары айқын аңғарыдлады. Әдеби образдармен тығыз байланыстылық, шығарманы бағдарламалы айқын сюжетке құрып, ойды философиялық қорытынылаумен ааяқтау – Ф. Лист музыкасының ерекшелігі болып табылады. Ол музыкадағы мәнерлеу тәсілдерінің (гармониялау, аспаптау)шеңберін кеңейтті; музыкаға монотематизм (музыкалық шығарманы бір ғана тақырыпқа құру) үдісін енгізді. Ұлы пианист фортепианодағы жаңа симфониялық трактовканы негіздеп, өзінің фортепианолық пьесаларымен транскрипцияларында фактуралық айымдаудың жаңа үрдістерін қолданды. Ф.Лист көптеген симфониялар (Дантенің “Құдіретті комелиясына”, 1855-56, Гетені “Фаустына” 1854-57,) мен 13 симфониялық поэманың ( “Орфей” 1854; “Прометей” 1850-1855; т.б.), сонаталардың, фортепиано мен оркстрге арналған концерттердің, этюдтер мен пьесаладың, романстар мен әндердің авторы.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар