ХХ ғасырдың шетел музыка мәдениеті (2-бөлім) | Qazbrand.info

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Франция музыкасында импреесионизм (К.Дебюсси, М.Равель, П.Дюка, А.Руссель т.б.) етек алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мәдениеттің балық саласында түбірлі өзгерістер болды. Музыкада қала тұрмысы ырғағы, күнделікті тіршілік әуені шертілетін “күнделікті” өнерге бой ұру күшейді. Музыкадағы жаңа ағымның көш басында Э. Сати болды. Әйгілі “Алтылық” (Л.Дюрей, Д.Мийо, А.Онеггер, Ж.Орик, Ф.Пуленк, Ж.Тайфер;бұл топтың дем берушісі және әдеби жашысы, ақын, музыка сыншысы Ж.Кокто) жаңа француз мектебінің ұйытқысына айналды. 20 жылдары Сати төңірегіне біріккен жас композиторлар тобы (А.Соге, Р.Дезормьер, М.Жако, А.Клике-Плейель) Аркей мектебінің негізін қалады. Осы тұста композиторлар Ж.Ибер, А.Жоливе, Л.Дютийенің есімі белгілі болды. 1935 жылы Парижде прогрссшіл француз музыканттарының басын бііктірген халық музыка федерациясы ұйымдастырылды. 1936 жылы “Жас Франция” тобы құрлыды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басқа елдердегі сияқты әртүрлі авангардтық ағымдар кең тарай бастады.

Француз музыка өмірі қаурыт дамуымен ерекшеленеді. Мұнда тамаша симфониялық оркестрлер бар. Ірі қалаларда музыкалық театрлар жұмыс істейді. “Гранд-опера” мен “Опера комик” театрлары мемлекеттік опера театрлары бірлестігіне кіреді. 1954 жылы “Ұлы театры” ашылды. 20 ғасырда француз музыканттарының есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Таңдаулылары: дирижерлар: Р.Дезормьер, А.Клюитенс, И.Маркевич, Ш.Мюнш; пианистер Р.Казадезюс, М.Лонг, Скрипкашылар Ж.Тибо, З.Франческатти; виоленчельшілер М.Маршал, П.Фуренье, органшылар Ш.Видор, М.Дюпре т.б.

Француз музыка мектепері жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.Ұлттық консерватория және жеке еншікті Схола канторум мен Эколь нормал (қалыпты музыка мектебі). Сорбоннада музыкалық бөлімше жұмыс істейді. Францияда көптеген фестивальдер мен халықаралық байқаулар өткізіліп отырады.

20 ғасырдың бас кезінде «Жас Польша» атанған композиторлар тобы поляк музыка мәденитін өркендетуге елеулі үлес қосты. Соғыс аяқталысымен ПХР – де соц. Мәдениет орнату шаралары жүргізіле бастады. Муз. Театрдарлың жұмысы жаңа бағытта жүргізілді. 1945 жылы Поляк композиторларының одағы құрылды. ПХР-де (1974) : 21 симф. Оркестр, он опера теарты, тоғыз оперетта театры, жеті жоғары, жүз жиырмаға тарта орта және бастауыш муз. мектеп жұмыс істеді. Қазіргі муз.орындаушылары: дирижерлер В.Ровицкий, Х.Чиж., Я.Кренс. т.б; пианистер Г.Черни- Стефаньска, Б.Хессе-Буковская, А.Харасевич т.б; скрипкашылар В.Виргомирская., Т.Вроньский т.; әншілер Б.Папроцкий, А.Хьольский, К.Шепаньская т.б. «Мазовще» және «Шленск» деп аталатын ән-би ансамбльдер көпшілікке танылған.

Дебюсси Клод Ашиль – француз композиторы, пианист дирижер, музыка сыншысы. 1872-84 жылдары париж консерваториясында фортепианода А.Ф.Мармонтельдің, ал композициядан Э.Гироның класында оқыды. 1881-82 жылдары Ресейге келіп кетті. «Адасқан ұл» кантатасы үшін Рим сыйлығын алды. Творчестволық стилінің ерекшелігі – көңіл күйдің поэтикалығында, оркестрлік үн бояуының жаңашылдығы мен әсемдігінде, гармониялық тілінің әрлі, тембрлі трактовкасында. дебюсси музыка импроссионизмнің неізін салушы. Оның музыкасында импрессионизмге тән образдар бұлдырлығы, лад динамикасын әлсірету мақсаты байқалады. Соған қарамастан Дебюсси музыкасы өзінің көркемдік жетістігі жағынан прогрессшіл роль атқарады. 1 опера («Пеллеас пен Мелизанда»), 3 балет, вокалды-симфониялық шығармалар, оркестрлік циклдер, аспаптық ансамбльдер, фортепианолық пьеасалар, 12 этюд, 50-ден аса романстар жазды.

Равель Морис Жозеф – француз композиторы, Оксфорд университетінің құрметті докторы. Париж консерваториясын бітірді. А.Жедальж бен Г.Фореден сабақ алды. Равель творчествосына Э.Шабрие, Э.Сати,К.Дебюссидің , Н.А.Римский-Корсаков пен М.П.Мусоргскийдің әсері болды. Равел өз шығармаларында импрессионизм принцптерін дамытты. әсіресе фортепианоғаарналған «Су сыбдыры», «Түн белгісі» шығармаларында, «Данфиспен Хлоя» балетінде толық көрінді. Раевлдің кейбір туындылары Испания әуендеріне бой ұрады. Сондай-ақ кмпозитор ескілікті және қазіргі билерге, джаздық ырғақтарға көңіл бөлді. Музыка декламация саласында да еңбек етті. Мысалы, Ж.Ренардың сөзіне жазылған дауыс пен фортепианоға арналған «Табиғи тарихтар» атты шығармасы, «Испандық бір сағат» операсындағы вокалдық партиялар т.б. Равелдің музыкалық ойды баяндау тәсілін жеңілдетіп, ұлттық музыканың негізні принцптерін берік атады. Нәзіктік пен саздылық, талғампаздық, әуен мәнерлілігі, ырғақ сындарлығы, форма сымбаттылығы – Равель музыкасына тән қасиеттер. Пианист әрі дирижер ретінде концерттер берді. 1928 жылы АҚШ – та өз шығармаларына дирижерлік етті. Ол-Дебюссимен қатар 20 ғасырдағы Францияның көрнекті композиторы.

Рихард Штраус – неміс композиторы әрі дирижеры. Музыкант жанұясында туған. Композиция теорисын Ф.В.Мейербердің басшылығымен оқыды. Штраус 1885 жылы Мейнингендегі оркестр капелласында, 1886-198 жылдар Мюнхенмен Вейма, 1898-1918 жылыБерлин және 1919-1924 жылдарыВена опера театрларында дирижерлік етті. 1933 ылы Берлиндегі Империя музыалық камерының пезидентіболды. 1947 жылға дейін концерттік-диижелік қызмет атқарды. Гастролдік сапарменкөптеен елдерде болды. Штраус 14 операның ( “Саломея”1905, “Электра” 1909, “НаксостегіАриадна” 1912), 4 симфонияның (“Альпі симфониясы” 1915), “Италиядан” атты симфониялық фантазиясының, балеттердің ( “Иосиф туралы аңыз”1914), 6 программалықсимфониялық поэмалардың ( “Дон Жуан” 1888, “Макбет”1889, “Батырдың өмірі”), фантастикалық вариациялардың (“Дон Кихот” 1897), концерттедің, камералық аспаптықшығармаладың, хр, әдердің авторы. Ол Ф.Лист пен Г.Берлиоздың программалық симфонизмі дәстүрін, Р.Вагнердің оркестрлік тәсілін және творчестволық үрдісін онан әрі дамытты. Штраустың симфониялық шығармалары бейнелі музыа тілімен, әрі өткір бейнелей тәсілімен ерекшеленеді. Штраус – опера және симфониялардың диижерларының көрнекті өкілдерінің бірі. Гейдеьберг университетініңқұрметті докторы, Белиндеі Өнер академиясының мүшесі.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар