Музыканың қоғам және жеке адам өміріндегі маңызы | Qazbrand.info

Музика – адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі, нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың жақсы мінез–құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Өсіп келе жатқан жас буын, жас ұрпақтың рухани байлығының іргетасы қалай қаланса, мемлекеттің болашағы, өмірге деген ынта-жігері сондай болмақ. Қоғамның даму үрдісі қандай болса, мектептің сана деңгейі де сондай болатыны бесенеден белгілі! Өркениеттілік мектеп балаға, бала-мектепке деген көзқараспен өлшенеді.

Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Музыка өнері-әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып асқақты күйімен өрбіп, дамып отыратын көптеген ғасырлық үнінің жемісі. Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің, қимыл іс-әрекетінің образды бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адам сезімінің қабаттастырып, әсерлі дыбыстардың ұйқасы арқылы үндесу әуезді жиындығы. Музыка әлемінде тіршілік ететін адамзаттың немесе адамдар игілігіне қызмет жасайтын бүкіл өмір мен оның құбылыстардың өзара қарым–қатынаста сырласа үндесуіне сезімге жеткізіп отыратын құрал.

Жеке тұлғаны жан-жақты білімді, өнерлі етіп тәрбиелеуде адамгершілікке, жоғарғы сана- сезімді етіп тәрбиелеуде ата-аналар, мектеп қауымы арқылы іске асады. Жастарды өскен ортасын сүюге, халықтар достығы рухында тәрбиелеу, олардың бойына қазақ халқының дүниежүзілік мәні бар тарихи жемісін, халықтар достығының саяси әдісін, өскелең күшін, халықаралық ынтымақтастық принциптерін түсініп, бойға сіңіре білу, ұғындыра білу сияқты саяси-педагогикалық жайлар мен әдістерге баулу керек. Бүгінгі өскелең өмірдің талабы оның көтеріп отырған проблема өзегі ата–ана қауымының педагогика, психология, медицина, этика, эстетика, ғылымының салаларынан дәйекті білім алып, болашақ қоғам мүшесі болатын, жан-жақты білімді, саяси сауатты, өнершіл тұлға болып тәрбиеленуінде ата-ана жоғарғы сатыда орындауға дайын болу керек. Адамды тәрбиелеу ілімі жеке адамды жан-жақты дамуымен қатар, оның дүние танымдылығын, жоғарғы идеялы салалығын еңбекке саналы көзқарастың, адамдық даму принциптеріне берілген.

Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музика да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.

Музыка–эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларынан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар