Сөйлеу мәдениеті-жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші | Qazbrand.info

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтарының бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді .Ал жазба әдебиеті пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып әр қилы ерекшелерге толы күрделі тарихы жолдардан өтті .Осы рухани мұра жүйесінің негізгі бағыты дүниеге шенайы түрдегі қөз қарасты ,дінді тану және басқада еркін ойлау процесін, адамдар туралы ілімді насихаттау,тағы басқа мәселе болды. Ақындармен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертегішілер, билер мен серілер, бәрі де өздері өмір сүріп өткен заманының тарихи оқиғаларын, тұрмыс тіршілігін тілге тиек, ойға өрнек етіп жеткізді.Ауызша халық мәдени ескерткішімізді зерттеу халхымыздың танымдық, адамгершілік тәрбие жәнеде дүниеге көз қарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Мәдениет (философиялық тұрғыдан қарағанда) ашық жүйе, негізгі мақсаты- өзін басқаға жеткізу. Мәдениет-халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда адамдардың рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышаны жинақталады. Адамзаттың рухы иен келбеті, оның ерік бостандығы мен өмірлік сабағы, діні мен тілі, ділі мен мұраты осының бәрі мәдениеттпен біте қайнасқан. Мәдениет–дегеніміз адамдардың өзін қоғамдағы, әлеуметтік қатыныстарды жасау процесі. Кейбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүр жүйесіне бірден назарымыз ауады.. «Салт –дәстүр »-дейді белгілі фил. М. Гердер – «тіл мен мәдениет бастауының анасы.»

Мәдениеттің өзекті бөлігі өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамдардың ұлылығын білдіретін ғажап көріністің бірі, оның әсемдікке , сұлулыққа ұмтылуы. «Өнер» деп көркем, шығармашылық процесін айтады. Қазақ мәдениетіндегні алғашқы жүйесін көрсеткен–Жүсіпбек Аймауытов: «Атам заманында табылған өнер, білімінің барлығы сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып , жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр.»

Оқымыстылыр өнерді 5 түрге бөледі :

1 Сөз

2 Суреттшілік (живопись)

3 Мүсіншілік (скульптура),

4 Үйшілік (архитектура),

5 Ән-күй (музыка) .

Сөздің аррықшылығы -өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады,басқа өнер сияқты сөзді суреттей алмайды. Қазақтың «өнер алды- қызыл тіл » дегені терең терең ақыл- тәжірибемен айтылған сөз. Сөз өнерін жете білген Абай қазақ фольклорын «толғауы тоқсан тоғысқан,білгенге маржан інжу маржанға »теңейді .Қазақ мәдениетін тағдыр қысылымынан сақтап қалған құдіретті күштің бірі–ана тілі. Қазақ болашағы оның тілінің тұрмыстық отбосылық деңгейден халық аралық қарым–қатынас, өнер мен ғылымның жоғары бітімінің құралы дәрәжесіне көте алуыменен қатысты .Ана тілі дегеніміз сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын танытатын сол халықтың мәңгілік байлығы.

Қазақ халқы бар тарихын қөшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, жинаған сөз байлығын күй мен жырынбізге жеткізді ; бұл бәрімізге қымбатты бай қазына мұрат. (Ғ. Мүсірепов) Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасаудың, ойдың жарыққа шығарудың құралы. Қандай ойды болмасын біз тіл арқылы жеткіземіз.Әсіресе, біздің қазақ тілімізде сезімімізді жеткізетін мақал-мәтелдер; шешендік сөздер өте көп кездеседі.

Жүйелі сөз жүйесін табар

Жүйесіз сөз иесін табар.

Байлық түбі бақыл

Қазына түбі ақыл.

60 жылдардың аяғында, тіл мәдениеті өнері дүниеге келді. Тіл мәдениеті дегеніміз-тілдік тәсілдің даму жетілу дәрежесі сонымен қатар ол тіл жұмсауда ізеттілік сауаттылық қана емес тілдік тәсілдерді фонетикалық, орфографиялық, марфологиялық, синтаксистік, стилдік құбылыстарды ұқыпты дұрыс қолдану дағдысы. Сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті деген ұгым бір мағынада қолданылады.Тіл мәдениеті ұғымы сөйлеу мәдениетінеқарағанда кең ұғымды қамтиды, яғни бұл адамдардың ең алдымен тілді дұрыс қолдану, сондай ақ бір-бірімен байланыстыра білу, құрастыра, орналастыра білу сөйлеу мәдениетіне қатысты.Тіл мәдениеті жоғары адамдардың әрдайым көз тігетін жарық жұлдызы-әдеби тіл. Тіл мәдениеті ілімінің негізгі мақсаты -әдеби тілде барды дұрыс таңдап, талдап сөйлеуге, жазуға, сауаттылыққа үйрету,тіл мәд-ң сапасын жоғары сатыға көтеру болмақ.

Әдеби тілге қалыптасқан нормалар тән. Халық тілінің байлығы ұшаң теңіз, әр қилы ;онда жалпы халыққа ортақ дыбыс сөз байланыстарды , граматиқалық құбылыстары болуымен қатар, диалектілерде, түрліше айтылып, түрліше ұғылатын сөздер де, бұзылып -құбылып айтылатын граматикалық тұлғаларда бар. Әдеби тіл керегін ауыз екі сөйлеу тілінен алғанда тыңдап, сұрыптап, әдеби елегінен өткізіп алады. Олар көркем әдебиетте газет-журналда, ғылыми–зерттеу жұмыстарында, іс-әрекетімізде дәстүрге айналып, жүйелі қалыпқа түседі, жалпыға ортақ тілдік әдеби нормалар пайда болады.

Музыкалық білім–музыкалық (ноталық) сауаттылықты меңгеру дәрежесіне тікелей бағынышты болғанымен, мұндай сауаттылықты талап ететін музыкалық мәдениет.Оқушылардың музыкалық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты негізгі мәселелерге көшпес бұрын осы мәселелердің ойдағыдай шешілуіне игі ықпал жасайтын екі түрлі принцпке тоқталамыз. Теориялық білімдерімен қатар практика жүзінде кәсіптік шеберліктің қыр-сырларын жете меңгерген болуы керек . Мұғалім ең алдымен балаларды сүйе білуі керек, екіншіден мамандығы музыка мұғалімі болу адамнан үлкен жігерлікпен шеберлікті талап етеді .Себебі ол жан –жақты әрі үйлесімді бала тәрбие жұмысына жауапкершілікпен қарау керек .

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар