Қазақстардың музыкалық оқытудың ауызекі дәстүрі | Qazbrand.info

Музыка тілі сан ұрпақтың шығармашылық қабілетінің туындысы болыа отырып, дамып, жетіліп, халықтың ауызекі шығармасынан көрініс тапты. Халықтың ауызекі шығармашылығынан нәр алмаған, еңбектерінде тәрбиенің халықтық ізгі идеялары көрініс таппаған қазақ ағартушылары, ғалымдары, ақын жыраулары жоқ деуге болады. Олардың ішінде аты әлемге әйгілі Әл-Фарабидің шоқтығы ерекше биік тұрады. Ол өзінің еңбегінде былай деп жазды-“Халықтық музыка жақсы көңіл –күйге, адамгершілік тәрбиеге жәрдемдеседі, тепе-тьеңдікті жоғалтқандардың мінез-құлқын саласына түсіреді және ірі кемеліне келтіреді. Бұл музыка тән сұлулығы үшін де пайдалы, өйткені тән ауырған кезде жан да сөнеді. Сондықтан тән сауықса жан да сауығады, осындай ықпал жасайтын дыбыстардың арқасында оның күш қайраты қалыпқа келіп, оның субстанциясына бейімделеді.”

Халық ақындары, әнші – күйшілері, жыршылары музыкалық және әдеби шығармашылықты таратушылар болды. Қазақ халқының бірден-бір мерекесі олардың қатысуынсық өтпеген. Ал мұқндай жиын тойдаы музыкалық сайыс әнші-күйшілердің орындау шеберліктерін ұштай түсті.

Музыкалық шығармаларды таратушылардың арасында сал-серілер аз болмаған. Олар 15-20 адамнан топталып, ауылдарды аралап, өз өнерлерін жұртшылыққа танытып отырды. “Шынында салдар мен серілер ол заманғы өнардің өкілдері. Бұл күндергі әртістерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да, базарда да, жәрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, әсіресе қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмін мен өнетдің екеуі бірімен бірі қосылып, ұласып кеткен”-деп жазды А.Жұбанов. Оларды жұртшылық қуанышпен қарсы алып, үлкен де кішіде тағатсыздана күтіп отырған. Тіпті олардың көрші ауылға келгенін есіте салысымен тайлы-таяғы сонда ағылып, түн ортасына дейін ән-күй тыңдайтын. Мұндай мұндай музыкалық көріністер адамның жалпы ой-өрісін дамытып талғам тілегін кеңейтіп, қазақ даласының түкпір-түкпірінде туып жатқан ән- күйлермен таныстырып жатқан.

Халықтың музыкалық-әдеби шығармашылығын таратуда отбасының ән-күй, айтыс пен сөзсіз қатар жүретін алуан түрлі ұлттық мерекелердің сауық сайрандардың, ойындармен жарыстардың қосқан үлесі мол. Халықта өздерінің сүйікті әнші-күйші, ақын, жыршы термешілерінің өнерін өте жоғары бағалаған, қай жерде болмасын оларға үлкен қошамет, ілтипат көрсетіп, балалармен жастарды да өнер иелерін силай білуге тәрбиелей білген. Жоғарыда айтылғандардың бәрі халықтық педагогикада пайдаланылған, музыкалық оқудың ауыз екі дәстүрі және бүгінгі таңда музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету әдістемесінде қолданылып жүрген әдістердің алуан түрлі болғанын дәлелдейді. Музыкалық үйрету және тәрбиелеудің өзгешелігі арнайы музыкалық оқу орындарының, нота жазбаларының жоқтығында болатын, өз бетімен үйренген әнші-күйшілерден, ақындардан тәлім-тәрбие алу және белгілі бір өнер түрін игеру, өз шеберлігін жетілдіру үшін көргенімен естігенін ғажап есте ұстау қабілетін дамытудың қажеттілігінде еді.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар