ХХ ғасырдың шетел музыка мәдениеті | Qazbrand.info

20 ғасырда Австрия музыкасы идеялық және көркемдік жағынан дағдарысқа ұшырайды. А.Шенбер және А.Берг, А.Веберн сияқты шәкірттері бастаған атональды музыканың жақтаушылары – экспрессионистер тобы шығады. Австрия музыкасынан түрлі бағыт-мектептер байқалады. Х.Елинек, Х.Э.Апостель формалистік ағым өкілдері болса, И.Н.Давид симяқты композиторлардың творчествосы арқылы католиктік шіркеу музыкасы дамиды. Ірі суреткер композиторй.маркс классикалық дәстүрді одан әрі жалғастырса, А.Уль, О.Зигль, М.Рубиндердің творчсетвосы реалистік сазға негіделген. Австрияның Вена мен Грацтағы опера театрлары, симфониялық оркесті, түрлі концерттік қоғамдары мен хор ұжымдары көптен бері жұртшылық назарын аударып отыр. Қазіргі Австрияның ең ірі музыкалық орталығы – Вена қаласында музыка мен сахнөнерінің академиясы, консерватория, опера және симфониялық оркестр, камералық оркестр, “”музыка достарының қоғамы т.б. осы сияқты оқы орындарымен ұжымдар, түрлі музыкалық қоғамдар бар. Вена музыкалық конгресспен түрлі байқаулар мен фестивальдер өтетін орынға айналды. Мұндай байқаулер мен фестивальдер Зальцбург, Брегенц қалаларында өтеді. Австриядан көптеген даңқты дирижерлар мен пианистер, скрипкашылар мен виоленчелистер, әншілер шықты. Австрия музыкасы Европа мен Америка елдерінің кәсіби музыкасының дамуына елеулі әсер етті.

Тәуелсіз Чехословакия республикасының құрылуы (1918) чех пен словак музыка мәденитінің өркен жаюына қолайлы жағдай жасады. Осы кезеңде музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан композиторлар Л.Яначек,В.Новак, И.Сук, И.Ферстрер, О.Острчиль, дирижер В.Талих, хор дирижеры Ф.Вах т.б. болды.

Чехия музыкасының дамуына авангардтық театрда тығыз байланыста болған композиторлар творчествосы (Е.Ф.Буран, Я.Ежек т.б) игілікті әсер етті. 20 ғасырдың бас кезінде чех музыканттарының қатары жаңа буын өкілдерімен (О.Острчил, В.Новак, О.Недбал, Й.Ферстер) толықты. 20 ғасырдың бірінші жартысындағы чех музыкасының биік атыға көтерілуі композитор Л.Яначек есімімен тығыз байанысты. Белгілі музыкант-орындаушылары: дарижер Й.Сук, скрипкашылар; О.Шевчик, Ф.Лауб, Я.Куелик, виоленчельші Г.виган, әшілер Э.Дестинова, Б.Ферсте-Лаутерерова; музыка ғалымы әрі педагог З.Неедлы есімімен кең тараған.

Испан музыкасы. Композитор, музыка қоғамының қайраткері Ф.Педрел есімімен тығыз байланысты. 20 ғасырдағы Батыс Европа классикалық музыканың елеулі жетістігі, қазіргі испан музыкасының шыңы болды. 20 ғасырда шыққан спан пианистері – Х.Турина, Р.Виньес; скрипкашылары – П.саресате – и – Наваскуэес, Х.Манен; виоленчельшілері – П.Касальс, Г.Касадо; гитарашылары – Ф.Таррега, М.Льобет; дирижерлар – Э.Ф.Арбос, К.Супервиа т.б.; музыка зерттеушілер – Р.Митхан-иГордан, Ф.Гаскуэ т.б. 1973 жылы испан бишісі Кэти Клавихо мен гитарашы Гарсия Алонсо Алматыда өнер көрсетті.

20 ғасырдағы венгр музыкасының дамуы, өріс алуы З.Кодай мен б.Бартоктың композиторлық және этнографиялық еңбектерімен тікелей байланысты. Ф.Легер, И.Кальман сынды композиторлар оператта саласында үздік көрінсе, камералық-аспаптық музыканың шебері – Л.Вейнер болды. 1945 жылдан кейін Венгряда жаңы музыкалық мекемелер, ұжымдар, оқу орындары құрылды. Венгрияның осы күнгі көрнекті музыка қайраткерлері: композитор – П.Кадоша, Р.Марош; дирижерлар – Я.Ференчик, Я.Шомоди; пианист – А.Фишер; скрипкашылар – Д.Ковач, В.Татран; әншілер – А.Фараго, Р.Илошфальви. Д.Мелиш т.б.

ХХ ғасырдың алғашқы он жылында американ музыкасында әр алуан ағымдардың әсері, тоғысуы байқалады. Бұл кезде Р.Копленд, У.Пситон, В.Томсон сияқты композиторлар шықты. Дүниежүзлік музыканың ең көп тараған түрі – джаз. Ұлы жанрда Л.Армстронг, Б.Гудман,Д.Эллингтон, Э.Берлин сияқты композтиорлар еңбек етті. Американ музыкасының мақтанышы, шын мәніндегі халық композиторы – Дж.Гервшин болды. Ол өз творчествосын Африка-Америка фольклорымен байыта, джаз стиліне түсіре отырып, Американ музыкасына үлкен жаңалық енгізді. Ресейден барған Мэльман, С.Кусевицкий, С.рахманинов, Р.Левина сияқты атақты музыкантттар американ музыкасына үлкен үлес қосты. Л.Бернстайн, С.Барбер, В.Клайнберн сияқты пианистер мен скрипкашылар, М.Андерсон, П.Робсон, Л.Тибетт, Л.Уоррен сияқты атақты әнілер – қазіргі американ музыка өнерінің мақтанышы. АҚШ-та “Метро-политен опера”, “Ситти-опера” театрлары, көптеген симфония оркестрі жұмыс істейді. Музыкалық білім беру университеттердің музыкалық факультеттеріарқылы жүзеге асады. Студенттік оркестрлер, хор, камералық ансамбльдедің өнері кең танылған. АҚШ-та музыкалық фестивальдер өткізетін түрлі музыкалық қоғамдар, ассоциалар бар.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар