Музыкалық педогогикадағы сөйлеу мәдениеті проблемасының зерттелу қалпы | Qazbrand.info

Бүгінгі таңда қызметтің қай саласында болмасын жеке адам творчествосының көрінісіне үлкен маңыз беріліп отыр. Творчество ұғымы мектептегі оқу тәжірибесінде, сондай ақ тұрмыс жағдайындада қолданылады. Әрбір музыка пәнінің оқытушысының творчествосы мен творчестволық процесс(оқытушының әр сабақтағы іс-әрекеті, қызметіне байланысты қаншалықты жанашырлық әкеле алуымен бағаланса керек). Алайда творчестволық ізденістің бағыты, мүмкіншілігі шексіз. Әр оқытушы белгілі бір оқу программасына сүйене отырып, сонымен бірге өзінің ойлары мен сезімін көрсете білгені, яғни өз пайымынан өткізе білгені керек.

Заманымыздың көрнекті ғалымдары О.А.Апраксина, Н.А.Ветлугина, Д.Б.Кобалевский, В.Н.Шацкаялар творчестволық ойлаудың қалыптасуында сүбелі орын алатын-өнер, оның ішінде музыка деп есептеді. Б.М.Теплов балалар шығармашылығын зерттей және бағлай отырып, олардың творчествосының ерекшеліктерін анықтайтын үш көрсеткішті айқындап берді.

Б.Я.Яворский балалар шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін әр түрлі музыкалық іс-әрекеттерге сүену керек екендігін ұсынды. Л.Г.Дмитриева өзінің тұжырымдамасында балалардың шығармашылығын дамыту үшін, яғни шығармашылық бейне туралы түсінік, белгілі бір әуенге кіріспе, қарапайым сүйемел ойлап табу дағдыларын қалыптастыру үшін алғашқы кезде бір ғана музыкалық – тағылымдық материалға жүгінген жөн деп санады.

Бұл ретте әрбір тақырыпты ашудың мәні оқушылардың творчестволық қабілетін дамытатын, музыкалық ойлауды жетілдіретін, танымдық қызыушылығын қалыптастыратын, тек бүгінгі күндік емес, болашақтың да кәдесіне жарайтын музыкалық сауат, тиянақты білім беруде жатыр.

Сабақ өткізуде оқытудың қазіргі заманғы әдістері, түрлері мен қүрал-жабдықтары пайдалануға тиіс. Оқушы музыканы жүрдім-бардым емес, бар ынтасымен тыңдауға үйренген жағдайда ғана сабақ ойдағыдай тиімді нәтижеге жеткізген. Оқушыларды ұдайы музыкалық ойлауға, сергек сезімталдыққа, танымдық қызығушылығының қалыптасуына, өзіндік белсенділігін арттыруға тырысуы керек.Бір музыкалық шығарманы бір сабақта талдап, үйретіп қою аздық етеді, сондықтан берілген материалды сапалы меңгеру үшін оны келесі сабақтарда пысықтауға тура келеді. Әр қашан қай кластағы қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұны негізге алып, түсінуді де, ынта ықыласты да, сезімдік құбылыстарды да соған бағыттау керек.Музыкалық сауатты оқытудың методикасы тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуға тиісті. Мектептің міндеті- биік көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсенді араласатын музыкалық білімді адамды дайындау.

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар