Музыкалық психологияға кіріспе | Qazbrand.info

Кейінгі кездерде бүкіл әлемде адам “жанын” яғни, психикасын зерттейтін ғылымның өркендегені байқалады. Өнердің қай түрі болмасын адамға немқұрайлы әсер етуі мүмкін емес. Соның ішінде музыканың әсері ерекше. Музыка-адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сзімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Әл-Фараби: “Музыка адам миының көзбен кқөргенде әсер етпейтін ең бір тереңде жатқан бұрыштағы ми талшықтарын қозғайды”. Тірі организмдердің психикасына музыканың әсер етуі турады фактілердің көбею салдарынан XX-ғасырдың соңына жаңа ғылым “музыкалық психология” пайда болды. “Музыкалық психология” жаңа ғылым делінгенімен, оның қайнар көзі ежелден қалыптасады. Ежелгі дәуірде музыканы сұрапыл апатты құбылыс санаған. Элиндер (еж. Греция, халық) флейта мен фрийгилық (нат мин с.м.2) ладтан қорқатын. Музыкаға деген қорқыныш қатты болғандықтан музыканы үкімет өз қарамағына алған.

Ғасырлар бойы ғалымдар музыка үндестігінің маңызын атап келген 20 ғ бүкіл әлемді жаңа ырғақпен өмір сүруіне мәжбүр етті. Сондықтан музыка әлемінде көбінесе жастар, жасөспірімдер тыіңдайтын роу, ауыр рок, металл, поп т.б жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар көпшіліктің (широкой публики) музыкалық талғамын, тұрмыс қалпын және психологиясын анықтай бастады. 70жылдардан бастап музыканың ықпал ету ерекшеліктерін бастапқыда жалпы психология , одан кейін балалар психологиясы, ақыры балалар музыкалық психологиясы зерттеді. Жасөспірімдер психикасына музыканың ықпалын оқып білу үшін, алдымен музыкалық психологияның негізгі ұғымын анықтау қажет.

Музыкалық терапия–ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Пифагорлықтар күннің шығысын, батысын әнмен бастаған. Таңертеңгі ән миды оятып, сергітуге, күні бойғы жұмысқа дайындайды, кешкі ән демалуға, ұйқыға арналады. Мыңдаған жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады. Ұйқысыздық ауруына шалдыққан граф Кастзерлинг (Россядағы посол) өзінің пианисті Иоганн Гольдбергты шақыртып, И.С. Бахтың шығармаларынан ойнатып барып қана тәтті ұйқыға батады екен. И.С. Бахқа риза болғаны соншалық оған граф салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды.

Музыкада бірлестіктің (біріктірудің) қуатты күші бар. Ұлы скрипкашы И.Менухин: музыка аласапыранды үйлесімділікке айналдырады; ырғақ қалай барлық элементті біртұтастыққа әкеліп жинаса, әуен жеке фразаларды біріктіреді, ал үйлесімділік біріктірілмейтінді біріктіреді.Аласапыран, яғни ешқандай жүйесіз белгілі тәртіппен орналаспаған үйлесімділікке, айғай-шу әуенге, сазға алмастырылған кезде, және біз осы музыка арқылы математикалық тепе-теңдіктердің негізінде қалыптасқан табиғаттың жоғарғы тәртіптегі заңдылықтармен ұштасқан кезде кәдімгі қарапайым музыкалық қайталану өзіне белгілі бір бағыт алады, оның шексіз көбейетін элементтері күш алады, ал кездейсоқ ассоциациялар (құрама, одақ) белгілі бір мақсатқа ие болады. Жаңа заман оқу әдістемесі әр түрлі музыкалық элементтерді қолдануды қарастырады. Мысалы: барокко дәуірінің музыкасы мәліметтерді қабылдау және меңгеру барысында ақыл-ой қабілетін күшейтеді. Осы әдістемемен оқитын студенттер шет тілін бар жоғы екі ақ айда меңгеріп алады, әрі оқу процесінен рахат алады. Шейла Острандер және Менн Игредер «Найлучшее обучение» деген кітабында суггестология , софлогия, аутогеника тәсілдері туралы жазады.

Музыканың сенімнің және ырғақтық тыныстың үндестігі оқытушының дауысындағы әр түрлі интонациялармен қолданылады. Өйткені бұл тәсіл оқушыларды локсациялық жиналу (концентрация) күйіне енгізеді. Осындай тәсіл мидың сол және оң жартышарлардың қосымша жұмыс істеуіне әкеп соқтырады және санаасты сезімдердің арақатынастардың жаңа мүмкіншілігін ашады.

Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен) қатар жан мен рухтың бірігуіне ықпал етеді. Оқу барысында пайда болатын шаршау мен жағымсыз сезімдерден арылтады, бағыт-бағдарлы іс-әрекеттерді атқаруына ықпал етеді. Зерттеушілердің байқауы бойынша Бах, Вивальди, Темман, Корелли, Гендельдердің баяу пассаждық шығармаларының ырғақтық қасиеттері қан тамырының соғысын баяулатады, адамды босаңсытып, оның сана-сезімін үйлесімділік күйге әкеледі. Осылайша адам шаршаудан арылады. Осы жаңа әдістер оқушыларды еркін тәрбиелеу мен тиімді оқытудың қомақты бөлшегі болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және барынша ықыластарын арттыру (музыкаға деген көңілін арттыру). Осындай музыканың ырғақтық мүмкіншіліктерін пайдалану әдістері тіл үйрену, спортшыларды жаттықтыру, қатты аурудан (остр боль) айықтыру барысында қолданады. Атақты поляк пианисті Артур Рубинштейн жас кезінде өзінің бірінші концерттік турнесіне (айналып сапар шегу) Америкаға аттанады. Бірнеше ұйқысыз түндерден және теңіз ауыруының бірнеше приступынан (дерт қозу) кейін жоғарғы палубаға бой жазып, серуендеп келу үшін Рубинштейн қапырық, тыншу каютадан шығып кетті. Серуен алаңына шығытын есік жабық болып шоықты да ол біраз пианино ойнамақ болып салонға өтті. Ойын барысында ол өзінің тынысының музыкалық ырғаққа үндесіп, кеменің шайқалуынан қозған аурудың бірте-бірте кете бастағанын байқады. Бұл жаңалығана әбден сену үшін ол салоннан шықпастан ойынын жалғастыра берді. Көп кешікпей теңіз шайқалысынан қорлық көрген жолаушылардың барлығы Рубинштейн ойынын есту үшін музыкалық салонға жиналады. Олардың барлығына сезім әуен біркелкі әсер етті. Әуен естіген жолаушылардың холдері жақсара бастады.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар