Музыкамен және музыкадағы қабылдау-ойлау процестері | Qazbrand.info

Музыкалық қабылдауды қалыптастыру-маңыздылығы, мақсаты, мазмұны бар музыкалық әрекет. Н.Черноивикенко музыканы қабылдау мәселесіне байланысты «музыкалық қабылдауды қалыптастыру музыкалық тәрбиенің негізгі мақсатарның бірі» дейді.

Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты. Бала кішкентайынан эмоциясына әсер ететін әр түрлі музыканы тыңдайды. Балабақшадағы музыка сабағының жүйелі түрде өтілуіне байланысты балалардың көбіне музыкалық қабылдауының дамуы мектептен басталады.

Баланың классикалық музыканы қабылдауы үшін, тек тыіңдатып қана қоймай аспаптық және вокалдық әндердің жеңіл-оңайын айтқызу керек.

Гродзенская «қиын емес әуенді айту, қабылдау мен түсінудің интонациялық қорын жинайды».

Сахналық шығармаларды қабылдау (опера, балет) телевидение арқасында кеңееді. Музыканы қабылдауға қажетті музыкалық есту, елестетуін (музыка, слух, представление) дамыту тек тыңдау ғана емес, сонымен қатар баланың вокалдыұ импровизациясы (суырып салма) барысында да дамиды. Жақсы педагог, баланың музыкалық дағдыларын дамыта отырып, ең негізгі-музыканың мазмұнын эмоциялық әсерленушілік арқылы тыңдау, сезіммен орындауды тәрбиелеу керек.

Музыкалық қабылдауды дамыту үшін баланың музыкалық талғамын қабылдауға дайындық деңгейін, эмоциялық әсерленушілік дәрежесін білу қажет.

Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, балалардың музыканы тереңірек түйсіну, музыка арқылы беріліп отырған ойды, сезімді түсіну мүмкіндіктерін туғызады.

Музыканы қабылдау баланың рухани өміріне, жақсы мінез-құлық қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Т.В.Нагорнаяның «мектепке дейінгілердің музыканы қабылдауын дамыту» (1985 ж) статьясында «Музыканы қабылдауды дамытудың маңыздылығы-балаларды музыканы сүюге, түсінуге үйретуде »-дейді.

Балаларды оқыту процесі, соның ішінде музыка тыңдату белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау процесінің басқармасы 20 жылдары қандай әдіс-тәсілді ұсынды?

«Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» музыкалық жұмысты ұйымдастыру процесінде педагог музыкалық қабылдауың синтездік (анализге қарама-қарсы логикалық процесс) сипатына жүгінуі керек.

Бала музыканы екі тәсілмен қабылдайды: алдымен сезіммен, терең, орындаудан кейін белгілі бір эмоция пайда болады, одан кейін ассоциация (жүйелік процестер арасындағы байланыстар), сөз арқылы, көру арқылы және маторлы.

Қабылдаудың ассоциациялық тәсілі баланың музыкалық құбылыстың мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Мектепке дейінгілермен жұмыс барысында музыкалық құбылыстарды қабылдау көрнекілік арқылы, көзбне көру арқылы, сөз арқылы жүзеге асырылатынын білдік. 20 жылдар кезеңінің педагогтары музыкалық құбылыстарды ұғыну негізі мазмұны нақты, бейнелі орындау, онсыз балалардың эмоциялық әсерлануі мүмкін емес (Асафьев, Каратыгин, Шеншин).

Әңгімелесу, түсінік беру сұрақтарды дұрыс қою сияқты тәсілдерді қолдану ұсынылды. Бұл әдістерді қолдану барлық педагогтардың ұсынысы деп айту қиын. Сондықтан Б.Асафьев: «өз өнеріне ғашық музыканттың ойынша музыка ұлы маңызды күш болғандықтан өзі үшін өзі тұра алады. Биік дәрежеге жеткен олар шыңына жету қиындығын ұмытып кетеді» дейді.

Музыканы уақыттан және кеңістіктен тыс ойлаудың мүмкіе еместігін Б.Асафьев ерекше көрсетеді. Сондықтан ол туралы әңгіме әр түрлі сфераларды қамти алады: тарихи, қоғамдық, аккустикалық, бірақ балалармен әңгімелесуді қолдану сақтықты талап етеді. Музыка жайлы айтып отырып талдаудың асқан дәлдік деңгейіне өту оңай. Бұл музыкалық бейненің бұзылуына әкеліп соғады.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар