Музыкалық жанр жүйесі | Qazbrand.info

Жанр-өнер шығармаларының тарих қалыптасқан түрлері. Белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмұны мен түр жағынан үздіксіз дамып отырған жанр өзіне тән кейбір тұрақты белгілерін сақтап келеді. Музыкалық жанр–көркемдік қорытындылаудың аса маңызды құралы. Алғашқы кезеңде музыкалық жанр дәстүрлі көркемдік канон ретінде орын алды. Бұл жағдайда композиторлық стильдік жеке ерекшелігі көрінбеді.ХVІІІ-ХІХ ғ.жанр түсінігі кең мағынада қолданыла басталды.

Қандай болмасын, музыкалық жанрлардың өзіндік ұлттық ерекшелік қасиеттері бар. Қазақ музыка жанрында да өзінің кешегісі мен бүгінгісін баяндайтын ұлттық түрге бояуға бай. Сондықтан да олардың мазмұны өзгеріп жаңарып отырады. өткен өмірдің желісі мен жазылған қайғылы мұң музыкалары қазіргі заманның тілек–мүддесімен үштасып жаңа жаңарған ұлттық тұрге ауысты. Сонымен байланысты оның мазмұны да түріде өзгеріп дамыды.

Жанр музыкалық шығармалардың түрлері деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз Француздар тілінен жалпы халықтың искусстволық сөзге айналды. Жанр деудің орнына түр деп айтылады екен. Музыка негізінде халықтық. Осы күнге әдебиеттерде халықтың музыка деп бір бөлік айтылады да жеке композиторлардың атымен (Шопендікі, Моцарттікі, Бахтікі, Құрманғазынікі т.б.) аталады. Әрине қай музыканы да жеке адам шығарады, сондықтан композитор белгілі музыкалардыда халықтікі (француздікі, немістікі, орыстікі) деп те атасақ орынсыз болмайтын сияқты. Театрларда теледидар, радиоларда диктордың ария, симфония т.б. тыңдаңыздар деген сөзін дәл ұғынып отыру үшін музыка жанрларының аттарымен анықтамаларын біліп алған жөн.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар