XVIII ғасырға дейінгі орыстың музыка мәдениеті | Qazbrand.info

Киев Русінің музыка мәдениеті шығыс славян халықтарының мұрасына саяды. Алуан түрлі музыкалық аспаптар мен билеп жүрген скоморохтар бейнеленген Киевтегі София сосборы фрескалары ежелгі музыкалық мұраның таңдаулы үлгілеріне жатады. Кәсіби музыкасының дамуына музыкалық фольклоры(салт-дәстүр әндері, қаһармандық, лиро-эпостар, тарихи әндер т.б.) елеулі ықпал жасады. Кобзарьлар мен лирашылардың, сондай-ақ аспаптық және би музыкасының (гопак, козачки, коломыйки) Киев Русінің музыка мәдениетін дамытудағы ролі зор болды. Ұлттық музыкалық аспаптары (кобза, бандура, лира, скрипка, басоля, сопилка, трембита, цимбалы, барабан, бубен. 16-17 ғасырларда шіркеулік музыка мен ақсүйектер музыкасы (псалма) өріс алды. 18 ғасырда тұңғыш «Украин симфониясы» (авторы белгісіз) дүниеге келді.

Орыс музыкасының төркіні шығыс славян тайпаларының музыкасына саяды. Діни әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты туған ән-әуендер негізінен пентатоникалық немесе ладқа құрылады. Бертін келе өз алдына жеке жанр болып, кең тынысты, еркін иірімді лирикалық халық әні пайда болды. Киев Русі кезеңінде қаһармадық эпос жанры дәуірлеп, бірнеше бөлімді былиналар туындады. Бұл дастандар белгілі бір әуенмен орындалады. Ежелгі орыс феодалдық мемлекетінің құрылуы мен байланысты сарайлық және қоғамдық музыка өріс алды. Байырғы жазба ескерткіштері мен археологиялық қазбалардан табылған ежелгі мұралардан аспаптық музыканың ертеден келе жатқандығын аңғаруға болады. Көне музыкалық аспаптары гусля, гудок, сопель, свирель, цевница, бубналар т.б. Әскери сапқа тұры немесе мемлекеттік салтанаттышерулерде кернейлер мен мүйіздер және накралар (литавра іспетті аспап) қолданылды. Зиялылар музыка мәдениетін уағыздаушылар негізінен скоморохтар болды. Олар шіркеу қудалауына қарамастан халық арасына кең танылды. Христиан дінін мемлекеттік дін ретінде қайбылдаумен байланысты Ежелгі Русь кәсіби музыка өнерінің бірден-бір түрі – шіркеулік ән етек алды. Шіркеулік әннің өзіндік ұлттық түрі 16 ғасырда қалыптасты. 17 ғасырда оның сан ғасырлық даму барысындағы теориялық негіздері бір жүйеге түсіріліп, крюк жазуы (осы кезеңдегі ноталық белгінің бірі – крюк атымен аталған) жетілдірілді. 17 ғасырда өмірге келген көзқараспен идеологияның өзгеруіне орай жаңа музыкалық формалар (партестік ән, кант т.б.) туды.

18 ғасырда музыка дін шылауынан босанып қоғамдық және мәдени өмірден орын ала бастады. Опера театры пайда болып, осы ғасырдың соңында көпшілік концерттері көрсетіле бастады. Бұл жаңа формалар алғаш феодалдық ақсүйектер қызықтайтын ойын түрі болса, кейін жалпы көпшілік арасына кең тарады. 30 жылдары сарайлық италиян операсы ұйымдастырылды. 50 жылдары Москва мен Петербургте шетелдік опера антреприздері пайда болды. Ресейде белгілі италиян композиторлары Б.Галуппи, Т.Траэтта, Дж.Паизиелло, Дж.Сарти, Д.Чимазора қызмет етті. 1780 жылы Мәскеуде Петров театры ашылды. 1783 жылдан Петербургтегі музыкалық спектакльдер Тас (Үлкен) театр сахнасында көрсетілді. 18 ғасырдың екінші жартысында М.С.Березовский, Д.С.Бортнянский, В.А.Пашкевич т.б. бастаған орыстың композиторлық мектебі қалыптасты. Тұңғыш музыка жинақтары (В.Ф,Трутовский мен И.Прачтың жинақтары) жарық көрді. 18 ғасырда ән мен қара сөз араласып келетін опера түрі (М.М.Соколовскийдің «Диірменші – сиқыршы, алдамыш құда»т.б.) дүниеге келді.

18 ғасырда дүниежүзі мәдениетінің тарихына үлкен идеялық және тарихи қоғамдық қозғалыстар дәуірі болып феодалдық монархиялық бастаулармен діні догатизммен шиеленіскен күрес үстінде енеді. 17-18 ғасыр арасында өте мәнді өзгерістерді бастан кешкен орыс мәдениеті жаңа кзеңді бастады. Орыс өнері жалпы европалық даму жолына өтіп, бірте-бірте ортағасырға тән «схолистикалық» көзқарастан босана бастады. 18 ғасыда орыс өнері зор табыстарға жетті. Мұның айғағы ретінде Ломоносов, Державин, Радинцев, Крылов т.б. сияқты орыстың көрнекті жазушыларының есімдерін айтуға болады. 18 ғасыр ақсүйектік діни мазмұнсыз музыка ауызша дәстүр саласынан шығып, жоғары кәсіби өнерге айналды. Орыс мәдениетінің гүлденуі орыс қоғам өмірінің барлық саласындағы өзгерітер мен І Петр реформалары мен байланысты еді. І етр реформалары Ресейдің мәдениетін және қоғамдық өмірінің барлық құрылысын өзгертіп жіберді. 18 ғасыржағы орыс мәдениетінің дамуына халық арасынан шыққан орыс музыканттары, композиторлары, опера әртістері үлкен үлес қояты. Олардың алдында қиын міндеттер тұрды. Олар ғасырлар бойы жиналған Батыс Европаның музыка байлығын меңгерулері, нота сауатын ашуы, жаңа аспаптар мен музыка өнерінің тарихи қалыптасқан жанрларын иегрулері қажет еді. 18 ғасырда орыс өнері үш кезеңге бөлінді.

  1. І Петр реформаларына байланысты.
  2. 30-60 жылдардағы дәуір.
  3. 18 ғасырдың аяғы.

І Петр дәуірі ақсүйектік музыканың жаңа түрінің дамуына жол ашты. Қолданбалы музыканың қарапайым жанрлары әскери, стол басындағы, би өнері т.б. пайда болды. Әскери музыка І Петрдің әскери реформаларына байланысты пайда болды. Полк оркестрін ұйымдастыру үшін шетелдерден флята, гобой, труба, волторна т.б. үрмелі аспаптар алынып, аспаптарда ойнауды үйретуге шетелден тәжірибелі музыканттар алынды. Өте кең тараған би жанрлары менуэт, полонез, вальс, англез т.б. европалық би үлгілері еді. Олар орыс жерінде тамырын берік жайды.

І Петр кезеңінде Ресейде театр өнері дами бастады. Спектакльдің бәрі музыкамен сүйемелденді. 18 ғасырдың 30-60 жылдардағы дәуірі ұлттық сана сезімнің және ұлттық мәдени дәстүрдің өсуімен есте қалады. Дүние жүзіне әйгілі болған бірінші орыс ғалымы Ломоносовтың еңбегінің маңызы зор балды. 1755 жылы Мәскеу университетінің ашылуы орыс мәдениетінде елеулі оқиға болды. Мәскеу университеті тек театр өмірінің ғана емес, музыка өнерінің белгілі орталығы болды.

Дмитрий Бортнянский 1751 жылы Глухов қаласында дүниеге келді. Оның музыкаға деген ықыласы 6 жасында байқалады. Ол өте күшті,таза дауысқа ие болатын, әнді қатесіз таза дауыспен орындайтын. Бірнеше айдан кейін Дмитрийді ән ектебіне оқуға береді. Мұнда ол жеке әнші ретінде таныла басайды. Ол бұл жерде оқып жүріп аспапта ойнау мен композиция класынанда білім алады.

Бортнянский жасөсіпірім кезінде балалардың негізгі дауысы дискантқа ие болып, қатысушы балалардан ерекшеленіп тұратын. Таза дискант хор үшінөте қажет еді. 1758 жылы жазда таңдалып алған әнші балалар Петербургка барады.

Бұл кезеңдерде Ресейді италияндық музыка жаулап алған. Барлық жерлерде италиялық маэстро, басылымдарда – италнияндық таңдау, орындау манерсаныдада – италияндық техника қолданылатын. Музыка тілінде де – италиян тілі пайдаланылған.

Венецияның атақты капельмейстрлер Галуппи Буронелл кішкентай әншімен танысып, Италияға алып кетеді.

Бортнянский мұнда оқи жүріп контрпунктпен айналысып, клавесин мен органда ойнап венеция театрына қатысатын.

Жас музыканттың білімі кәсіби дәрежеге жетті. 1776 жылы Сан-Бененияда Ресей келген музыканттың антикалық сюжетке құрылған «Креонт» атты операсы қойылды. Жас композитордың антикалық сюжетке жазылған тағы екі операсы Италия сахнасында қойылды. Бұл операның премьералары Венецияда өтті. «Квинт» операсы Моденде өтті.

1786 жылы «Празднесво сеньеора, комедия с ариями и балетом» атты операсын жазды. Мария Федоровнаның либреттосына жазылған «Сокол» операсын жазды. Кейіннен италиян операсының мотиві негізінен «Алкид» операсын жазды.

«Соколдың» премьерасы 1786 жылы 11 қазанда қойылды. Бұл опера декорациясы, музыкасы жағынан көп жетіктікке жетті. Бортнянскийдің Павлов театрында жаңа және соңғы «француздық» үлгіде жазылған «Сын – соперник, или Новая Стратоника» атты операсы қойылды. Бұл орыс композиторының опера буффаның көптеген элементы байқалатын опера–серия жанрында жазған операсы. Бортнянский Ресейге қайтып келген соң хорға арналған концерт жазуға өзінің бар күшін жұмсады. Хорға арналға концерт ең соңғы ғасырдың үздік жанрларының бірі болды. Концерттер алғаш рет шіркеулік қызмет көрсететін жерлерде орындалды. Кейде үлкен сатанатты меерекелік шерулер мен кештерде де орындалатын. Бортнянский, европалық және ресейлік мәдениеттің негізінде хордың негізгі формасын іздеп тапқан. Бұл орыс хор музыкасының жаңа белестерінің бірі болған.

Ол 50-ден аса үрмелі хорға арналған концерт жазған. Оның әр концертінде халық әндерінің әуені сезіліп тұратын. Мұнда «Вдоль по улице метелица метет», аңызға айналған «Камаринская» және т.б. концерттері бар.

1796 жылы әншілер капелласының жетекшісі болып тағайындалады. 1804 жылы 1 қыркүйекте Бортнянскийгеакадемикатағы берілді.

Композитордың өмірінің соңғы 30 жылы ежелгі шіркеулік әндер мен атақты хорға арналған концерттерін жазумен өткен.

Бортнянский Ресейдің кантата жазушыларының бірі. Бұл ерекше музыкалық жанр компоизторға оңай келмеген. Кантата жазу үшін атақты ақындардың күрделі шыцғармалары болуы тиіс. Ресейлік ақындарда мұндай шығармалар сирек кездесетін. Әртүрлі кантаталарды өзіндік ерекшелігімен Г .Р.Державин ғана жазған болатын.

Бортнянский Италияда алған білімінің арқасында музыкалық жанрлар, кантатаның бірнеше түрлерін дамытты. Ол Ресейдің атаулы күндерінде, мерекелерде орындалатын антаталар жазды. Мысалы, А.А.Строганова үшін «Любителю художеств» немесе «Сретение Орфеем солнца» үшін «Беседы любителей русской словестности» атты кантаталары бар. Бұл кантаталардың барлығы Державиннің сөзімен айтқанда «бөлме үшін» жазылған. Оның әлеуметтік-саяси деңгейде жазған «Возведи окрест взор, Россия» атты кантата-хоры да бар.

Орыс мәдениетінің тарихы мен орыс музыка өнеріне композтиордың атақты шығармасының бірі «Певец во стане русских воинов». Бұл шығармасында Бортнянский өзі туралы айтқан. Бұл шығарма композитордың ең соңғы шығармасы. Димтрий Степанович Бортнянский 1825 жылы 27 қыркүйекте қайтыс болған.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар