Ежелгі Египет мемлекетінде суретті салу әдістері (әдістер, канон) | Qazbrand.info

  1. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын да әлем төсінде көне дәуір өнерінің бастау алып дамыған бірнеше ошақтары болады. Өркениетті көне орталықтар, өнер ошақтары шамамен бұдан 6-8 мың жыл бұрын өмірге келді. Осындай айтулы өнер мен ерте дүние мәдениетінің ордасына айналған аймақтар; Алдыңғы Азия мен солтүстік шығыс Африка, оңтүстік шығыс Азия. Осынау ұлан-ғайыр кең далада бірнеше гүлденген мәдениет пен өнер өркен жайлы, атақтары жер жарған ұлы мемлекеттер өмір сүреді. Атам заманғы тарих тарзысына түскен мемлекеттерге Шумер, Вавилон, Ассирия, Мысыр, Қытай, Иран және евразиядағы кең даланы жайлаған ғұндар мен сақтардың, масагеттердің патшалықтары жатады. Осылардың өнері мен алдыңғы қатарлы мәдениеті кейінгі дәуірлердегі әлем мәдениеті мен өнерінің қалыптасуына үлкен әсер етті. Бұлардан басқа да біздерге әлі беймәлім бірнеше мәдениет орталықтары болғанға ұқсайды.Оларға аты аңызға айналған Атлантида, Батыс жарты шарындағы көне мая мәдениетін қосуға болады.

Әлі күнге дейін аңыздардан ғана белгілі Атлантиданың қайда екенін ешкім де дәл тапқан жоқ , түпсіз мұхит тұңғиығына батқан осынау белгісіз мәдениеттің болған-болмағаны да неғайбыл. Тек болжамдар арқылы өнер зерттеуші ғалымдар мен археологтар үміттерін үзбей, мұхит айдынынан шарқ ұрып іздеуде. Ал мая мәдениетіне келетін болсақ оның көне дәуірдегі белгілері шаң бере бастады . Мексика геологтары атам заманғы пирмиданы тапты. Тексере келгенде, пирамиданы басып қалған жанартау лавасының жасы сегіз мың жылдан асып жығылған, яғни пирамиданың одан да бұрын тұрғызылғанын ескерсек, оның жасы қанша болатыны өзінен-өзі түсінікті. Тек оны мұхият тексеріп, зерттеу алдағы уақыттың үлесі.

Тарихи құжаттарға сүйенсек, Ежелгі Египетте суретпен тек суретші-мамандар ғана емес сонымен қатар мектепте балалар да айналысты, суретпен қатар сызу да өтілді. Мектепті бітіргенде жасөспірім алаңды өлшеп, бөлменің Лекция жоспарыын жасап, каналдың схемасын салып, сызу керек болған. Балаларды сауаттылыққа үйретерде суретке бастапқы роль бөлінді, өйткені иероглифтік хат әріпті жазудан гөрі, әртүрлі заттарды бейнелеуді талап етті. Мәселен, А әрпі-қыран суретімен, Б-адамның аяғының суретмен көрсетілді. Суретте көп көңіл техникалық тәсілге бөлінді. Сурет техникасына үйрету екі бағытпен жүрді. Бірінші жағынан, қол саусақтарының еркін қозғалыс техникасын жетілдірді, тақтайша мен папирусқа сызықтарды еркін, жеңіл жүргізу, екінші жағынан- оқушының саздан жасалған тақтайшаны немесе тасты тырнап сурет салатындай күшті, мықты қолы болуы керек. Мысырлықтар мына бейнелеу материалдарын қолданды: көмір, қылқалам, бояу, металл шрифтер-таяқшалар. Сурет үнемі сызықтық сипатта, түс, түстік-көлеңкесіз болды. Папирусқа суретті көмірмен салып, кейін қылқыламның көмегімен бояу жүргізді. Саз тақтайшада бейнелеу әдісі мен техникасы папирусте орын-дағаннан ерекшеленді.

Мектепке іріктеп алынғанға қарамай оқыту мен тәрбие жүйесі өте қатаң болды: белгіленген ережеден шет кету, ережені дұрыс орындамағаны үшін оқушыны өте қатаң жазалады, тіпті таяқшалармен ұрып соқты.

Ежелгі Египетте біз бірінші рет суретті мектептің оқу пәні ретінде кездестіреміз. Суретке- жүйелі оқытты. Суретші-педагогтарда оқыту әдісі мен жүйесі бірдей болды, бекітілген канондар мен ережелер бекітілген барлық норманы сақтауды талап етті. Египеттіктер сурет практикасының теориялық негізін енгізгенін айтпай кетуге болмайды. Олар бірінші рет адам мәдениетінің даму тарихында бейнелеу заңдылықтары мен онымен жаңа ұрпақты үйрете бастады. Ежелгі Египетте суретке оқыту қоршаған ортаны, тану зерттеумен емес, схема мен канонды жаттау, үлгілерді көшіру негізінде болды. Суретті салуды үйретерде суретші-педагог оқушыға табиғатты қадағалап, табиғатты зерттеуге қинамады, ол бекітілген шаблон бойынша заттың нормаларының бейнелену заңдылықтарын жаттауды талап етті.

Әлем өнерін сөз еткенде Мысырдың ғажайып өнері басқа аймақтардағы мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Сондықтан да Мысырдың көне мәдени – рухани байлығынан біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері шамамен біздің заманымызға дейін 4-мың жылдықтарда пайда болы. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленуші мемілекеттер біртіндеп өмірге келе бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы ана болып келген берекелі Ніл дариясы енді қанаушы топтардың меншігіне айналды.

Қанаушы топтар дәулеттері тасыған сайын жеке иеліктеріге қожа болып, бір-бірімен қырғи қабақ тай – таласқа түсті. Құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде күшті, ірі тайпалы мемлекеттер құрылды.

Мысыр тарихына көз жүгіртер болсақ, қай дәуірде болмасын ондағы сәулет ғимараттары мен мүсін өнері ажырамастай егіз қозыдай бірге дамып отырған. Гиза пирамидаларын қорғаушысы сияқты айбынды да асқақ Хефрен сфинксіз, Қарнақ Луксор храм ғибадатханаларын алдындағы құдай бейнелі сфинкстер мен түрлі перғауындар мүсінінсіз елестету ешбір мүмкін емес. Олар бірін-бірі толықтырып жарасым тауып тұр.

Мүсін өнерінің ішінде өзінің көнелігімен де асқақ та ауқымдылығымен де Хефрон сфинксі ерекше көзге түседі. Денесі арыстан бейнесінде сомдалып, бас жағы Перғауын Хефрен кейпін елестететін алып ескерткіш негізгі табиғи гранит тастан қашалып жасалынған. Осынау Хефрен мүсіннінен бастау алған Мысырдың монументальды ескерткіш белгілері жан-жақты дамып, бедерлеме өнерде болсын, керегерлік-роспистік өнерде болсын өзінің канондық ерекшелік өлшемдерін қатаң сақтап отырды. Әсіресе бедерлеме, келбеттік өнер туындыларында бейнелеу ағыны ерекше жетістіктерге жетті. Оның біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта жасалған сәулетші Хесердің бейнесінен байқауға болады. Жайдақ-Жадағай ағашқа оймыштап жасаған адам кескіні өзінің шыншыл сұлулығымен сәкестік өлшемдерінің шебер берілуінен дене бұлшықеттерінің әсерлі ырғақты қозғалысымен адамды таңдандырды.

Тастан басқа, ағаштан, фаянс, сүйектерден түйіп түрлі ілгері басты. Әсіресе домалақ мүсін жасау ерістеп, онер шығармаларында (бұрынғыдай тек патшаларды ғана дәріптемей) қарапайым еңбек адамдарын, түрлі қызметшілердің кескінін сомдау дамыды. Сондай өнер туындысының бірі – Әл-Берше ғибадатханасынан табылған қызметші әйелдердің бейнесі. Топтама бейне ағаштан түйінделген.

Егербұрындарықимыл-қозғалыстыбейнелердісомдағандақарадүрсіндеу, арақатынасөлшемдеріонша сақталмай, жалпылама бейнеленсе, (мысалы Каапераның кескіні) ал мұнда тамақ тасыған қызметші қыздардың нәзік денелері, әсем ырғақты қимыл-қозғалысы шыншылдыққа жанасатындай өрнектеліп бейнеленген. Арақатынас өлшемдері, мүсіндердің бір-біріне ұқсамайтын бет-әлпеті, мінез-құлқы — осының бәрінің дәл берілуі сол кездегі мүсіндеу өнерінің үлкен жетістігі еді.

© Дереккөзі

Like this post? Please share to your friends:
Бәрі осында
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: