Курстық жұмыс: Экономика | Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштері | Qazbrand.info

Курстық жұмыс: Экология | Халықаралық ұйымдардың жаһандық - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі әлемдік тәжірибе және Қазақстан | Qazbrand.info

МазмұныКіріспе.——————————————3
I. Шағын және орта бизнестің мәні, өмірлік циклі және оны басқарудың ерекшеліктері
1.1. Шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлері———— 5
1.2. Шағын және орта бизнестің қаржылық менеджментінің объектісі, ерекшеліктері————— 8
1.3. Шағын және орта бизнестегі қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі——————- 12
II. Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1. Кәсіпорынның өтімділігін, төлем қабілеттілігін талдау.——————— —15
2.2. Шағын және орта кәсіпорын үшін инвестициялық жобаны талдау——— 17
III. Шағын және орта бизнестің дамуын басқарудың қазіргі мәселелері және оларды шешу жолдары——————-23
Қорытынды———————————————————————————— 26
Қолданылған әдебиеттер—————————————————————— 28

Кіріспе
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі, қаржылық басқару (менеджмент) т.б. осы сияқты ұғымдар ене бастады. Сол жылдарда кәсіпорындардың барлығы дерлік жекешелендіріліп, халық кәсіпкерлікпен айналыса бастады.
Әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құраушысы кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экономиканың маңызды сфераларының бірі болып саналатын шағын кәсіпкерлікті қолдау ерекше мағынаға ие. Ол жұмысбастылардың аздығымен, үлкен емес капитал сыйымдылығымен, қиын емес басқарушылығымен сипатталады. Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтумен әр түрлі жекеменшік формадағы шағын және орта кәсіпорындарды құру қажеттілігі туды. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің барлық формаларын қолдау мен ынталандыру Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады және мемлекет экономикасын кризистен шығаруға көмектесуі мүмкін. Шағын бизнес көптеген дамыған елдердің экономикалық негізі болды және қоғам дамуының көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде шағын бизнес оның дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті. Ол барлық экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта кластың табыстарының көзі болып табылады. Сонымен қатар, жалпы экономикалық кеңістікті құру процесі, Европадағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Солтүстік Америкадағы даму схемасы шағын бизнеске жол қояды. Шынымен де, Европалық Одақта шағын және орта кәсіпорындар микроэкономикалық деңгейде жұмысбастылықтың 90 % құрайды және барлық жұмыс орнының 75 % береді. ЕО-та жұмыс жасайтын 15,7 млн. кәсіпорындардың 99 %-і шағын және орта бизнес болып табылады. Үлкен үлесі Испанияға (74 %), Италияға (69 %) және Ұлыбританияға (67 %) келеді. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда, Германияда, Италияда шағын және орта кәсіпкерлік секторына бар мемлекеттердің кәсіпорындарының 90 %-тен көбі жатады. Осы мемлекеттерде шағын кәсіпорындар үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40-60 % келеді. Салыстыру үшін Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі 2000 жылы ЖҰӨ-нің 15 %, 2001 жылы ЖҰӨ-нің 20 %-н құрайды.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикамызда шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Бірақ, қазіргі кезде Қазақстанда шағын бизнестің өніп жетілуінде көптеген қиыншылықтар жоқ емес. Олардың көбісі нарықтағы бәсекеге төтеп бере алмай өз жұмыстарын тоқтатады. Ал ары қарай жұмыс жасау үшін керекті қаражаттарды банктер жоғары тәуекелге барғысы келмей беруге қорқады. Мұның бәрі неде? Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің дұрыс ұйымдастырылмағанында жатыр. Біз шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің мәнін, ерекшеліктерін талдай отырып, оның даму перспективаларын анықтауға тырысамыз.
Осы жұмыстың негізгі бөлімінде шағын бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлерін, оның қаржылық менеджментіндегі мәселелерін, ерекшеліктерін, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелді болмауы үшін оның төлемқабілеттілігін, қазіргі таңдағы шағын бизнес кәсіпорнының мәселелерін талдап жеке-жеке қарастырамыз.
I. Шағын және орта бизнестің мәні, өмірлік циклі және оны басқарудың ерекшеліктері
1.1. Шағын және орта бизнес кәсіпорнының қаржылық параметрлері
Кәсіпорын нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті болып табылады. Фирма дегеніміз – бұл бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында тауар мен қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым. Кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен анықталады. Соған сәйкес барлық ұйымдар коммерциялық және коммерциялық емес фирмалар болып бөлінеді. Қазіргі таңда коммерциялық жұмыспен көптеген шағын фирмалар айналысады.
Зерттеулерде шағын бизнесті анықтайтын көрсеткіштеріне қарай оған анықтама беріледі. Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.), У.Петти (J.William Petty), К.Моор (Carlos W.Moore) зерттеулерінде шағын бизнесті анықтау үшін келесі критерилерді ұсынған:
1. Бизнесті қаржыландыру бір немесе кіші топтық инвесторлар арқылы жүзеге асырылады.
2. Өзінің маркетингтік программасын жүзеге асыра отырып, фирмалар географиялық шектеулі зоналарда қызмет жасайды.
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылар саны 100 адамнан аспайды.
4. Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес көлемі шағын деп есептелінеді.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл шағын бизнестің серпінділігі, өндірілетін өнім мен қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында жаңалықтарды ендіруге тез қабылдауға икемділігі және т.б. Енді ірі және шағын бизнес кәсіпорындарын салыстырып көрелік:
Кесте 1. Ірі және шағын бизнестің салғастырмалы талдауы *
№ Критерилер Ірі бизнес Шағын бизнес
1 Өндіріс және қызмет көрсету саласы Өндіріс, энергетика, отын-энергетика кешені Өндірісті қамтамасыз етушілер, сауда, қызмет көрсету саласы
2 Шығарылатын өнімнің сипаты Үлкен өндіріс Кіші сериялық немесе жеке өндіріс
3 Жаңалықтарға икемділігі Икемділігі аз Ірі бизнеске қарағанда 24 есе артық
4 Стратегия өзгерісі 6-10 жыл 0,5-1 жыл
5 Қызмет ету сферасы Үлкен қалалар және өндірістік кешендер Үлкен де, кіші де қалаларда
6 Жаңа жұмыс орындарын құру Жаңа жұмыс орындарын құру темпі едәуір төмен Жұмыс орындарын құру темпі жоғарырақ (3 есе)
7 Басқару құрылымы Өте үлкен басқару құрылымы Басқарудағы икемділік, басқару аппаратындағы жұмысшылардың минималды саны
8 Регистрация және кәсіпорынды құру Едәуір қаржылық шығындар және регистрацияның ұзақ процедурасы Бастапқы шығындар мен регистрациялық талаптардың минималдылығы
Қандай кәсіпорын болмасын барлығында басқару жүйесі болады. Басқару жүйесі жүйелік және жағдайлық тәсілдердің келесі қағидаларында құрылуы қажет:
— толық шаруашылық және өндірістік тәуелсіздік;
— кәсіпкерлік қызмет түрлерін еркін таңдау;
— қоршаған орта мен нарық қажеттіліктеріне стратегиялық бағыт-бағдар жасау;
— қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесі мен потенциалының инновациялық бейімделуі;
— нарық талаптары мен инновациялық қайта қалыптастыруға байланысты басқару құрылымының органикалық түрде дамуы;
— өзін-өзі дербес қаржыландыру;
— ұйымның міндеттеріне сәйкес, экология мен табиғатты пайдалануға сақтықпен қарау, ресурстарды ұтымды пайдалану;
— нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес жүйенің бейімділігі, сенімділігі, икемділігі мен оперативтілігі.
Кәсіпорын дұрыс жұмыс жасау үшін оның алдына қойған жоспары, яғни стратегиясы болу қажет. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорынның сыртқы ортада жүзеге асыратын, атап айтқанда, тауарлық, баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы қағаздар нарығындағы іс-әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету, сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорынның ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Қазіргі кезде күнде әр түрлі кішігірім фирмалар ашылып, ал кейбіреулері бәсекеге төтеп бере алмай жабылып жатады. Осы шағын бизнестің нарықтағы өмірлік циклін қарастырайық.
Шағын бизнестің өмірлік циклі – бұл кәсіпорын қызметінің мәнін құрайтын тауардың өмірлік циклі. Шағын кәсіпорынның өмірлік циклінің негізгі төрт кезеңін бөлуге болады:
I кезең – ғылыми зерттеулер, технологияны және тауардың коммерциялық схемасын жасау.
II кезең – тауар өндірісін бастау және оның нарыққа шығуы – бұл кәсіпорынның бірінші қадамы.
* Е.С. Стоянова. Финансовый менеджмент. Москва. 2000 г.
III кезең – тауардың коммерциялық табысы – бұл кәсіпорынның жетілген кезі.
IV кезең – тауар нарығының құлдарауы.
Бұл схема екі маңызды сұрақты тудырады:
• Тауардың өмірлік жолымен бірге кәсіпорынның өмірлік жолының бітпеуі үшін не істеу керек? Мүмкін, ол үшін деградацияланатын тауарлардан бас тартып және сол уақытқа дейін жаңа тауарлардың шығарылымын дайындау керек шығар. Мұндай істер операциялық талдау көмегімен жасалады. Мұнда басты тезис: бір емес, бірнеше тауарларға қойылым жасағанда рентабельділіктің шегі төмендейді және табыстылықтың керекті деңгейі жеңіл жетіледі.
• Шағын бизнес кәсіпорнының өмірлік циклінің әрбір кезеңінің ерекшеліктері қандай (қаржылық саясатта есепке алуға керекті ерекшеліктер)?
Сонымен, бірінші кезеңде табыс нөлдік, ал зерттеуге, еңбекке ақы төлеу және басқа да шығындарға ақша қаражаттары табыстармен жабылмайды. Анықсыздық жоғары, яғни тәуекел де: тауар өндірісі мен коммерциализациясы ұзақ уақыт интервалында үлкен инвестицияларды қажет етеді. Көптеген зерттеушілер тәуекелдің дәл осы кезеңде өте жоғары екендігін айтады.
Екінші кезеңде, егер өзіндік және тартылған құралдыр жеткіліксіз, шығындардың жартысын жаппаса, онда көптеген кәсіпорындар мұны көтере алмас. Бірақ, егер тауар өндірісі мен өткізу алға басса, онда шығындар тез өседі, ал табыс онша емес. Бұл кезеңнің негізгі мәселесі: айналым құралдарын қалай тиімді басқару, сонымен бірге сыртқы қаржыландыруды алуға ынталану (мұнын өзі жоғары тәуекел жағдайында жасау оңай емес) керек.
Үшінші кезеңде, кәсіпорын коммерциялық табысқа жетеді. Қаржы-шаруашылық жағдайы жақсара түседі. Қаржы ағымы шығынды жаба алғандықтан, оң мағынада болады. Енді кәсіпорында өндірістік және коммерциялық мәселелер туындайды: сауда тораптарын құру, реклама жасау және т.б. Мұнын бәрі қаржы ресурстарын қажет етеді. Бірақ тұрақты қаржы жағдайы бар кәсіпорынға банк несиесі ретінде сырттан қаржыландыру көздерін алу оңай. Кейбір кәсіпорындар АҚ-ға айналуды мақсат қойып, акция шығаруды ойластырады.
Төртінші кезеңге түспеу үшін кәсіпорындар жаңа тауарларды өндіріске ендіріп, өңдейді. Бұл кезеңде стратегиялық ойлай, алдын ала оның шарттарын жасай алатын кәсіпорындар ғана жеңе алады.
Атақты ғалым Дж.К.Ван Хорн «кеңеюге бағытталған шағын компаниялар» жөнінде: «Экономиканың өсіп жатқан секторындағы жаңа кәсіпорындар әрқашан кіші болып қалатын бизнестің дәстүрлі сферасындағы кәсіпорындардан айырмашылығы бар. Жоғары технология саласында – электроника, компьютерлік техника, ақпараттық жүйелер – қызмет ететін фирма шағын бизнестен бастап өсуге мүмкіндігі бар.
Кеңеюге бағытталған шағын фирманың мәселесі – мұны ең тиімді әдіспен жүзеге асыру. Мұндай типтегі компанияларға әр түрлі саладағы стратегиялық шешімдерді шешуге тура келеді: маркетинг, жаңа тауарлар және т.б.(мұның ішінде ең маңызды мәселе қаржыландыру да бар). Жоғары технология саласында маманданған кеңеюге бағыт алған шағын фирмаларда, көбінесе, активтердің өсімі бөлінбеген табыстың өсуін басып озады, міндеттеме осы айырманы жабу керек. Бұл міндеттеме банктік несие формасында және есептесу бойынша кредиторлық міндеттемені қолдану деңгейінің өсуі болады. Тұрақсыз өсу, қарыз көрсеткіштерінің өсуі кредиторларда сұрақтар туғызады. Сондықтан не өзіндік капиталды ұлғайту, не фирманың өсу темпін шектеу қажет.
Сонымен, жоғары технология саласында маманданған шағын фирмалар келесі сұрақтармен жұмыс жасауға мәжбүр: пепрсонал, маркетинг, өндіріс және қаржыландыру, соңғысы басқаларына қатынасы бойынша ең маңыздысы болып келеді. Қысқа мерзімді қаржыландыру көздерін алғанмен, ол үшін кейін төлеу керек, сондықтан тұрақты қаржылық өсу мәселесін ертерек шешу керек немесе кеш болуы мүмкін. Осыдан үлкен фирмаларға қарағанда кіші фирмалардың банкрот болуының саны көбірек».
1.2. Шағын және орта бизнестің қаржылық менеджментінің объектісі, ерекшеліктері
Қаржылық менеджменттің объектісі – ақша ағыны. Белгілі бір бағыт бойынша ақша құралдарының қозғалысын ақша ағыны ретінде көрсетуге болады. Қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты жоғарлату мақсатында ақша ағынын тиімді басқару қажет.
Ақша ағынын басқару.
1- қаржы нарығындағы құралдарды тарту;
2- ақша құралдары өндіріске инвестицияланады;
3- шаруашылық қызмет нәтижесінен алынған ақша құралдары;
4- алғашында мобильділенген құралдар үшін төлем түрінде қаржы нарығына қайтарылған ақша құралдары;
5- өндіріске қайта инвестицияланған ақша құралдары;
6- қаржылық салымдарға бағытталған ақша құралдары;
7- салықтар.
Кәсіпорын ашық жүйе секілді сыртқы ортаға тәуелді. Көрсетілген схемада бұл қаржы нарығы мен мемлекет.
Ірі және шағын бизнесте бұл объектілердің көлемі әр түрлі болады.
Енді шағын және ірі бизнес кәсіпорындарының арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктеріне келейік.
Ірі және шағын бизнес арасында айырмашылықтар бар. Үлкен бизнесте жүретін принциптер шағын бизнесте жұмыс істемеуі мүмкін. Сондықтан оларды қайтадан қарап шығу керек. Ең маңызды айырмашылықтар ресурстарға, жол, мақсаттарды қою, алып келетін тәуекелдер және өтімділік деңгейінде жатыр.
• Шағын кәсіпорындарға қаржы және ақша нарықтарына кіру өте қиын: акция эмиссиясы жайлы сөз болуы да мүмкін емес, ал несие алу оның қымбаттылығынан, кәсіпорындарда несие тарихының жоқтығы мен кәсіпорындардың тәуекелді қаржылық жағдайынан болмайды. Бұл шарттарда тек менеджердің қабілеттілігіне, өнертапқыштылығына ғана сүйенеді.
• Шағын кәсіпорын өзіне акция курсын, капитализация (акцияның қосынды курстық бағасы) көрсеткішін және дивиденд деңгейін максималды етуге мақсат қоймайды. Шағын бизнес бағасы қаржылық нарықпен жариялы түрде бағаланбайды, және оны анықтау өте қиын, бірақ шағын бизнес иелері кәсіпорынның нарықтық бағасын максимизациялауға қызығушылығы бар: ерте ме, кеш пе олар акция шығарып, биржалық котировкалардың жолына түсуді армандайды, ал кейбіреулері үлкен компанияларға қымбатырақ «сатылғысы» келеді.
• Үлкен компанияларға қарағанда шағын бизнесте деңгей де, тәуекел иерархиясы да өзгеше. Кішігірім фирма иесінің тағдыры мен әл-ауқаты оның табыстылығымен немесе табыссыздығымен тікелей байланысты. Шағын бизнес иесі өз жұмысына әрбір тапқан тиынына дейін жеке инвестиция жасайды, яғни ол акция ұстайтын және әр уақытта өз акциясын сата алатын акционерге қарағанда тәуекелі жоғары. Жоғары тәуекел және отбасы бюджетінен ақшаның тікелей кетуі табыстылықтың жоғары деңгейімен орны толады ма?
Ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын бизнес кәсіпорнының өтімділік деңгейі төменірек көрсетілген.
Көрсеткіш Көрсеткіштің орташа мәні
Шағын бизнес кәсіпорындары Үлкен кәсіпорындар
Айналым және өтімділік көрсеткіштері
• Ағымды өтімділік коэффиценті (ағымдағы активтер/ағымдағы пассивтер)
• Дебиторлық борыштың айналымы (түсім/дебиторлық борыш)
• Қор айналымдылығы
• Негізгі активтердің айналымы (түсім/негізгі активтер) 2,00
Рентабельділік көрсеткіші
• Таза коммерциялық маржа (таза табыс/түсім) 10,91% 9,20%
Құралдар көздерінің құрылымының көрсеткіштері………..

© Курстық жұмыстың толық нұсқасы

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: