Хор-вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы) | Qazbrand.info

Хор жанры халық арасына кеңінен тараған. Хор–әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасқан вокалдық музыка орындаушылар коллективі (ұжымы). Дауыстар өзінің тембрлік және биіктігі жағынан опералық, яғни академиялық, халық әндерін айтатын, эстрада музыкасын айту үшін арналған дауыстар болып бөлінеді. Сопрано-әнші әйелдің ең жоғарғы дауысы. Диапазоны–бірінші октаваның до нотасынан үшінші октаваның до нотасына дейін (кейде ми, соль ноталарына дейін). Сопраноның негізгі түрлері: драмалық, лирикалық және коллоратуралық; меццо-сопрано–орта регистрде шығатын әйел дауысы, диапазоны–кіші октаваның ля нотасы мен екінші октаваның ля нотасына дейін. Бұл дауыс үшін Марфаның («Хованщина») Любашаның («Царская невеста»), Амнерис, Кармен партиялары жазылған. Контрольто–тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел дауысы, диапазоны–кіші октаваның соль нотасы мен екінші октаваның соль нотасы арасында шамамен. Тенор–ер адамның жоғары дауысы, диапазаны–кіші октаваның до нотасына дейін. Лирикалық және драмалық болып бөлінеді. Баритон–ер адамның тенор мен бастың аралығындағы регистрде шығатын қоңыр дауыс, диапазоны–үлкен октаваның ля нотасы мен бірінші октаваның фа нотасы. Бас дауысы ер адамның ең төмен регистрде шығатын жуан дауыс. Жоғары, төмен, сонымен қатар, буфондық (комикалық) бас болып бөлінеді.

Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әртүрлі функция атқарды. ХІV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дуыстардан тұрды.

Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, 4 дауысты түрі қалыптасты. Олар (дауыстар)–сопрано, альт, тенор, бас. Қайта өрлеу дәуірі көп дауысты хор өнерінің аса дамыған кезеңі мадригал. Хор музыкасының аса дамыған түрі–месса. Нидерланд мектебінің композиторлары Дюфай, Окегем, Обрехт, Ж.Депре, Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды.

ХорХVІІ ғасырда пайда болған опера жанрының негізгі компоненттерінің бірі болды. Хор каппелалары дамыды. Осы кезеңде оратория, кантата жанрлары қалыптасты. Пассион, оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанрлар түрінде орын алған.

Глюк опера реформасында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классиктерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор.

Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер дауыстары) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармаларының ыңғайына қарай бірнеше дара партияға бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам, ал кәсіби хор құрамында 40-тан 160 адамға дейн болады. Шағын хор ұжымы камералық хор делінеді.

Хорға арнап бірнеше композиторлар шығармалар жазды. Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д.Бортнянский (ХVІІІ ғасыр)-орыстың классикалық хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М.Глинкамен байланысты. Хордың М:Мусоргский, А.Даргомыжский, П.И.Чайковский шығармаларындағы маңызы өте зор. С.И.Танеев шығармашылығы хор өнерінде ерекше орын алады. Қазақстан композиторларынан хорға арнап А.Жұбанов, Б.Байқадамов, Д.Ботбаев, Е.Брусловский, М.Сағатов, Ғ.Жұбанова т.б. жазды.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар