Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ы. Алтынсариннің өмірі, педагогикалық мұрасы | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

Кіріспе
Әрбір елдің өзіндік тарихы, дәстүрі, тілі болады. Яғни, қазақ халқының дарыны Ғұмар Қараш айтқандай: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды… Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен-өзі белгілі. Әдебиеті жоқ елдің өнері де өркен жаймайды».
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі әдеби білім тұжырымдамасында былай деп көрсетеді: «Әдебиет оқушы зердесіне замана келбетімен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихы. Ұлттық рухани санаға тәрбиелейтін, тіл үйрететін оқушының адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын, әрі реттейтін өмір оқулығы». Демек, әдебиеттің жеке пән ретінде оқытыла беруін қадағалап, оны оқыту әдістерін үнемі дамытып, жандандырып отыру қажет.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту мақсатында білім беру жүйесінде соңғы уақытта біршама жұмыстар жүргізілді. Олар:
• Оқу материалдары қайтадан жаңартылды;
• Білім мазмұны адамгершілікке, ізгілікке, эстетикалық талғамға бағытталды;
• Бағдарламалар тәжірибелік тұрғыдан өткізілді;
• Әдебиетті оқытудың жаңа нұсқалары жазылды;
• Сыныптан тыс оқу кітаптарының сериялары шығарылды.
Әдебиет пәнінің алдына қоятын мақсаты оқушылар санасында ізгілік, имандылық, отаншылдық, азаматтық озық идеологияларды оқушы бойына сіңіру, оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интелектуалдық, оқушыларға оқыту, жеткізу арқылы биік талғамдық оқырмандықты қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Орта мектеп оқушыларына Ы.Алтынсарин шығармаларын оқытудағы ғылыми- әдістемелік негіздің теориялық жағын анықтап және тәжірибеде оған сүйенудің жолын айқындап, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
2. Барлық өмірін ұлты мен ұрпағына арнап өткен Ы. Алтынсаринді жете танытып, оның асыл мұраларын меңгертуге қажет әдістердің жетілу негізін анықтап және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, сол арқылы Ы.Алтынсарин шығармаларын терең мазмұнды ұлттық тұлға қалыптастырудың арқауы ету.
3. Ы. Алтынсарин шығармаларының жас ұрпақты тәрбиеп, тұлға ретінде қалыптастырудағы және олардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялатудағы құндылығы ерекше. Егер Ы. Алтиынсарин шығармаларын орта мектептің оқушыларына оқытудың, оқу тәрбие жұмысында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерінің анықтауға тырыстық.
1-тарау. Ы. Алтынсариннің өмірі, педагогикалық мұрасы.
1.1. Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартыушылық қызметі
Ы. Алтынсарин мұраларының бүгінгі ұлттық мектептер болашағы үшін маңызы зор.
Ы. Алтынсарин-ұлы педагог, ағартушы. Ол тамаша талант иесi.
Қазақ мәдениетiнiң зор ќайраткерi Ы.Алтынсарин 1850 жылы 22 тамызда Орынбор Шекара комиссиясының қазақ балалары үшiн ашылѓан мектепке алѓашќы алынѓан 30 баланың бiрi болып түсiп оқиды. Оқуға алғаш келгенде Ы.Алтынсариннің денсаулығы, сыртқы пiшiнi мектеп басқарушыларының көңілінен шыға қоймай, Ы.Алтынсаринды мектепке алғысы да келмейдi. Бiрақ Шекара бастықтарының алдында айрықша беделi бар Балғожа немересiн мектепке күшпен алғызады.
Ы. Алтынсарин мектепке орыс тiлi, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгiлерi, есеп, татар тiлi сияқты пәндердi және мұсылман дiнi сабағын оқыды.
Халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушысы, тұңғыш педагогi, ақын – жазушысы Ы. Алтынсарин жетi жылдық мектептi бiтiргеннен кейiн -ақ халық ағарту жұмысын таңдады. “Әр iстiң мақсаты туралы ойлаған дұрыс” – деген екен Л. Н. Толстой. Ы.Алтынсариннің мақсаты – қазақ қауымын ояту, “өнер – бiлiм бар жұрттар” қатарына қосу. Бiрақ оның ағарту майданында iстесем деген мақсаты бiрден қолына тимедi.
1860 жылы Ы. Алтысарин Орынбор облыстық басқару мекемесiне тiлмаш болып кiрiп, сонда аз уақыт қызмет iстедi. Тiлмаштық қызмет Ы.Алтынсаринді мүлдем қанағаттандырмады, сондықтан бұл қызметтен босануды көздедi. Қазақ сахарасында бастауыш мектептер ашуға рұқсат сұрап, ол күн сайын облыстық басшы қызметкерлердiң мазасын ала бердi.
1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесi Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұќсат еттi.
Бұл мектептердi ашуға өкiмет тарапынан қаражат берiлмедi және жергiлiктi өкiмет орындары да ешқандай көңiл аудармады, жәрдем көрсетуден бас тартты.
Ы.Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетiмен мектеп ашу дайындығына кiрiстi. Мектеп ашу жолында көп еңбегiн сарп еттi. Ол бұл жөнiнде тиiстi орындардың алдына мәселелер қойды, өз халқын үгiттеумен болды. “Мектеп – қазақтарға бiлiм берудiң басты тұтқасы… , үгiт – мектептепте, қазақ халқының келешегi мектепке байланысты” деп жазды Ы.Алтынсарин.(4,206)
Қараңғы ел ортасынан мектеп үйiн салдырып, оқу жұмысын жолға қою көп жiгер, үлкен ұйымдастырушылыты керек еттi. Көптеген қиыншылықтарды бастан кешiре отырып 1864 жылдыњ 8-шi ќаңтарында Ы.Алтынсарин қазақ баларын оқытуға арналған халық мектебiн ашты. Осында қазақ халқының тұңғыш педагог – ағартушысы Ы.Алтынсарин өзiнiң оқытушылық қызметiн бастады. Ы.Алтынсарин өзi беретiн сабақтары үшiн рухани азық, бiлiм қорын жинастырумен, үзбей оқумен, ойлаумен, ізденумен болды.
Балалар үшiн әңгiмелер мен өлеңдер жазды. Ы.Алтынсарин: “Менiң үлесiме, ең ауыр уақыт тидi, барлығын қайтадан жасап, бұл жаңа бастамаларды халықтың арасына енгiзiп, оларды күшiмiз бен бiлiгiмiз жеткенше ағартуымыз керек” (5,92) деп жазды өз естелiгiнде. Сөйтiп дала өмiрiндегi бүкiл оқу – ағарту жұмысының тағдырын өз қолына алып, оның ұшы – қиыры жоқ iсiн дұрыс жолға қою мiндетi қазақ мәдениетiнiң тарихында алғаш рет Ы.Алтынсарин тәрiздi әрi педагог, әрi шын патриот, азамат ұлдың үлесiне тиедi. А. Линкольн: “Кiм болсаң да, өз iсiңнiң шеберi бол” дейді. Ы.Алтынсарин өз iсiне жан тәнiмен кiрiскен тұлға. Адамзат қадiрi елiне еткен қызметімен өшенеді. Ы.Алтынсарин халыққа қызмет етуді өзiнiң басты мұраты етiп алды. “Пайдалы нәрсенiң бәрiне жаны құмар халқымызға шама келгенше қызмет ету – бiздiң әрқайсымыздың борышымыз” – деп жазды Ы.Алтынсарин.(4,189)
Ы.Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтiп, оны iлгерi алып бара алатын кадрлар даярлауды iрi мақсат етiп қойды. Ы.Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт берудi үлкен арман еттi.
1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды. Облыстық халық ағарту қызметiн атқаруға Ы.Алтынсарин бар жiгерiмен кiрiстi, облыс көлемiнде азаматтық халық мектептерiн шебер ұйымдастыра бастады. Мектептер ашуға кiрiстi. Ол алдымен уездiк қалаларда орыс – қазақ балалары бiрге оқитын, орталық орыс – қазақ училищелерiн ашуды қажет деп тауып, бiрден дайындық жұмысын жүргiздi. Бұл мектептi ашу оңайға соқпады.
Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы 4 уездi аралап, мектеп ашуға халықтан қаражат жыйнады.
Халықтан қаражат жыйналған соң ол мектеп үйлерiн салдырып Торғай облысына қарайтын уездердiң бәрiнде де бiр – бiрден алты жылдық орталық орыс – қазақ училищелерiн ашты.
Осы ашылған училищелерді ашуда Ы.Алтынсарин: «Менің бел байлаған, ойым қазақ уездерінің өз ортасынан, неғұрлым тезірек бір – екі кластық орталық мектеп ашып, оның негізін берік қалау, оның әдемі, таза мектеп ету, сөйтіп, қазақ балаларына тәрбие беру жөніндегі жұмыстарымызда мектептің лас болуы, қабырларының дымқыл болуы, бөлмелерінің тар болуы, пешінен иіс шығуы, балалардың аш болуы, суыққа тоңуы, оқу құралдарының жеткіліксіз болуы және халық мектептерінің көпшілігіндей, оқытушыларының сауатсыз болу сияқты кемшіліктерді кездестірмеу» — деп жазды.(1,209). Мектептерде оқу жұмысы болсын, тәрбие жұмысы болсын, жабдықтау жұмысы болсын – бәрінде үлгілі сатыға қоюға тырысты.
Ол орталық орыс – қазақ училищелерінің жанынан көрнекті кітапханалар ашуға үлкен мән берді. Бұл ашылатын кітапханалар тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, жалпы халық үшін де ашылулары керек, бұлардан жұрттың бәрі де кітап алып оқуға ерікті болуы керек деп ұйғарды. Өзінің 1883 жылы 15 қыркүйекте жазған бір хатында, ол: «Мен Торғай облысындағы мектептердің жанынан оқытушыларға және оқушыларға арналған кітапханалар ашпақшымын. Бұл кітапханалардағы кітаптармен тек оқушылар мен оқытушылар ғана пайдалану үшін емес, сонымен қатар, мектеп бітіріп қырда жүрген, жалпы сауатты адамдар да білімдерін өз бетімен көтере берулері үшін пайдалы кітаптар және оқу құралдарын тауып алуларына мүмкіндік туғызу мақсатымен ашылады»,(1,108) — деп, бұл кітапханаларды ашудағы мақсатын айқын көрсетті.
Ы.Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды да арман етті.
Ы.Алтынсарин қазақ қыздарын оқыту, сөйтіп, оларды мәдениетке және қоғамдық өмірге тікелей тарту мәселесінде де феодалдық ескі әдет – салттарды батыл ығыстырып, әлеуметтік маңызы зор істерді жүзеге асыруға өз үлесін қоса білді. Ол Ырғызда 18 адамдық орны бар училищесін ұйымдастырып, тұңғыш рет қазақ қыздарын оқуға тартты . Бұл сол кездің өзінде үлкен жетістіктердің бірі еді.
Ағартушы, педагог Ы.Алтынсариның шығармашылық өзегі – оқуға, өнерге шақыру. Білімдіге ұстаз болудан бас тартпай, білменгенге шәкірт болуға ұялмай, қиын да, адал еңбектен жүрексінбеу керек екенін насихаттады. Оқу – білімсіз халықтың ертеңі – бұлдыр, көкжиегі – тұман деп білді. Өнер – білімге қолы жеткен халық қана ақты қарадан ажырата алады деген пікірге келеді.
1.2.Ы.Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасы бізге негізінен «Қазақ хрестоматиясының» төңірегінде жетті. Ол бұл еңбегін: «татар тілінде жазылған кітаптан құтылу үшін жаздым»(4,102) дейді. Бұл әдеби еңбегінің діни идеяларға қарсы нағыз демократиялық мақсатта туғанын танытады. Хрестоматияның пайда болуы, халықтың сол дәуірдегі рухани мұқтаждығына да байланысты еді. Ы.Алтынсарин: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс – қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар жалпы халықтардың оқуына, жарайтын кітап бола алуын көздедім»(4,243) – деген сөздерінен-ақ бұл еңбектің құндылығы анық көрінеді.
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» тұңғыш рет орыс алфавиті негізінде 1879 жылы Орынборда басылып шықты. Кейін ол 1889, 1896, 1899 жылдары «Мухабат» деген атпен біраз қысқартып, араб алфавиті негізінде басылды. 1906 жылы А. Васильевтің редакциясымен едәуір толықтырып, орыс алфавитімен тағы жа жарияланды.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский мен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгісінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» төрт бөлімнен құралады: бірінші бөлім — өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім – үлкен кісілер турасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім – ел әдебиеті нұсқаларынан: әртүрлі өлең-жырлардан; төртінші бөлім – мақалдар мен мәтелдерден құралды.
«Қазақ хрестоматиясына» сөз басында автор: «Ең алғашқы рет жазылып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның, мүмкін кейбір кемшіліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет…..

© Курстық жұмыстың толық нұсқасы

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: