Музыка мазмұнының дәріптелуі | Qazbrand.info

Музыка өнердің ішіндегі ең күштісі және де жан–жақтысы, ол адам санасына терең еніп, эмоционалды–идеологиялық әсер ететін толық құқықты бірден–бір құрал болып саналады.

Тіршілік әлеміндегі ең жоғарғы ақыл иесі-адам. Ал тәрбиенің аса маңызды құрамы-өнер. Оның ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтитын–музыкалық өнер. Музыка–адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойланған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан–дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағын қабылдайды. Өйткені, «Музыка–жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл–күйдің тілі деп ұққан жөн.

Музыка–шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы этикалық талғамын оятады. Музыка-өнер құралы ретінде эстетикалық тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі. Ол көркем бейне арқылы оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарды шын бейнесін ашуда жаңа ой-өрісін байытып, өмір тәжірибесін кеңейтеді. Музыка – өмірдің бір бөлігі. Оны өмірден алып тастай алмаймыз.

Халық өнерді әрқашан даналық пен ақыл–парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білді. Өнерге тояттаған әр тіршілік иесінің бойынан азаматтық пен адамгершілік қасиеттері әркез табылды. Әр өлең мен күй жолдарында адамзат тарихының ең таза үлгілері түзіліп, жинақталды.

Кезінде қазақ топырағында ұлттық сана, ой, өнер мен тілдің тағдыры қиын кезеңді басынан кешірді. Орталандырылған білім жүйесі қалыптасып, барлық ұлт өкілдеріне бір өнерді, бір музыканы, бір ғана тілді үйрету мақсаты көзделді. Ортақ бағдарлама жазылып, музыкалық әдістемелік нұсқаулар шығарыла бастады.

Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге, музыканы тыңдаумен қатар, оны қабылдау арқылы басқа ғылыми салаларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете білген баланың сезімі жақсы дамыған болады.

Музыканы дұрыс түсініп, тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында ертеден–ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде халық күйі «Ақсақ құлан», Саймақтың «Сары өзені» т.б. көптеген аңыз–күйлерді алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі–осы ата–бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзіне рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Ал, оның түп–тамыры, негізі–музыканы қабылдай білуде жатыр.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу–музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттерінің бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі.

Д.Б.Кабалевский былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату–оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажет шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алады. Ал, музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың музыға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткізем деу–бос әурешілік. Ал музыкану ұнату оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ».

Н.Л.Грозденская балаларға көп түсіндіріп жатудың қажеті жоқ, қайта оларды түсінгендерін айтып беруге талаптандыру керек дейді. Әдетте, балалар музыканы тыңдауды жақсы көреді. Олар нақтылы бір шығарманы қабылдаған кезде, оның басқа шығармалармен сан-алуан қырлары арқылы, музыканың басқа салаларымен, тұтас алғанда, өмірдің өзімен байланысып, астарласып жататындығын байқайды.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар